Сабақ тақырыбы Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі142,97 Kb.
#90790
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4.Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесіНұсқа 2

Жаңа сабақты түсіну
Мақсаты:тік бұрышты координаталар жүйесін салуды және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табуды үйрету.

  1. Оқушыларға 2-тапсырма беріледі.

1) Түзу сызыңыз, оның бойынан О нүктесін белгілеңіз. 2) Бірлік кесіндіні таңдап алыңыз.
3) Түзудің бағытын көрсетіңіз. 4) О нүктесінен осы түзуге перпендикуляр түзу жүргізіңіз. Оның бағытын көрсетіңіз.
Тапсырманы орындап болғаннан кейін, мұғалім тақтада 1-суретті көрсетеді.
2 – сурет
Мұндай өзара перпендикуляр координаталық түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды.
1 минут ойланып, тік бұрышты координаталар жүйесіне өзіміз анықтама беріп көрейік.
Бірнеше оқушылардан тік бұрышты координаталар жүйесіне анықтамасы сұралады. Оларға қолдау көрсетіледі. Сосын төмендегі мәтінді оқу ұсынылады.
«Тікбұрышты координаталар жүйесі» видео-көрсетілімін тамашалайды.
Видиедан не байқағаныңызды жаз. Өз қорытындыңызды айтыңыз.
3-тапсырма.
Оқушыларға мәтін таратылады.
а) Мәтінді оқу.
б) Мәтін бойынша екі сұрақ дайындаңыз.
Мұғалім: оқушылармен бірге тікбұрышты координаталар жүйесін салудың критерийлерін талқылап, құрастырады.
Жеке жұмыс.
Тапсырма 4.
Координаталар жүйесін салыңыз. Содан соң жұпта жұмыстарымен алмасып критерийлер бойынша бір-біріңізді бағалаңыз.
Сыныппен жұмыс.
Тапсырма 5.
Берілген шахмат тақтасында орналасқан бірнеше фигуралар көрсетілген. Осы фигуралардың шахмат тақтасындағы (горизонталь торкөз, вертикаль торкөз) орнын анықтаңыз.

Тапсырма 6.
Мұғалім бөлме ортасына орындық қойып, оқушыларға бөлмедегі басқа заттардың қалай орналасқанын (орындықтан қанша қадам оңға/солға; орындықтан қанша қадам алға/артқа) айтуды сұрайды. Екі жағдайда да орналасу реттелген сандар жұбымен анықталатынын талқылайды.
Егер берілген жазықтыққа координата жүйесін енгізсе, онда оқушыларды жазықтықтағы нүктелердің орналасуын реттелген сандар жұбы арқылы көрсетуге болатынын түсінуге жетелелейді.
Сергіту сәті (2 минут).
Барлығымыз орнымыздан тұрамыз!
Егер мен дұрыс тұжырым айтсам қолымызды жоғары көтереміз, ал бұрыс болса екі жаққа созамыз:
Тапсырма 7.
а) (2;2) нүктесі 3-ші ширекте жатады(оқушылар қолын екі жаққа созады); 
б) (0;3) нүктесі ОУ осінің бойында жатады (қолдар жоғары); 
в) (0;0) нүктесі координата басы деп аталады (қолдар жоғары);
г) (–7; –2) нүктесі бірінші ширекте жатады (қолдарын екі жаққа созады); 
д) х осі абсцисса деп аталады (қолдар жоғары); 
е) (4;–-4) нүктесі 4-ші ширекте жатады( қолдар жоғары)
ж) координаталық ширектер екеу (қолдарын екі жаққа созады).
Өзіндік жұмыс.
Тапсырма 8.
«Сиқырлы сандық»
Сиқырлы сандықтың ішінде барлық ережелердің басы мен жалғасы араластырылып беріледі.
Оқушылар ереженің басы мен жалғасын сәйкестендіреді.
Мұғалім қадағалайды, сұрақтар қою арқылы есептің дұрыс шешімін табуға бағыттайды.



Қосымша 2.


Қосымша 3.
Оқулық:
Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы
Т.А. Алдамуратова,
Т.С, Байшоланов,
Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. – 224с.

Қосымша 4

Сабақтың соңы

37-40 мин







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет