2.Білімді өзектендіру: Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру; координаталық жазықтық ұғымын меңгерту. Сыныппен жұмыс.
Тапсырма 1.
Тік төртбұрыш жазық фигура. Оның ұзындығы горизонталь бағытта орналасса, ені вертикаль бағытта орналасады.
Сурет 1.
Демек, жазықтықта дененің өлшемдерін табу үшін, санақ басы болатын, О нүктесінен горизонталь бағыттағы ығысуын және вертикаль бағыттағы ығысуын білу қажет. Онда нүктенің жазықтықтағы орны неше санмен анықталады деп ойлайсыздар?
Оқушылар өз ойларын айтады. Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.