Сабақтың басы
|
Жаңа топ құру
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Келесі ойын – телефон. Қатысушылар бірнеше топқа бөлінеді. Ұйымдастырушы неше топ болса, сонша жаңылтпаш дайындап әкелуі керек. Ойыншылар бірінің артына бірі қатарға тізіліп тұрады. Бірінші тұрған адамға жаңылтпаштарды сыбырлап айтасыз. Барлығы толық естіген соң, топтар ойынды бірге бастайды. Әп дегеннен жылдамдатып артында тұрған адамға жаңылтпашты сыбырлап айтып жеткізуі керек. Қай топ бірінші аяқтап және қатесіз айтса, сол топ жеңімпаз атанады. Жаңылтпаш қатардың соңына дейін жеткенше, сан құбылып, бастапқы қалпынан мүлде өзге сөздер шығады.
Қалпақтар арқылы топқа бөлінеді. Оқушылар қалаған қалпақтарын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.
|