Сабақ тақырыбы: Лексикология. Практикалық сабақ мазмұны


Қазақ тілінің сөздік құрамы мен негізгі сөздік қоры



бет2/2
Дата25.04.2022
өлшемі16,74 Kb.
#140767
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Қазақ тілі 4

2. Қазақ тілінің сөздік құрамы мен негізгі сөздік қоры

Тілдің негізгі өлшемі - сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз - тілдің құрамының ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халықа ортақ сөздер жиынтығы.


Тілдің негізгі сөздік қоры - тілдің сөздік құрамының ең тұрақты бөлігі.Сөздік қор тілдегі сөздерді ғасырлар бойы сақтап отырып, тілдегі жаңа, туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйытқы болады.
Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі – өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да көркем тіл. Ресей ғалымдарының «Қазақтың жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады»(Радлов), «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл- қазақ тілі»(Маслов) деп, тамсана таңырқағанын, бұл тілдің айтқыш та айшылықтығын, сұлу да сұғылалығын есімізден шығармауға тиіспіз. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудағы басты міндеттердің бірі- қазақ тілінің байлығын, көркемділігі мен бейнелілігін жас ұрпаққа таныта отырып, сөзге тапқыр, сөздік қоры мол, тіл байлығы жетілген жеке тұлға тәрбиелеу. Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы дүниені танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің, басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады.
Балалар жасының әр кезеңінде әр түрлі сөздер дамиды. Үш - жеті жасқа дейін - мың сөз, бастауыш сыныпты бітірген оқушылар сегіз- он бес мыңға дейін жаңа сөз үйренеді. Күніне орташа есеппен алғанда бес-сегіз жаңа сөз үйренеді, негізгі әдебиет жанрларымен танысады; өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз тіркестерін қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге үйренеді.

Оқушылардың тілін дамыту мақсатын шешуде:


- Біріншіден, оқушылардың меңгерген сөзі, сөз байлығы қаншалықты дәрежеде екендігін;
- Екіншіден, оқушыда сөз байлығын, сөз қорының аз болуының себебін, өзіндік ерекшелігін;
- Үшіншіден, тілін байыту мен дамытуда тиімді әдіс- тәсілдерін алдын-ала анықтап белгілеу керек;
Психологтардың айтуынша, оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында жүргізілген сөздік жұмысының әдістемесіндегі басты талап – сөзбен балалар санасындағы бейнені түрлі жолдармен үнемі ұштастырып отыру. Өйткені сөз бала санасындағы нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды. Сөздердің мағынасын ашып түсіндіру тәсілдері алуан түрлі. Оның ішіндегі бастылары:
- Затты табиғи жағдайда бақылау немесе оны сыныпта көрсету, саяхат ұйымдастыру;
- Заттың өзін немесе суретін көрсету арқылы сөздердің мағынасын ашып түсіндіру;
- Синоним сөздер қолдану: «Қандай сөздермен ауыстыруға болар еді? Басқаша қалай айтар едік?» сияқты сұрақтар қою арқылы синоним табуға оқушылардың өздерін қатыстырып отыру;
- Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы түсіндірген жөн. Мысалы: тетелестері сөзінің түбірін табу;
- Сөздерге анықтама беру арқылы түсіндіру: аэродром - ұшақ ұшып, қонатын алаң;
- Абстракциялық ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар, фактілер келтіріп, әңгіме айту. Мысалы: батырлық, қамқорлық, қайғы, адамгершілік т.с.с.
- Жаңа сөздің мағынасын түсіндіруде техникалық құралдарды қолдану;
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары:
- Сөзді оқушылардың күнделікті өмірімен байланыстылығын ескеру;
- Үйретілген сөздердің жеңілділігі;
- Бастауыш сынып оқушыларының ұғымына сөз мағынасының сай келуі;
- Сөздерді оқылатын тақырыптарымен байланысты таңдап алу;
- Сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескеру;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет