Сабақ тақырыбы: Логопедияның мақсаты мен міндеттері. Сабақ түрі: аралас Оқыту әдісі: лекция, сұрақ-жауап, тест



Дата25.08.2017
өлшемі113,65 Kb.
#26591
түріСабақ
Сабақ жоспары


Топ













Күні












Пән аты: Логопедия негіздері

Оқытушы: Сағынтаева Жанна Сағынтайқызы

Сабақ тақырыбы: Логопедияның мақсаты мен міндеттері.

Сабақ түрі: аралас

Оқыту әдісі: лекция, сұрақ-жауап, тест.

Пәнаралық байланыс: Жалпы психология, педагогика, тарих, анатомия, физология, этнопедагогика, философия.

Сабақтың мақсаты.

1. Білімділік: Студенттерге логопедия мақсаты мен міндеттері жайлы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: логопедия пәнге деген қызығушылығын ояту, үйлесімді қасиеттерді қалыптастыру керек екендігін, өзбетінше жұмыс істеуге үйрету.

3. Дамытушылық: сөйлеу тіліндегі ақауларын дұрыстауды дамыту.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: лекция материалы, оқулық, плакт, кесте.

Сабақтың құрылымы мен мазмұны.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Мемлекеттік әнұранды орындау. Студенттерді түгелдеу, сабаққа даярлау.

ІІ. Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:

Тексеру әдісі: қайталау сұрақтары



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.

Баланың сенсорлық дамуы – бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т.б. мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын. Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалымдар (Ф.Фребель, М.Монтессори, О.Декроли), сонымен қатар педагогика мен психологияның атақты Ресейлік өкілдері (Е.И.Тихеева, А.В.Запорожец, А.П.Усова, Н.П.Сакулина т.б.)  толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан.

Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері – есте сақтау, ойлау, елестету – қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес.

Балабақшада бала сурет салуға, жабыстыруға, құрастыруға үйренеді, табиғат құбылыстарымен танысады, математика мен жазу негіздерін меңгере бастайды. Суретте бейнеленген затпен ұқсастықты алу үшін бала оның пішіні, түсінің ерекшеліктерін нақты меңгеруі тиіс. Құрастыру заттың пішінін, оның құрылымын зерттеуді қажет етеді. Бала бөлшектердің ара-қатынасын кеңістікте анықтайды және үлгінің қасиеттерін қолдағы матеиалдың қасиеттерімен сәйкестендіреді. Заттардың сыртқы қасиеттеріне ұдайы бағдарсыз табиғаттың тірі және өлі құбылыстары туралы нақты ақпарат алу мүмкін емес. Қарапайым математикалық элементтердің қалыптасуы геометриялық пішіндермен танысудан, көлемі бойынша заттарды салыстырудан басталады.



Баланың мектепте оқуға дайындығы оның сенсорлық дамуына байланысты болады. Кеңестік психологтармен жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, бастапқы оқу (әсіресе 1 сыныпта) барысында балаларда туындайтын қиындықтар қабылдау дәлдігінің  жеткіліксіздігіне байланысты. Нәтижесінде әріптерді жазуда, суретті салуда қисықтық, еңбек сабағында жасаған заттарында дәлдік жоқ болады. Кейде бала ден шынықтыру сабағындағы қимылдарды қайталай алмайтын жағдай болады. Бірақ мәселе тек мұнда емес. Музыкант, суретші, сәулетші, жазушы, құрастырушының табысын қамтамасыз ететін ерекшеліктерінің қатарында сенсорлық қабілеттер маңызды орын алады. Сенсорлық қабілеттің бастауында ерте жаста жежетін сенсорлық дамудың жалпы деңгейі жатыр. Сенсорлық тәрбиелеудің басты бағыты -баланы сенсорлық мәдениетпен азықтандырудан тұрады.

«Сенсорлық мәдениет» ұғымы мектепке дейінгі педагогикаға     М.Монтессоридің жұмыстарының арқасында енді. Бірақ, ол мұндай мәдениетке қол жеткізу үшін баланың сезім мүшелерін заттардың түсін, көлемін, пішінін ажыра білуге жаттықтырып отыру жеткілікті деп санаған. Мұндай көзқарас қате еді,  ол баланың дамуы түбегейлі жануарлар

баласының дамуынан айырмашылығы барын ескермеді. Баланың сенсорлық мәдениеті – адамзат жасаған (заттардың түсі, пішіні туралы жалпыға ортақ қабылдаулар) сенсорлық мәдениетті меңгеру нәтижесі.

Бала өмірде де заттардың алуан түрлі пішіндері, түстері және басқа қасиеттерімен, әсіресе ойыншықтар және тұрмыстық заттармен кездеседі. Ол өнер туындыларымен де танысады: музыка, жазба өнері, скульптура. Әр бала мақсатты бағытталған тәрбиелеусіз осының бәрін қабылдайды. Бірақ егер меңгеру ересектердің педагогикалық басшылығынсыз өзінен өзі болса, ол үстіртін, толыққанды емес болады. Мұнда адамзаттың сенсорлық

мәдениетімен жоспарлы таныстыратын сенсорлық тәрбиелеу көмекке келеді.

Сенсорлық тәрбиелеу кезінде балаларда сенсорлық этоландары туралы –заттардың сыртқы қасиетінің жалпыға ортақ үлгілерінің қалыптасуы үлкен мәнге ие. Сенсорлық үлгілер ретінде қанықтығы бойынша орналасқан жеті түс пайдаланылады.

Сенсорлық үлгілерді меңгеру – ұзақ және қиын процесс. Бұл қандай да бір затты дұрыс атауға үйрену деген сөз емес. Әр қасиет туралы дәл нақты білу керек, және ең бастысы оны әртүрлі заттардың қасиетін әртүрлі жағдайда пайдалана білу қажет. Басқа сөзбен айтқанда, сенсорлық үлгілерді меңгеру – бұл оларды заттардың қасиеттерін бағалау кезінде «өлшем бірлік» ретінде қолдану.

Осы оқулықта пішін, көлем және түсті қабылдау аясында балаларды сенсорлық тәрбиелеу туралы сөз болмақ. Осы қасиеттермен таныстыру балабақшадағы сенсорлық тәрбиелеудің негізгі мазмұнын құрайды. Бұл түсінікті, өйткені дәл пішін, көлем және түс заттар мен құбылыстар туралы көруді қалыптастыру үшін маңызы зор. Пішін, көлем және түсті дұрыс қабылдай білу мектептегі көптеген пәндерді меңгеруге қажет.

Әр жаста сенсорлық тәрбиелеу алдында өзіндік мақсаттар тұрады, сенсорлық мәдениеттің белгілі бір бөлігі қалыптасады.

Бір жас кезінде негізгі міндет балаға заттардсырың қасиеттеріне назар аударуын дамыту, жеткілікті байлықты және сыртқы ортаның алуан түрлілігін ұсыну болып табылады. Балада ұстау қимылдары қалыптаса бастағанда , бұл мақсатқа тағы бірі қосылады- балаға заттың пішіні, көлемі және кеңістікте орналасуына ұмтылу қимылдарын дағдыландыру қажет. Ақырындап мұндай дағдылар бала үшін нақты мән бере бастайды («кішкентай»-бұл бір қолмен ұстауға болатын нәрсе, «үлкен»- екі қолмен, «домалақ»- толықтай алақанмен ұсталады, «төртбұрыш» — затты саусақпен екі жағынан ұстайтын нәрсе т.б.).

Осы кездегі сенсорлық тәрбиелеу – жалпы тәрбиелеудің негізгі түрі. Барлық жаңа әсерлер түсімін қамтамасыз ете отырып, ол тек сезім мүшелерінің дамуына ғана емес, баланың қалыпты тұлғалық және психикалық дамуы үшін өте қажет. Әсерлер түсімі шектеулі болса, балалар жалпы дамуын кідіртетін «сенсорлық ашығуға» тап болатыны белгілі.

Екі-үш жасқа келгенде сенсорлық тәрбиелеудің міндеттері күрделене бастайды. Жас баланың сенсорлық эталондарды меңгеруге дайын емес болса да, онда заттардың түсі, көлемі, пішіні туралы ақпараттар қорлана бастайды. Бұл ұғымдардың әр алуан болғаны маңызды. Бұл дегеніміз-баланы қасиеттердің барлық негізгі түрлерімен – алты түспен (көгілдір түсті алып тастаған жөн, өйткені балалар оны көк түспен шатастырады) , ақ және қара түспен, шеңбер, төртбұрыш, сопақ, тіктөртбұрыш сияқты пішіндермен таныстыру деген сөз.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу тәжірибесінде балаларды екі-үш түспен және пішінмен таныстырып, балалардан оларды есте сақтап, дұрыс атауын талап ету сияқты ескірген беталыс әлі де кездеседі. Қазіргі заманғы зерттеулер көрсеткендей, мұндай оқыту баланың сенсорлық дамуына аз себеп болады, заттардың қасиеттері туралы ақпараттардың аясын шектейді. Онымен қоймай, әртүрлі қасиеттерді жаттау олардың басқа түрлеріне балалар назар аудармайды. Нәтижесінде қабылдаудың өзіндік қателіктері пайда болады: егер бала мысалы, сары түсті білсе, бірақ қызыл сары түсті білмесе, ол қызыл сары түсті қателесіп сары деп қабылдайды.

Балаларды заттардың әртүрлі қасиеттерімен таныстыра отырып, есте сақтауларын және олардың атауларын қолдануды талап етпеген жөн. Бастысы, бала заттардың қасиеттерін олармен әрекеттесу барысында ескере білсе болғаны. Егер ол үшбұрышты «бұрыштама» немесе «шатыр» деп атаса, оқасы жоқ. Тәрбиеші балалармен жұмыс кезінде пішіндер мен түстер атауын қолданады, бірақ мұны балалардан талап етпейді. Балалар мынадай сөздерді түсінсе жеткілікті: «пішін», «түс», «мынадай». Мұнда заттардың көлемімен таныстыру артық. Көлемнің «мүлдем» маңызы жоқ. Ол басқа заттардың көлемімен салыстыруда қабылданады.

Баланың назарын заттардың қасиеттеріне аудару үшін заттармен мынадай әрекеттер ұйымдастырған тиімді: қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін заттарды пішіні, көлемі бойынша  орналастыру керек,  олардың ұқсастығы немесе ұқсамайтынын анықтау керек. Мұны балалар алғашында көзбен орындай алмайды. Сондықтан оларға заттарды пішіні мен көлемі бойынша салыстыру үшін бірінің үстіне бірін қою ұсынылады. Сыртқы салыстырудан балалар біртіндеп көзбен салыстырға ауысады.

Үш жастағы балалар қарапайым өнімді әрекеттерді орындай алады  (мозаика құрастыру, құрылыс материалдарынан қарапайым заттарды жинау). Бірақ ол кезде олар көрген заттар мен  қолданылатын материалдардың қасиеттеріне аса назар аудармайды, өйткені олардың маңызын түсінбейді және оған назар салмайды. Сондықтан балаларды қарапайым тапсырмаларды орындауға үйрету кезінде, әр бала пішін, көлем, түс – заттардың тұрақты белгілері екендігін ұққан жөн. Үш жас кезінде балаларды сенсорлық тәрбиелеудің дайындық кезеңі аяқталады және ары қарай олардың сенсорлық мәдениетті жүйелі меңгеруді ұйымдастыру басталады.

Үш жастан бастап балаларды сенсорлық тәрбиелеуде негізгі орында оларды жалпыға ортақ сенсорлық үлгілермен және оларды пайдалану тәсілдерімен таныстыру тұрады.

Түсті қабылдау аясында сенсорлық үлгілер ретінде хроматикалық (түсті) түстер қолданылады (қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) және ахроматикалық түстер – ақ, сұры, қара.

Хроматикалық түстер спектрде қатаң кезекпен қызылдан күлгінге қарай сәулелік толқынына байланысты орналасқан. Хроматикалық түстер екіге бөлінеді – жылы (қызылдан сарыға дейін) және суық реңктер (жасылдан күлгінге дейін). Әр хроматикалық түстің белгілі ашықтығы және қанықтығы бар. Ашықтық – бұл берілген түстің ақ түске жақындығы, ал қанықтық – оның тазалық деңгейі.

Алғашында балаларда  хроматикалық түстер, ақ және қара түс туралы ақпарат қалыптасады. Алғашқы сәтте түстің жеті түрін емес, көгілдір түсті алып тастап алтауын енгізген тиімді (өйткені тіпті ересектер де көгілдір түсті көкпен шатастырып жатады). Көгілдір түспен танысытруды кейінге қалдырған жөн. Түстермен танысу ашық көк және көгілдір түсті салыстыра отырып ажырата білу мүмкіндігін береді.

Балаларды түс реңктерімен таныстыру кезінде олардың ашықтығы мен қанықтығын жеке қарастырған жөн. Нақты заттарды бояу кезінде ашықтық пен қанықтық әдетте түстің әртүрлі ашықтығын тудыра отырып әдетте өзгереді. Тұрмыста түс реңктерің белгілегенде, олардың ашықтығын көрсетеді (қара жасыл, ашық сары). Сондықтан балалар түстердің ашықтығы бойынша өзгеруін және олардың атауларын меңгерсе жеткілікті. Мұнда тұрмыстағы кейбір түстердің ерекше аталуын ескерген жөн (ашық қызыл- күлгін деп аталады).

Пішін үлгілері ретінде геометриялық фигуралар қолданылады. Сенсорлық мәдениетке тәрбиелеу аясында олармен таныстыру оларды қарапайым математикалық ойлардың қалыптасуы кезіндегі оқытудан айырмашылығы бар. Пішін үлгілерін меңгеру деп төртбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, сопақ, үшбұрышпен таныстыруды айтады. Кешірек сонымен қатар трапеция пішіні енгізіледі. Бірақ барлық жағдайда оны талдамай (бұрыштардың саны мен көлемін, жақтарын көрсетпей), сәйкес пішіндерді тану, оны атау және онымен әрекеттесу керек. Тік төртбұрыш пен төртбұрыш, сопақша мен шеңбердігеометриядағыдай сәйкестірмей, жеке фигуралар ретінде беріледі.

Балаларға таныстыратын геометриялық пішіндер – бұл сопақтар мен бұрыштары әртүрлі (қысқа және ұзын) тік төртбұрыштар, сонымен қатар тікбұрышты, сүйірбұрышты және доғалбұрышты үшбұрыштар. Балаларды оқыту кезінде жазықтық және көлемді геометриялық фигураларды қолдану тиімділігі туралы мәселенің маңызы зор.Көлемді фигураларға қарағанда жазықтық фигуралар жалпыла түрде болады. Олар заттың қабылдауға оңай жағын көрсетеді. Мысалы, шеңбер доп пен тәрелке үлгісі ретінде қабылданады. Бұл дегеніміз сенсорлық тәрбиелеу процесінде пішіндер үлгісі ретінде жазықтық фигураларды қолдануға негіз болады деген сөз. Олармен бірге көлемді фигураларды енгізу (шар, куб және т.б.) тек қосымша қиындықтар тудырады.

Ерекше сипатқа мөлшерлік үлгілер ие. Мөлшер — салыстырмалы қасиет, оның дәл анықтамасы шартты өлшемдер көмегімен жүргізіледі. Бұл өлшемдердің геометриялық пішіндерден айырмашылығы олардың шарттылығында жатыр. Өлшем жүйесі адамдармен белгіленеді, негіз ретінде кез-келген бірлік болуы мүмкін. Өлшемдер жүйесі мен оларды пайдалану тәсілдерін меңгеру – ерекше міндет, ол белгілі математикалық дайындықты талап етеді және мектепке дейінгі оқыту бағдарламасына жарамайды.

Заттың мөлшері әдетте біртекті заттар қатарында орын алуына байланысты белгіленеді. Мысалы үлкен ит – бұл ит, басқа иттерден үлкен және кішкентай пілден қарағанда әлдеқайда кішкентай. Мұнда сенсорлық тәрбиелеу баланың ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты. Арнай зерттеулер көрсеткендей, осындай тапсырма мектепке дейінгі балалар үшін қиын емес. Балаларды сенсорлық үлгілер жүйесімен таныстыруға көшейік. Алдымен балаларды негізгі үлгілермен, кешірек – олардың түрлерімен таныстырады. Тәрбиеші оларды көрсетіп және атай отырып, балаларға әртүрлі үлгілерді салыстыру, бірдейлерін таңдау, әр үлгіні есте сақтауға бағытталған тапсырмаларды ұсынғаны маңызды. Үлгілермен жұмыс барысында балалардан олардың атауын есте сақтау және пайдалану талап етіледі. Үлгілердің әр түрімен танысудың өз ерекшелігі бар, өйткені заттардың әртүрлі қасиеттерімен әртүрлі әрекеттер ұйымдастырылуы мүмкін.Балаларды геометриялық пішіндер және олардың түрлерімен таныстыра отырып, тәрбиеші оларды фигураларды салыстыруға үйретеді. Мөлшер туралы ойларының қалыптасуы заттарды үлкенінен немесе кішісінен бастап тізіп қою арқылы жүзеге асырылады. Бұл кезде алдымен бала үлгілердің жалпы пішіне назар аударады, содан кейін элементтер арасындағы қатынасты сезіне бастайды (әрбір келесі элемент алдыңғысынан кіші немесе үлкен). Балалар меңгеретін түс, пішіндердің негізгі түрлері, мөлшерлердің қатынасы туралы ойлар сенсорлық үлгілер болып табылады.

Бала заттың нақты түсін хроматикалық және ахроматикалық түстертуралы алынған білімдерін пайдалана отырып қабылдауға үйрену керек. Бұл заттардың түсі таза болғанда жеңіл болады, ал түс араласқан, әртүрлі түстер элементтері құрамына енген жағдайда қиынырақ болады.

Мектепке дейінгі балаларға пішіні, мөлшері, тағайындалуы бойынша ажыратылатын, бірақ түстері бірдей заттарды топтастыра білуге үйретеді.

Балаларға заттардың пішінін зерттеуге үйрету қиынға соғады.  Ең алдымен геометриялық фигураларды басқа заттардан бөлу қажеттілігі, оларға үлгі мәнін беру туындайды. Бұған қол жеткізу үшін әр фигураны оған ұқсас заттардың қасына қойып салыстырады, заттар сәйкес фигуралардың қасына топтастырылады. Содан кейін заттардың пішінін сөзбен белгілеу жүзеге асырылады (домалақ, төртбұрыш, сопақша).

Заттарды мөлшері бойынша салыстыру кезінде көзбен өлшеу дамиды. Көзбен өлшеуді жетілдіру үшін балаларға күрделі көзбен өлшеу тапсырмаларын шешуге үйрету керек. Көзбен өлшеудің қарапайым тапсырмасы, үш жастағы бала үшін –көзбен екі заттың ішінен үлкенін немесе кішісін таңдау. Одан да қиынырағы – көзбен «қосу» — мөлшерінің қосындысы үшіншіге тең екі затты көзбен таңдау.

Балалардың қабылдауына ерекше қиындық тудыратыны – құрылымы күрделі түс, пішіндер үйлесімін бағалау.

Балаларда аналитикалық дамытудың ерекше мақсаты: түстер үйлесімін ажырата білу, заттар пішінін бөлшектеу, мөлшерлеудің жеке өлшемдерін анықтау. Осы мақсаттардың негізінде дидактикалық ойындар мен жаттығулар жүйесі жасалған.

Ұсынылған жүйе көмегімен жүзеге асырылатын сенсорлық тәрбиелеудің  әрекеттің өнімді түрлеріне оқыту (сурет салу, т.б.) кезінде жүргізілетін сенсорлық тәрбиелеумен байланысы туралы мәселе маңызды болып табылады. Әрекеттің өнімді түрлері баланың үш жасында қалыптаса бастайды, бірақ осы жаста оқыту маңызды орын алмайды. Сондықтан ерте жастағы балаларға өнімді әрекетті және сенсорлық тәрбиелеу бойынша дидактикалық ойындар мен жаттығуларды шектеудің мағынасы жоқ.

Үш жастан бастап әрекеттің өнімді түрлеріне оқыту жүйелі және жоспарлы сипатқа ие.

ІV. Сабаққа қорытынды жасау. Студенттер білімін бағалау

Үй тапсырмасы: Глоссари. Тақырып бойынша жаңа сөзлерді анықтап, мазмұнын ашып көшіріп жазу. Тапсырма 10 тест сұрақтарын құрастыру.

Оқытушының қолы _____________________



Пән бірлестік төрайымы: ___________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет