Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Мәдени өсімдіктердің және үй жануарларының шығу орталықтары
Қабылдаған: Пусат Пилтен Орындаған:Салыбай Бақтыгүл
Тобы:ЖБЛ-112
Түркістан 2023 ж
Сабақ тақырыбы: "Мәдени өсімдіктердің және үй жануарларының шығу орталықтары"
Сабақ мақсаттары:
Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтарын біледі;
Әртүрлі ортадан шыққан өсімдіктердің және үй жануарлары түрлеріне және олардың шығу тегіне сипаттайды;
Н.И.Вавиловтың зерттеу жұмыстары мен әдістерін талдайды;
Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтарын оқып білу;
Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын айтып бере алады;
Оқушыларға мәни өсімдіктердің шыққан орталықтарын, селекционер – Н.И.Вавиловпен таныстыру;
Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу;
Мәдени өсімдіктердің таралу орталығы - әртүрлі мәдени өсімдіктердің шыққан жері. Мұндай орталықтар болатынын алғаш рет Н.И. Вавилов дәлелдеді. Ол мәдени өсімдіктердің таралу орталығын 8 аймаққа бөлген, олар: Қытай,Үнді, Үнді-Малая,Орта, Алдыңғы Азия, Жерорта теңізі, Батыс, Орталық Мексика, Оңтүстік Америка және Чили Андысы. Орыс ғалымы П.М. Жуковский (1888 – 1975) мәдени өсімдіктердің таралу орталығын 12 аймаққа бөлді. Олар: Қытай, Жапония, Индонезия, Үндіқытай, Австралия, Үндістан, Орта, Алдыңғы Азия, Жерорта теңізі маңы, Африка, Еуропа,Сібір, Орталық, Оңтүстік, Солтүстік Америка. Мәдени өсімдіктердің таралу орталығының пайда болуы адамзат мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты.
Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары
Осы заманғы адам мәдени өсімдіктерсіз өмір сүре алмаған болар еді. Мәдени өсімдіктер адамды ең қажетті заттармен қамтамасыз етедіндігі рас. Мәдени өсімдіктер - астық, көкөніс, жеміс-жидек, мата тоқуға қажетті шикізат. Алғашқы адамдар тек жабайы өсімдіктердің тұқымы, жемісі, пиязшығы және басқа бөліктерін пайдаланды. Өсімдіктерді қолда өсіру әдісін меңгере алмағандықтан, табиғаттың бергенін ғана місе тұтты. Сондықтан бұл кезең жинаушы кезең деп аталды. Адамзат тарихындағы бұл кезең сан ғасырларға созылды. Адамдар біртіндеп кейбір өсімдіктерді тұқымынан өсіру жолын тапты. Ондай адамдар құнарлы топыраққа өсімдікті өсірумен ғана шектелмей, ол өсімдіктің сапасын өзгертуді де меңгерді. Өсімдіктің өзіне қажетті өнім беруін реттеу үшін сұрыптал, іріктеу қажет болды. Адам сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір тұр дарақтарының жиынтығы іріктеме деп аталады. Сөйтіп өмірге селекция ғылымы келді. Жануарлардың қолдан шығарылған түрін цолтщым дейді. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың жаңа қолтұқымдарын шығарумен ұғылданатын ғылым - селекция деп аталады (латынша «селекция» - іріктеу, сұрыптау).
Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы Н. И. Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние жүзінің 52 елдерінде болды. Н. И. Вавилов өсімдіктердің 400-ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200-ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1 000-ға жуық түрін зерттеді. Сөйтіп өсімдіктер сан алуандығының орталықтарын белгіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |