Сабақ тақырыбы: Механикалық гармоникалық тербелістер кинематикасы



бет2/2
Дата12.10.2024
өлшемі408,11 Kb.
#206274
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері

Түрі: дәстүрлі сабақ
Типі: жаңа сабақты меңгерту
Байланыс: математика, география
Әдісі: СТО, әңгімелесу, сұрақ-жауап, жеке, топтық, жұптық жұмыс
Көрнекіліктер: кестелер, тірек-сызбалар, топшамалар

9-сынып

  1. Кіріспе
    (Амандасу, көшбасшы сайлап, бағалау парағын толтыру)


Молекулалар және атомдар” әдісі арқылы топқа бөлу
Мақсаты: тербеліс жасай отырып, механикалық тербеліске мысал келтіру



Аты-жөні

Семантикалық карта

Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс

Балл

Баға

























14-16 – “5”
10-13 – “4”
6-9 – “3”

  1. Не білемін?

Симантикалық карта

Заңның аталуы

Орындау шарты

Заңның математикалық өрнегі

Заңның білінер тұсы

Энергияның сақталу заңы










Ойлан, бірік, бөліс” әдісі арқылы деңгейлік есептер (жұптық жұмыс)
I - деңгей
1. Жер бетінен 3, 5 м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
2. 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең?
II - деңгей
1. Қатаңдығы 10 4 Н/м серіппе 3 см - ге сығылғанда оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді?
2. “Союз” сериялы ғарышкеменің массасы 6, 6т болса, оның орбита бойымен 7, 8 км/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай? (А. П. Рымкевич, Алматы “Рауан баспасы” 1998ж №340 есеп )
III - деңгей
1. Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2 - ден 8 м/с – қа дейін артты. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.



  1. Тұсаукесер





  1. Негізгі бөлім

Білгім келеді


  1. Қорытынды

  1. Жеке жұмыс “тест тапсырмасы”

  1. Сәйкестендір.

1.φ а. Гц
2. A б. с
3. ω в. рад/с
4. T г. м/с2
5. ʋ д. рад
А) 1а2б3в4г5д
Б) 1г2б3д4а5в
В) 1в2а3д4г5б
Г) 1д2а3в4б5а

  1. Тербелмелі қозғалысқа тән қасиет?

А) тұрақтылық
В) энергияны тасымалдау
С) периодтылық

  1. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамаларды көрсет?

А )
В )
С )

  1. Үйкеліс болмаған жағдайдағы тербелістің графигін көрсет:

А) Б ) В)


  1. Дене x=0,4sin2t заңымен гармониялық тербеледі. Оның тербеліс амплитудасы мен периоды:

А) 2 м; 0,4 с
В) 0,4 м; 0,32 с
С) 0,4 м; 2 с
D) 0,4 м; 3,14 с
E) 3,14 м; 0,4 с

  1. Снайпер” әдісі арқылы тексеру

    Сұрақ

    Жауап

    1

    Г

    2

    С

    3

    В

    4

    В

    5

    D

  2. Эксперименттік тапсырма (топтық жұмыс)

Құралдар: жіп, жүк, секундомер, сызғыш
Мақсаты: тәжірибе жасап, период, жиілік, циклдік жиілік, амплитуданы анықтау. Тербеліс теңдеуін жазу.

  • Үй тапсырмасын беру

    • §24,25,26

    • 21-жаттығу

  • Бағалау

    • Топ басшылары бағаларын айтады

  • Кері байланыс

    • “Қораптағы сұрақ” әдісі арқылы сабақ бойынша сұрақтарын жазып салады

11-сынып
Кіріспе
Амандасу, көшбасшы сайлап, бағалау парағын толтыру


  1. Тербеліс теңдеуі” арқылы

топқа бөлу
Мақсаты: тербеліс теңдеуін
іс-қимылмен жаттату
X = A sin (ωt + φₒ)
X – артқа бір қадам
А – секіру
ω – алға бір қадам
φ – шапалақ
2. Бағалау парғын толтыру

Оқушы
ның аты- жөні

Өткенді қайталау
масы

Білу -түсіну



Қолдану-талдау

Жинақтау-бағалау

Балл

баға






















16-18 – «5»
12-15 – «4»
7-11 – «3»
3. Өткенді еске түсіру
«Стикердегі диалог» әдісі арқылы білім тексеру

Дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалыс.

  1. Гормоникалық тербелістер дегеніміз?

II. Негізгі бөлім
Жаңа білімді меңгерту
Блум таксономиясы



Білу-түсіну
«Зияткерлік карта» әдісі арқылы тірек сызба дайындайды

Қолдану-талдау

  1. Пружинаға ілінген массасы 2 кг жүктің қозғалыс теңдеуі х=0,1cos2t. Серпімділік күшінің өзгеріс заңдылығы.

Шешуі:
υ=x`
а=υ`
а= 0,1 * 2*2cos2t = 0,4cos2t
F=ma=2кг * 0,4cos2t = - 0,8 cos2t

  1. Материялық нүктенің гармоникалық тербелістерінің амплитудасы 2см, толық энергиясы 3*10-7 Дж.Нүктеге әрекет ететін күш 2,25 * 10-5 Н болу үшін, тепе – теңдік күйден ауытқу аралығы

Шешуі:
W = = k = = = 1,5 * 10-3 Н/м.
F=kx x= = = 1,5*10-2м = 1,5см.

  1. Салмақсыз жіпке ілінген дене x=0,3cos2,5t заңы бойынша тербеледі. Жіптің ұзындығы (g=10м/с2)

Шешуі:
х=0,3cos2,5t. х=хm cosωt; ω = 2,5рад/с
ω=2πν = = = ; ω2 =;
Т = 2π;
ω2 = => l = = = 1,6м = 160см.

Жинақтау-бағалау
Тест жұмысы

  1. Амплитудасы 5см, периоды 4с және бастапқы фазасы /4 рад болатын гармониялық тербелістің теңдеуі

A) х= 0,5 sin (2πt+ ) C) х= 0,05 sin( )
B) х= 5sin ( ) D) х= 0,5 sin
E) х= 0,5 sin( )
Нүкте тербелісінің қозғалыс теңдеуі

  1. Нүктенің ығысуы тербеліс амплитудасының жартысына тең болатын уақыт:

А. 6с
В.1 с
С. 0,5с
Д.0,3с
Е.3с

  1. Гармониялық тербелетін дененің амплитудасы 0,15 м және цикдық жиілігі 8 рад/ с. Жылдамдық модулінің ең үлкен шамасы:

А) 12 м/с.
B) 1,2 м/с.
C) 9,6 м/с.
D) 0,5 м/с.
E) 0,02 м/с.

  1. Дене x=20sin заңымен гармониялық тербеледі. Дененің t=0,5с-тан кейінгі жылдамдығы:

А) 60 м/с
В) 0. C) м/c.
D) 120 м/с
.E) -60 м/с.

  1. Массасы 0,2 кг дене 0,05 м амплитудамен гармониялық тербеледі. 0,2Н күш әсерінен серіппе 0,01 м-ге ұзарады . Гармониялық тербелістің теңдеуі:

А) х= 0,05 cos5t
В) х= 0,05 cos10t
С) х= 0,05 cos3.2t
D) х= 0,32 cos5t
Е) х= 0,048 cos t

  1. Массасы 1 кг жүк әсерінен серіппе 10 см-ге ұзарады. Жүктің тербеліс амплитудасы 20 см, болса оның тербеліс кезіндегі ең үлкен кинетикалық энергиясын анықтаңыз. (g=9,8 м/с2)

A) 5 Дж.
B) 200 Дж.
C) 1 Дж
D) 10 Дж.
E) 2 Дж.

  1. Массасы 0,1 кг, қатаңдығы 90 Н/м, 3 см-ге сығылған серіппеге ілінген жүктің максимал жылдамдығы:

А) 0,1 с;
В) 0,9 м/с
С) 9 м/с;
Д) 10 м/с.
Е)0,09 м/с

  1. Массасы 0,1 кг дененің қатаңдық коэффициенті 250 Н/м серіппедегі тербеліс амплитудасы 0,15м. Жылдамдык модулінің ең үлкен шамасы:

A) 5 см/с.
B) 0,3 см/м.
C) 5 м/с.
D) 7,5 м/с.
E) 0,3 м/с.

1

2

3

4

5

6

7

8

С

С

В

В

В

Е

В

Д

  • Үй тапсырмасын беру

  • п.1,2 оқу сұрақтарға жауап беру,1 жаттығу №2,3 есепті шығару.

  • Бағалау

    • Топ басшылары бағаларын айтады

  • Кері байланыс

    • Мадақтау сэндвичі” әдісі арқылы жазып, пікірлерін тыңдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет