Сабақ тақырыбы: Мен не үйрендім? Мектеп: «Зырян қаласы №2 бастауыш мектебі» кмм күні



Дата25.08.2017
өлшемі81,33 Kb.
#26427
түріСабақ
3 сынып

Бөлімі: Менің сыныбым

Сабақ тақырыбы: Мен не үйрендім?

Мектеп: «Зырян қаласы №2 бастауыш мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Смаилова Ү.Қ.

СЫНЫП: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу

Мақсаты (мақсаттары)

«Менің сыныбым»тақырыбы көлемінде сын есімдерді қайталай отырып,жаңа сөздерді қолданып,осы тақырып бойынша өз ойын жеткізе білу,өзгенің айтқанын түсіне білу.Өтілген материалмен байланыстыра отырып,қарапайым сөйлем құрастыру.Ол сөйлемді түрлі тілдік конструкцияда пайдалана білуді үйрету.

Тіл дамыту,логикалық ойлау ,сөйлеу қабілетін арттыру,сөздік қорын молайту,тілге деген қызығушылығын арттыру.Топта жұмыс істей білуге,жылдамдыққа,шапшаңдылыққа,өз ойын тез және жүйелі түрде жекізе білуге үйрету.

Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды.

Анық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.



Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Тақырыпқа арналған сөздерді тыңдайды, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрайды.

Кейбір оқушылар:

  • Берілген тақырып бойынша сөйлеу

Тілдік мақсат



Оқушылар орындай алады:

  • Тақырыпқа сай жаттығуларды түсіне сауатты айттыру, жаздыру

пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

сөйлесудің түрлері, қазақ тіліндегі жалғ, сөйлемдер


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы

тілдік бірліктер: оқу құралдары, сынып, сыныптастар туралы

Талқылауға арналған тармақтар:

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

Мынау не? Сыныпта нелер бар? Сыныпта кімдер бар?Сабақта не істейсің?.

Сіз неліктен екенін ..... айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар: Сұрақ- жауап бойынша, сурет, сызба бойынша жазу




Алдыңғы оқу

3 сыныпта және өткен сабақтарда алған білімдері . Оқушылар өз тілдерінде( орыс тілінде) сынып туралы айту, әңгіме, өлең. Қазақ тілінде кейбір сөздермен, сөйлемдермен таныс болуы керек.


Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған тақырыптармен қатар ескертпелерді жазыңыз)


Ресурстар

Басталуы

5 мин

5 мин

Ортасы


25 мин

Қабілеті орташа деңгейдегі оқушыларға тапсырма және көбірек қолдау көрсету

Қабілеті төмен деңгейдегі оқушылар және біршама қолдау көрсету

Қабілеті жоғарғы деңгейдегі оқушыларға тапсырма және болмашы қолдау көрсету

5 мин


5 мин

І.Мотивациялық- қызықтыру кезеңі 

  • Сәлемдесу. -Сәлеметсіздер ме, балалар!

Мейірімді жүрекпен

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап калайық!



  • Психологиялық ахуал. Сұрақ- жауап:

- Балалар, қазір қай сабақ?

- Бүгін казақ тілі сабағы нешінші сабақ?

- Үшінші сабақ қай сабақ болады?

- Сенің сыныбың қандай?



Сұрақтар не туралы?

  • Бүгінгі тақырып не туралы?

Менің сыныбым.

«Ақылдылар» ойынын ойнаймыз. Сабақтың соңында бағаға байланысты медаль аламыз.

«Инсерт» стратегиясы. 1. Білемін 2. Білгім келеді 3. білдім

  1. Кластер толтыру

  2. Сөйлемдер, әңгіме құрастыру, сауатты жазу

  3. Сөйлесу

Бағалау парағын түсіндіру. Критерийлер.

ІІ. Түсіну кезеңі.

  • Тыңдалым. Мұғалім мәтінді  оқып шығады, оқушылар негізгі ойды анықтайды.

  1. Мәтін

Қазір қазақ тілі сабағы. Сыныпта жиырма бес оқушы бар. Сабақта мен қазақша оқимын, жазамын, сөйлеймін.

  1. Мәтін

Сыныпта он екі оқушы бар. Қазір орыс тілі сабағы. Сабаққа дәптер, қалам, оқулық керек.

- Не туралы?

- Айырмашылығы неде?


  • Орысша сұрақтарға мәтіндерден жауап тап:

  • Сколько учеников в классе?

  • Что ты делаешь на уроке?

  • Какой сейчас урок?

Бағалау.

  • Жазылым.

1.Таза жазу. Дәптер, ұқыпты

2.Деңгейлік тапсырма.

1 деңгей. Сәйкестіреді,ауызша орысша баламасын айтады.
Сөмке copybook ( тетрадь)

Қылкалам chalk (чок) мел

Қарындаш bag сумка

Пенал pencil карандаш

тақта pencil box пенал

бор biackboаrd доска

дәптер brush (браш) кисточка

күнделік diary дневник


2 деңгей. Сөздерді екі бағанаға бөліп жаз.

Менің сенің

Сыныбым, мектебің, досың, күнделігім, оқулығың, суретім, ертегім, кітабың, сызғышы, пеналым, дәптері.

2 деңгей. Сөздердің орнына аударып жаз.

Маған (учебник, тетрадь, дневник) керек. Мен сабақта (по казахский) сөйлеймін. Менің оқу құралдарым (чистый).

Бағалау парағына бағалау.


  • Сергіту. ...

  • Топтық жұм. Суретпен жұмыс. Сөйлемдер құрастыру. «Карусель» әдісімен тексеру.

  • Математикалық тренинг: Сызбадағы буындардан сөздер жасау.

Оқушы- ушы + лық оқушы – ушы + ы = ... ...

Менде – де +ің мекенжай –енжай +терезе – резе + бім тақта – қта + заттар- ттар = ... ... ...
Топтық жұмыс. Сөздерді Синквейн тәсілі бойынша жалғастырып жазу

1 топ: Оқулық

2 топ: Дәптер Бір бірін бағалау.

  • Жұптық жұмыс. «Дүкенде» тақырыбына сұрақ- жауап жасау .

Бағалау

  • 1 деңгей. «Менің сыныбым» тақырыбына шағын шығарма жазу. 3-4сөйлем.

2 деңгей. Хронологиялық карта толтыру.

Есімдік

Неше?

Қандай?

Кім? Не?

Не істейді?

Мен

Сен


Менде

Сенде


Маған

Саған















Сабақты қорытындылау. «Инсерт» бойынша «білдім» бағанасын толтыру.

- Болашақта сынып қандай болады деп ойлайсыңдар?

- Мектеп болмаса не болар еді?

ІІІ. Рефлексия. Не ұнады? Не ұнамады? Мектеп алдына «Тілек ағашын» отырғызайық. Жапырақтар жапсыру.

Үйге тап. 1д. Өз сыныбы туралы презентация жасау.

2. Оқу туралы мақалдар табу, айту.

3. Сөздік қайталау. Оқу.

Критерийлер бойынша бағалау. «Ақылдылар» медальдарын беру.

БББ сызбасы


Ватман, фломастерлер

Бағалау парағы


Аудиожазба

Тыңдау

Слайд


Дәптер, қалам

Жеке деңгейлік тапсырмалар

Сюжетті сурет

Слайд


Парақтар

Сұрақтар тарату

Карта

Инсерт сызбасы


Ағаш суреті мен жапырақтар


Медальдар





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет