ІІІ. Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс жүргізу түрлері
Оқу сауаттылығын меңгеру мақсатында саяхатқа шығамыз.
Тапсырма №1. Мәтінді 3 топқа таратып беремін.Оқушылар мәтінді оқып, «Реставрация» әдісі арқылы мәтінде қалып қойған сөздерді орнына қойып жазады.
1-топ:
Ақ бөкен (антилопа)
Ақ бөкен (Saiga tatarica) – жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақ бөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықта табылған. Ақ бөкендер Монғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда ақ бөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетбақдала-Арыс, Үстірт және Еділ-Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126-150 см, салмағы 50 кг дейін, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109-127 см, салмағы 22-37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ал ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады. Қыста түсі ақшылданады.
Ақ бөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, жайылымға байланысты болады. Ақ бөкендер қыстың суық, қарлы болатындығын немесе көктемнің кеш шығатындығын алдын ала болжай алады. Олар жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет көбейеді. Жаппай төлдеуі мамырдың бірінші жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды.
Ақ бөкендер өсімдіктердің 80–нен астам түрімен қоректенеді. Ақ бөкеннің негізгі жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қара құстар да шабуыл жасайды. Ақ бөкендер аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Олардың дәмді еті, мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жұп тұяқты жануар. Қазақстанда 1921 жылдан бері ақ бөкенді аулауға тыйым салынды. 1957-58 жылдары олардың саны 2 миллион- нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады. Ақ бөкеннің тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткеге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады. Осы қасиеттерін дәріптеп, қазақ киікті «Киелі», «Қасиетті аң» деп бағалайды.
2-топ
Тапсырма: Оқушылар мәтінді оқып, “Шатастырылған логикалық тіркестер” әдісі арқылы сөйлемдердің реттілігін табады.
Ақ бөкендер Монғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда ақ бөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетбақдала-Арыс, Үстірт және Еділ-Жайық деген топтары мекендейді.
Ақ бөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықта табылған.
Жаппай төлдеуі мамырдың бірінші жартысында өтеді.
Осы қасиеттерін дәріптеп, қазақ киікті «Киелі», «Қасиетті аң» деп бағалайды.
Ақ бөкендер өсімдіктердің 80–нен астам түрімен қоректенеді.
3-топ
Тапсырма: Оқушылар мәтінді оқып, “ «Т кестесі” әдісі арқылы сөйлемдердің дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
Ақ бөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықта табылған.+
Ақ бөкендер Монғолияда ғана сақталған.-
Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ал ешкісінде жалпақ болады.-
Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, жайылымға байланысты болады. +
Ақ бөкеннің негізгі жауы – ит.-
Қазақстанда 1921 жылдан бері ақ бөкенді аулауға рұқсат берілген-
Ақ бөкеннің тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткеге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады. +
Бағалау: Топтық тексеру. Оқушылар қарсы топтардың жұмысын тексеріп, бірін- бірі бағалайды.
Сергіту сәті. «12 мүше қимылдайды» деп аталады.
1.Баспен 6 санын салу;
2.Құлақпен 5 санын салу;
3.Белмен 2 санын салу;
4.Иекпен 3 санын салу;
5.Қолмен 44 санын салу;
6.Аяқпен 7 санын салу.
Тапсырма №2.
1-топ. Мәтінді оқып, FILA кестесін толтыру.
Бір қорап тоқаш
Бойжеткен орталық бекетте поезд күтіп отырды. Ол уақытты өткізу үшін кітап сатып алмақ болды. Кітаппен бірге ол бір қорап тоқаш сатып алды. Содан соң ол күту залынан тыныш отырып, кітап оқуға болатын бос орын тауып алды.
Тоқаш қорабы бойжеткен мен газет оқып отырған ер адамның арасындағы орындықта болатын. Ол бір тоқашты алған кезде, ер адам да біреуін алды. Ол таңқалғанымен, ешнәрсе айтпады және одан әрі оқи берді. Ол ішінен «Сене алар емеспін! Егер мен батылдау болғанда, міндетті түрде бірдеңе дер едім» деп ойлады.
Ол әрбір тоқашты алған сайын, ер адам да тура солай істеді. Қорапта бір тоқаш қалғанға дейін солай бола берді. Бойжеткен ер адамның не істейтінін көру үшін күте тұрмақ болып шешті. Ал ол соңғы тоқашты алып, оны екіге бөліп, оған жартысын берді. Таңқалған ол кітапты сөмкесіне лақтырып салып, орнынан тұра жүгірді. Ол сабырға келу үшін залдың екінші шетіне барып отырды. Ашуы тарқаған соң, ол кітабын алуға сөмкесін ашты. Тек сонда ғана, ол өзінің қорабы ашылмаған тоқашы сөмкесінде жатқанын көрді.
2-топ. Мәтінді оқып, «ПОПС формуласы» арқылы сөйлемдерді аяқтау.
ПОПС формуласы
«Менің ойымша, бұл...»
«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»
«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»
«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»
3- топ. Мәтінді оқып, «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы сөйлемдерді аяқтау.
Пікір:
Дәлел:
Мысал:
Қорытынды:
Бағалау: Топ басшысы тапсырманы орындау барысында белсенділік танытқан оқушыларды бағалайды.
Тапсырма №3. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар.
1-топ. Берілген мәліметтерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Болат пен Қайрат Түркияда демалуда. Олар Стамбулда бір апта болып, сонан кейін Болаттың апасының хал-жайын білу үшін Сакарияға баруды жоспарлады.
Осының алдындағы екі бетте және осы беттің төменгі жағында Болат «Стамбулдың халықаралық отелі» қонақ үйіндегі телефонның жанынан тауып алған мәлімет берілген. Осы мәліметті келесі беттердегі сұрақтарға жауап беру үшін пайдаланыңдар.
Сұрақ 1: ТЕЛЕФОН
Болат сөмкеден бар заттарын шығарып болған соң, Қайрат онымен тамақтануға баруға дайын екеніне көз жеткізу үшін, оған телефон соқты. Қайрат 328-ші нөмірде орналасты.Болат қандай нөмірді теруі керек еді?
..........................................................
Сұрақ 2: ТЕЛЕФОН
Түстен кейін Болат пен Қайрат Стамбулдан Сакарияға дейінгі пойыздар жөнінде білмекші болды.Оларға қай нөмір бойынша телефон соғу керек еді?
..........................................................
Сұрақ 3: ТЕЛЕФОН
Болаттың дос қызы да саяхатта. Болат Түркиядан кеткеннен кейін онымен Польшада кездесуді жоспарлады. Міне, Болаттың одан алған хатының соңы.
Мен сені қатты сағындым!! Ақыры Польшаға да жеттім ғой. Маған мына телефон бойынша: 22 494533 бейсенбіде, айдың 24-і күні сағат 8-де (сенің уақытың бойынша) телефон соқшы.Өте-өте-ӨТЕ жақсы көремін.
Сәлима.
Болат Стамбулдағы өзінің қонақ үйдегі нөмірінен телефон соғуға дайындалды. Сәлимамен сөйлесу үшін Болат қандай нөмірді теруі керек?
..........................................................
2-топ. Берілген мәліметтерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін, алдыңғы бетте келтірілген «Посылкалар - Поштамен» кітапшасының үзінділерін пайдаланыңдар.
Сұрақ 1: ПОШТАМЕН ПОСЫЛКАЛАР
Кітапшадағы мәліметке сүйеніп, сендер сыйлық ретінде жібере алатын үш зат атаңдар.
1. ..........................................................
2. ..........................................................
3. ..........................................................
Сұрақ 2: ПОШТАМЕН ПОСЫЛКАЛАР
Сендер сыйлық ретінде шағын айна жібергілерің келеді делік.
Конвертті пайдалана аласыңдар ма?
«Иә» немесе «Жоқ» сөздерінің бірін айналдыра сызыңдар және өз жауаптарыңды негіздеу үшін кітапшаны пайдаланыңдар.
Иә Жоқ
...........................................................................................................................
...........................................................................................................................
…………………………………………………...
3-топ. Берілген мәліметтерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін алдыңғы беттегі «Мен «алмасу оқушысы» бола аламын ба?» мақаласын қараңдар.
Сұрақ 1: МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ» БОЛА АЛАМЫН БА?
Бұл мақаланың басты ойы неде?
A Оқушылар алмасатын жеке бағдарламаны жарнамалау
B Алмасу бағдарламаларға қатысу қандай мүмкіндіктер беретінін түсіндіру
C Алмасу бағдарламасының мақсаттарын атап шығу
D Алмасу бағдарламасына қатысу талаптарын сипаттау
Сұрақ 2: МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ» БОЛА АЛАМЫН БА?
Мақалада не жазылғаны туралы айтуға болады (оның мазмұны туралы).
Мақала қалай жазылғаны туралы айтуға болады (оның стилі туралы).
Мақаланың авторы келешекте алмасуға қатыса алатын оқушылардың назарын аудару үшін, оны осындай мәнерде жазуға тырысты.
Қалай ойлайсыңдар, бұл оның қолынан келді ме? Жауаптарыңызды растайтын мысалдар келтіріңіз.
.......................................................................................................................
.......................................................................................................................
.......................................................................................................................
Сұрақ 3: МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ» БОЛА АЛАМЫН БА?
Оқушылар алмасу үшін, мақалаға сәйкес, қандай талап ең маңызды болып табылады?
A Өте жақсы оқу жетістіктері.
B Жақсы дамыған тұлғалық қасиеттер.
C Шет тілін өте жақсы меңгеру.
D Мықты денсаулық.
Сұрақ 4: МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ» БОЛА АЛАМЫН БА?
Мақаладағы мәліметті пайдаланып, неліктен сіздер таңдаған талап алмасу агенттігі үшін сонша маңызды екенін түсіндіріңіз.
.......................................................................................................................
.......................................................................................................................
.......................................................................................................................
Бағалау: Өзін- өзі бағалау. Интербелсенді тақтадағы дұрыс жауаптармен өз жауаптарын салыстыру арқылы тексеріп, өзін- өзі бағалайды.
|