Сабақты бекіту жаттығулары:
1-жаттығу. «Жаңа ертегі»
Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан, т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғасады.
2-жаттығу: Өзіңе ЕШКІМ көрмеген жануарды елестетіп көр, СЕН де оны бірінші рет көріп тұрсың. Бұл сенің ойлап шығарғаның! Бұл жануар қалай аталады? Ол мейірімді ме әлде ашулы ма? Оның тұрағы қайда? Немен қоректенеді? Қайда ұйықтайды? Оның терісінің түсі қандай? Осы сұрақтардың жауабын сипатта немесе суретін сал.
3-жаттығу: Екі қолыңның сұқ саусағында кішкентай көңілді адамдарды елестет. Фломастер немесе түрлі түсті қарындаштарды алып, олардың бет пішінін сал, ат қой және ӨЗ ТӘНІНІҢ ИЕСІ ҚОНЖЫҚ ҮШІН кішкентай қойылым ойлап тап.
|
|
Үй тапсырмасы:
Тапсырма №1 Студенттің жеке қоржынына:
Сілтемедегі «Қиял туралы жалпы ұғым»
https://kitaphana.kz/refkaz/237-psikhologia/2752-iyal-turali-zhalpi-im.htm
мақаласын оқып, танысып, психологиядан алған білімдеріңізді жаңғыртыңыздар, қажет жерін конспектілеп алыңыздар.
(Төмендегі қиялды дамыту жаттығуларын көшіріп алып, жеке партфолиоларыңызға салып қойыңыздар. Тәжірибе жинақтау барысында балалармен бірнеше рет қайталап, жасап көріңдер.)
1- жаттығу «Менің –көңіл күйім қандай»
Балалар өз көңілдеріне сәйкес келетін суретті тауып айтады (көңілді, көңілсіз, қорқынышты, ренжулі) Сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.
2-жаттығу: "Өзіңе өзің елестет".
Терең демді ішіңе тарт, алған демің бүкіл денеңді аралап өтетін болсын. Деміңді ішіңе тартқанда, баспалдақтармен тауға шығып бара жатқандай болып, ал деміңді шығарғанда одан түсіп келе жатқандай болып елестет. Жаттығуды 5 рет қайталау және деміңді ішіңе тартқанда тауға шығатыныңды, ал деміңді шығарғанда таудан түсетініңді есіңде сақтау керек. Жаттығуды орындап болған соң, өз денеңіздің әрбір мүшесімен ойша сәлемдес. Мысалы былай: "Сәлем, менің оң тізем... Сәлемет пе, шынашақ! Қалай тұрып жатырсың, алақан!..." Мұнда ештеңені назардан тыс қалдырмауға тырысу керек, ал содан кейін тағы 5 рет тауға шығып түсу керек.
|
Достарыңызбен бөлісу: |