«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ
Бекітемін:
Мектеп директоры: Жикенова Н.А
Ашық сабақ
Тақырыбы: Наурыздағы тілек
Бастауыш сынып мұғалімі: Жакуова Еркежан Жұмабайқызы
Зайсан қаласы 2016-2017жж
Әдебиеттік оқу
Мұғалімнің аты-жөні
|
Жакуова Еркежан Жұмабайқызы
|
«М.Әуезов атындағы орта мектеп» КММ
|
ІІІ тоқсан
8-апта
|
2 «А» сынып
|
07.03.2017
|
Бастауыш сынып кабинеті
|
Сабақ атауы
|
Наурыздағы тілек
|
Сілтеме
|
Білім стандарты,пән бағдарламасы, “Әдебиеттік оқу ”2 сынып , Алматы, ”Атамұра ” 2013 жыл, Авторы:Б.Қабатай. С.Рахметова.
|
Жалпы мақсаты
|
Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы туралы түсінік қалыптастыру, наурыздағы тілектің мән мағынасын тану.
|
Күтілетін нәтиже
|
-Ұлыстың ұлы күні наурыз туралы түсінік қалыптасады;
-Шағын топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін-бірі
оқытуын қалыптастыру,
-тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену,
- өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру
-сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілеттерін дамыту
|
Негізгі идеялар
|
Шыншылдыққа,әділдікке,турашылдыққа ,сөз өнері қадірін ұғынуға тәрбиелеу
|
Дереккөздер
|
Интернет деректері, ,сайттар,ресурстар,суреттер, наурыз батаға арналған бейнебаян
|
|
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Оқушының іс- әрекеті
|
І Ұйымдастыру
4 минут
|
Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Жылы лебіз » тренингін өткіземін
|
Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды. Жылы лебіздерін білдіру арқылы сабақты жақсы көңіл-күймен бастауға ықпал етіледі.
|
Бағалау туралы түсіндіріп жіберу.
|
Әр кезеңде оқушылар өз-өздерін бағдаршам көздері немесе смайликтер арқылы бағалайды.
|
сабақтың әр кезеңінде өзін-өзі бағалап отырады.
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
|
Нұрқасым Қазыбеков «Наурыз көже» мәтіні.
Мазмұнын айту
|
Мазмұнын айту
|
ІІІ жаңа материалды меңгеру
Зерделі сөзге зер сал
|
ІІІ. Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу
Ой қозғау
-Ал, балалар , мына сөз жұмбақтан не ұқтыңыздар?Наурыз мейрамын тойлауда ұлттық ойындар ойнаудан басқа,наурыз көже пісіруден басқа қандай әрекеттер жүзеге асады екен?Бейнесуреттегі атамыздың айтқаны не деп ойлайсыңдар?
-Әрине, наурызда тек наурыз көже пісіріп,ұлттық ойындар ойналып қана қоймай наурыз тілектер де айтылады екен.Бүгінгі сабағымызда «Наурыздағы тілек» деп аталады
|
Сөзжұмбаққа қарайды
Өткен тақырыптан ұққандарын, не көргендерін айтады.
- Наурыздағы тілек.
|
Даналық ойдан дән ізде
|
Өлеңді мәнерлеп оқу.
|
Оқушылардың мәнерлеп оқуы.
|
Сөздік жұмысы
|
Қаратау
Алатау
|
Алатау Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында. Ұзындығы 35 км. Бірқатар шыңдары 4500 – 5000 м биіктікке жетеді Іле Алатауында жалпы ауданы 478 км2 болатын 381 мұздық бар. Тау бастарын мәңгі қар мен мұз басқан. Жотаның солтүстік бөктерінде Алматы қаласы, солтүстік беткейінде Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы орналасқан
Қаратау 400 шақырымға созы¬лып жатқан Қаратау қойнауында тас¬қа қашалып салынған суреттер өте көп.
|
ІҮ.Топтық жұмыс
|
Өлеңді сахналау
|
Сахналайды
|
Ү.Жұптық жұмыс
Тұжырым кестесі
|
Маған ұнаған шумақтар
Менің ой-пікірім
|
Кестені қорғату
|
Ой шақыру
|
-Бата тек наурызда беріле ме?
Тағы қандай бата түрлерін білесіңдер?
|
Өздері білетін, естіп жүрген баталарға тоқталу.
|
ҮІ.Шығарма шылық тапсырма
РАФТ стратегиясы
|
Тілек білдіріп , құттықтау хат жазу.
І топ: Ата-анаға тілек
ІІ топ: Ұстазыңа тілек
ІІІ топ: Достарыңа тілек
|
Әр топ берілген тапсырма бойынша өз тілектерін жазады, қорғайды
|
ҮІ.Қорытын дылау
|
«Бір айналым сөйлем» әдісі арқылы қорытындылау
|
Бүгінгі сабақтан түйгендерін бір айналым сөйлеммен айтып шығады.
|
ҮІІ.Бағалау.
|
|
Мұғалім бағалайды
|
Бағалау
|
Қорытынды баға қою
|
Күнделікке бағаларын қойғызу.
|
Рефлексия
|
Сабақтан алған әсерін көңіл күй смайликтеріне ілу
|
Сабақтан алған әсерін айтады
|
Кейінгі тапсырмалар
|
«Наурыздағы тілек» өлеңін жатқа мәнерлеп оқу, Наурыз мейрамы тағы несімен ерекшеленеді, дерек жинау
|
Ана тілі 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы Наурыздағы тілек
Сабақтың мақсаты
Өлеңді түсініп оқу арқылы, Наурыз мейрамы туралы түсініктерін кеңейту.
Байланыстырып сөйлеу, ойлау дағдыларын дамыту, сөздік қорларын байыту.
Туыстарына, достарына, үлкендерге дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, ұлттық салт дәстүрлерді бойларына сіңіріп, салтты білуге, сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі зерттеу сабағы, жаңа сабақ
Сабақ әдісі жаңа сабақты игеру, алған білімді тәжірибеде қолдану, бақылау, қайталау жинақтау.
Көрнекілігі слайд, сөзжұмбақ, интерактивті тақта, ұлттық тағамдар, наурыз көже.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Өткен сабақта топқа бөлінген болатынбыз, әр топ өз аттарын айтып шықсын. («Қошқар мүйіз», «Бота мойын», «Құс қанаты») Ендеше, топ бойынша жұмысымызды бастайық. Балалар, біз өткен сабақта Наурыз туралы біраз мағлұмат алған болатынбыз. Тексеру үшін сөзжұмбақты шешейік.
ІІ. Өткенді қайталау
Сөзжұмбақ «Наурыз көже» инт тактада
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
І топ. Көктем мерекесі Наурыз (слайд)
Наурыз – парсы сөзі. Бұл қазақша айтқанда, «жаңа күн» деген сөз. 22 наурыз күнін «Жаңа күн» деп атаудың мәнісі : 21 нен 22 не қараған наурыз күні күн мен түн теңеледі. Сонан кейін күн ұзарып, жылы бола бастайды. Сондықтан 22 наурыз көктем айы болып табылады. көктем болса, дүние жаңаланады: ағаш бүршік атып, жердегі шөптер қылтиып, малдар төлдейді. Жылдың төрт тоқсанының ішінде дүниені жасартып, жаңалайтын тоқсаны – көктем. Сол тоқсанның басы 22 наурыз болғандықтан бұл күн « Наурыз» яғни «жаңа күн» деп аталады.
Қыдыр түні Жаңа жыл табалдырықтан аттап үйге енгенде, «жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағылып қойылады. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру сырқаудан, пәле жаладан аман болады» деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз мүліктің шаңы қағылып, жуылып тазартылады. «Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады». «Жыл бойы ақ мол, дән тасқын тасқын, жауын шашын көп болсын» деп қыдыр түні ыдыс атаулыны ырысқа, (бидай, тары, сұлы, арпа, жүгері т.б.) аққа (сүт, айран, шұбат, уыз т.б.) және кәусар бұлақ суына толтырады.
Халқымыздың түсінігі бойынша наурыздың 21 і түні даланы Қыдыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр – адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял ғажайып бейне. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұры – Қыдыр ата даланы кезе жүріп, назары жерге түссе, оның мұз кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе тасты ерітіп жібереді екен.
Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат алтыда атқан кезде біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат үшке тұспа тұс келеді. Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды наурыздың 22сі күні таңғы сағат үште қарсы алады.
ІІ топ Ұлттық тағамдар (альбом)
Қазақтың дәстүрлі дастарқаны мал шаруашылығының өнімдері ет, сүт тағамдарынан құралады. Ал егіншілік өнімдері ұлттық тағамдарға қосалқы нәр беруші ретінде саналған.
Қазақша ет. Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақша ет. Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер. Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына, жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала, т.б.) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды.Қазы қарта, жал жая. Шұжық
Қуырдақ. Қуырдақ - соғыммен бірге жасалынатын кәделі әрі дәстүрлі тағам. Соғым сойылған үйде қуырдақтың дайындалмауы мүмкін емес.
Нан – ас атасы. Ол бидай ұнынан жасалады. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді. Қазақтар нанды қасиетті санайды. Қамырдан бауырсақ, шелпек, нан пісірген.
сүт – барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 грамға жуық белок, 3,2 грамм оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д дәрумендері (витаминдері) бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл дәрумендер қыстағыдан едеуір көп болады
Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады.
Қатық –сиырдың, қойдың, ешкінің қаймағы алынбаған сүтінен ұйытып әзірленеді. Қатық піскен сүттен де ұйытылады.
Шұбат – түйе сүтінен ашытылады. Бұл әрі сусын, әрі тағам. Өйткені бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Оның емдік қасиеті де бар.
Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Сары қымыз дертке шипа, денеге күш.
Қаймақ – сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінің бетіне жиналатын майлы құрамы.
Құрт – малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам
Сүзбе – айраннан немесе қайнаған іркіттен дайындалады. Сүзбені тұздап, малдың қарнына салып, кептіреді.
Ірімшік – сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен қайнатып әзірленетін сүт тағамы.
Уыз- жаңа төлдеген малдың қою сүті.
Наурыз көже – келер жылы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз күні әр шаңырақ міндетті түрде жасайтын арнаулы тағам. Оған кем дегенде, жеті түрлі (бидай, тары, қонақ, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты) азықтық заттар қосылуы тиіс.
Қазақ үшін дәмнен, дастарқаннан үлкен нәрсе жоқ. Дастарқан басындағы әңгіме, әзіл-қалжың, ән- жырға не жетсін?
ІІІ топ Наурыз көже жасау (қорғау)
Ұлыстың ұлы күні дайындалатын Наурыз көже « Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп тоя ішу ғұрпы сақталған. Сондықтан болар наурыз көжені «көп көже», «тоқ көже» деп те атайды. Тіпті алаңсыз тойғанынша ішсін деген ниеттен болар, қаласа әркімнің өзі құйып алу еркі де болған. Мұның бәрі наурыз мерекесінің теңдік күні, еріктілік, имандылық мерекесі деген түсініктен туса керек. 7 санын қасиетті дейтіні белгілі. Тіпті санағанның өзінде біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу деп атаймыз. Ешқашан сегізеу, тоғызеу демеген. Ұлттық таным бойынша 7 қазына, 7 ата, 7 күн, 7 қат көк, 7 музыкалық дыбыс.
Табиғат пен тағам арасындағы байланысты ашу арқылы Наурыз көженің қасиеттерін көрсету үшін, халқымыз даналықпен тағам түрлерін топтап, белгілі бір түстерге балап айтады екен. Олар:
1-оқушы: Көк – көктемде тасыған су жер-дүниені көк толқын етеді.
2-оқушы: Қызыл – қарындары тойғанша қазы-қарта жейтін халқымыз ет жемесе аш жүргендей болады. Ендеше барлық ет тағамын қызылға балайды.
3-оқушы: Жасыл – жерден өсетін өнімдердің бәрін жасыл өсімдіктің дәні деп түсінеміз.
4-оқушы: Ақ – барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды.
5-оқушы: Сары – май өзінің түсінің сарылығымен бірге ең асылын «сары майдай» сақтаған.
6-оқушы: Қоңыр – бидайдың, тарының талқанын көжеге умаждап қосатын ұнды, кеспені қоңыр түске теңейді.
7-оқушы: Қара – тұзды қасиетті қара дәм, қара бас тұз дейді.
Инт тақтада топтастыру. Наурыз көжеге қажетті тағамдарды салу. Наурыз көженің маңызы не?
2-3 балаға «Наурыз көже» мәтінінің мазмұнын айтқызу.
Наурыз мейрамында ұлттық ойындар ойнатылып, ән шырқалып, би билеген. Ендеше, біз де денемізді сергітіп, «Қара жорға» биін билейік.
ІV. Сергіту сәті «Қара жорға» биі
V. Жаңа сабақ
• Балалар, тілек сөзінің мағынасы қандай?
• Тілек қай кезде айтылады?
• Қандай тілек сөздерді білесіңдер?
• Дұрыс, балалар, Наурыз күні адамдар бір біріне өткен өкпе реніштерін ұмытып, ренжіскен адамдары болса кешірім сұрасқан және әр адам отбасы мүшелерін, туған туыстарын, достарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді. Бұл тілек Наурыз тілек деп аталады. Ендеше, бүгін біз Наурыздағы тілек өлеңін оқимыз.
VІ. Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу (мұғалім, оқушы)
VIІ. Сөздік
Наурыз тілек – наурыз күнгі бет көрісіп, амандасу рәсімімен құттықтау негізінде тақпақпен айтылатын қуанышты тілек.
Алатау Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында. Ұзындығы 35 км. Бірқатар шыңдары 4500 – 5000 м биіктікке жетеді Іле Алатауында жалпы ауданы 478 км2 болатын 381 мұздық бар. Тау бастарын мәңгі қар мен мұз басқан. Жотаның солтүстік бөктерінде Алматы қаласы, солтүстік беткейінде Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы орналасқан
Қаратау 400 шақырымға созы¬лып жатқан Қаратау қойнауында тас¬қа қашалып салынған суреттер өте көп.
VIIІ. Дәптермен жұмыс
Еңбекке баулу сабағында дайындалған ашық хатқа тілек жазу.
І топ мұғалімдерге
ІІ топ достарына
ІІІ топ ата аналарына
ІХ. Қорытынды
Қоржыннан алынған асықтың нөмірін атап, сұрақтарға жауап беру.
«Қошқар мүйіз» тобы:
№1. Наурыз мейрамы неге 22-күні тойланады?
№ 2. Еңбекке байланысты мақал айтып бер.
№3. Көктем айларын ата.
№4. Шұбат дегеніміз не?
№5. Жеті ата атауларын ата.
«Бота мойын» тобы
№1. Сүт тағамдарын ата.
№2. Ұзынсары деген не?
№3. Наурыз туралы қандай мақал-мәтел білесің?
№4. Төрт түлік төлдерін ата.
№5. Наурыз көже қалай жасалады?
«Құс қанаты» тобы
№1. Көктемгі еңбек түрлерін ата.
№2. Қандай ұлттық тағамдарды білесің?
№3. Қымыз дегеніміз не?
№4. Жеті қазынаны ата.
№5. Наурыз тілек дегеніміз не?
Х. Үйге Өлеңді жаттау, тілек,бата, нақыл сөздер жинау.
ХІ. БағалауНаурыздағы тілек
Жарияланды 1-06-2014, 17:33 Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 2 сынып
Тақырыбы: «Наурыздағы тілек»
Мақсаты: а) Білімдік. Оқушылардың жыл - басы наурыз туралы білімдерін
кеңейте отырып, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
ә) Дамытушылық. Оқушылардың ақыл - ойын, шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік. Өз халқын сүюге әдептілік бойына сіңірген,
шығармашылық қабілеті дамыған азамат болуға жетелеу.
Әдісі: сабақ - жауап, түсіндіру, ой - толғау
Сабақ түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Слайд, тест
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ән
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыр
2. Үй жұмысын тексеру
1. Наурыз қандай мейрам?
2. Наурыз күні қалай аталады?
3. Наурыз көже қалай жасалады? Оған нелер қосылады?
3. Жаңа сабақ: а) Сөзжұмбақты шешу
- Қандай сөз шықты? Ол жөнінде кім не айта алады?
ә) Әңгімелесу, түсіндіру. 1 слайд. Көже, бата.
Ұлыстың ұлы күні ел дастархан жайып, бірін - бірі құшақтап, құттықтайды.
Дастарханға қазақтың дәстүрлі тағамдары қойылады.
«Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады» деген сенім бар. Дастархан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі.
б) Ақсақалдар қандай бата береді?
- Ұлыс оң болсын!
- Ақ мол болсын,
Қайда барса жол болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
- Міне, біз осындай мереке күні айтылған «Наурыздағы тілек» өлеңімен танысамыз. 2 слайд.
Күннің жады. Наурыздың бесі.
Тақырыбы: Наурыздағы тілек
Көктемнің алғашқы гүлі «Бәйшешек»
Өлеңмен таныстыру. Оқу.
Түсіндіру, сөздердің мағынасын ашу.
Бие – құлынның енесі
Алатау, Қаратау - таулар
Оқушыларға оқыту. Оқудың түрлері.
Іштей оқу
Тізбектей оқу
Бөліп оқу 3 бала
г) Тіл дамыту жұмысы
Орны ауысқан сөздер
Достар, Ұлыстың құттықтайды, күнімен, ұлы.
Достар Ұлыстың ұлы күнімен құттықтайды.
Тілек, жақсы, туған - туыстар, айтады.
Туған - туыстар жақсы тілек айтады.
Халқымыз, көшеге, көгерсін, деп, егеді, тал.
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Сергіту сәті.
Ән: «Көктем келеді»
Слайд. Наурыз қыз. Ысылдаған боран.
Шығармашылық жұмыс.
Мұғалім: Наурыз қыз жерді жайнатып, гүлдендіру үшін жолға шыққан.
Жолда оған боран кездесті. Наурыз қызды бораннан құтқару үшін біз тапсырма орындайық.
Шағын шығарма жазылады
Ол үшін ата - анаңа, ұстазыңа, достарыңа арнап тілек білдіріп, құттықтау хат жаз.
3 - 4 балаға оқыту
- Балалар, үлкендер сіздерге қай уақытта бата - тілек айтады?
Слайд. Қолға су құю. Кішінің үлкенге қызметі. Келін түсу т. б. Сонымен, балалар, бата - жақсы тілек екен.
Ал сіздер өздеріңіз қандай бата естіп жүрсіздер? Айта қойыңдар.
3 бала жатқа айтады.
Үйге тапсырма: Жаттау
Бағалау.
Уа, құдайым, оңдасын
Жаманшылық болмасын.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қыдыр баба қолдасын,
Аман сақтап мал басын.
Еккен егін солмасын.
Сабақ
|
2-сынып
|
Мерзімі: 12.03.2015 ж.
|
Сілтеме
|
Күнтізбелік жоспар,оқулық әдебиеттік оқу 2-сынып
|
Сабақтың тақырыбы
|
Өтепберген Ақыпбеков «Наурыз-жыл басы»
|
Сабақтың мақсаты
|
Жазушы өмір баянына қысқаша шолу жасалып, өлеңді мәнерлеп оқу барысында мазмұнымен танысады.
Наурыз мейрамы туралы түсінік қалыптастырылады, ойын жүйелі жеткізе білуге үйренеді, сөздік қоры молаяды.
Наурыз туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық дәстүрді сүюге, сақтауға, ұлтжандылыққа тәрбиеленеді
|
Ресурстар
|
Сызбалар үлестірме материалдары,проектор,А 4,
|
Оқыту нәтижелері
|
Өлеңді түсініп,мәнерлеп оқып,мазмұнын ашады.Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады,өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады,өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді.
|
Дереккөздер
|
Наурыз мейрамы-уикипедия
|
Сабақтың барысы
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Үй тапсырмасын қайталау: Бейне көрініс «Наурыз той»
|
СТО (жіңішке-жалпақ сұрақтарды қолдану)
|
1.Наурыз-туралы білімдерін ортаға салады
2.Жұмбақ шешу: Қарлығаштың тапсырмасы: «Наурызға тілек» өлеңін жатқа айту
|
Сергіту сәті:
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін көтеру
1 мин.
|
|
|
Топқа бөліну
1 мин.
|
Топпен жұмыс істеу ережесін еске түсіру.
|
|
|
Өтепберген Ақыпбековтың өмірбаяны мен шығармаларына қысқаша шолу
|
Қарлығаштың 2-ші тап-сы: «Бұлттардың қабағын ашайық»
3.Елестету арқылы ақын Өтепберген Ақыпбековтың портретін құру.
|
|
1.Өлеңді мәнерлеп оқып береді.
1-қатардағы топтар көктем мезгілі туралы сұрақ қояды.
2-қатардағы топтар «Наурыз» мейрамы туралы сұрақтар қояды.
|
1.Оқушыларға тізбектеп оқиды.
2.Өлеңді екі бөлікке бөледі.
|
|
|
|
«Сұқ саусақ» стратегиясы
|
|
Топ мүшелері өзі қалаған оқушыға сұрақ қояды.
|
|
«Біреу білмегенді,біреу білер» дегендей,қарлығаш салт-дәстүрлерге байланысты «Кім көп біледі?» ойынын да ала келіпті.
|
Берілген сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
І. топ: 5 жолды өлең
ІІ топ: Төрт жол өлең құрастырыңдар.Тірек сөздер: көктем, жыл құстары, жап-жасыл, гүлге, бөлеп.
ІІІ. топ: Тіл дамыту жұмысы: Орны ауысқан сөздер
Достар, Ұлыстың құттықтайды, күнімен, ұлы.
Тілек, жақсы, туған - туыстар, айтады.
Халқымыз, көшеге, көгерсін, деп, егеді, тал.
ІҮ топ: Семантикалық карта
Ү. топ: теріп алу стратегиясы
Көктемде болатын өзгерістер,
Наурыз мейрамына б/ты атаулар.
|
Тест тапсырмалары:
|
|
1. Наурыз қандай мереке?
а) діни мейрам ә) ұлттық мереке б) кәсіптік мереке
2. Күн мен түн қай күні теңеледі?
а) 22-қаңтарда ә) 22-желтоқсанда б) 22-наурызда
3. Наурыз мерекесіне тән қазақ халқының салт-дәстүрі:
а) Көрісу ә) Ұлттық мереке б) Жарапазан айту.
4. Жыл басында нұр жауған түн
а) Қызыр түні. ә) Ұлыстың ұлы күні б) 22-наурыз
5. Жыл басының алғашқы асы
а) Наурыз көже. ә) Ұйқыашар б) Уыз
|
Жинақтау
|
Көктем мезгілі саған несімен ұнайды? Наурыз мейрамын сен қалай қарсы алар едің?
|
|
Рефлексия
|
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
-Қандай көңіл-күйдесіңдер?
«Айтушы ақылды болса,
Тыңдаушы дана болады»,демекші,
балалар,сендерге сабақ ұнады ма,несімен ұнады?
|
|
Үйге: 1 мин.
|
Бата- тілек жаттау, өлеңді мәнерлеп оқу, «Көрікті көктем» тақырыбына сурет салу.
|
Бағалау:
|
|
Кері байланыс: 2 мин.
|
Достарына,қонақтарға тілек жазу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |