Сабақ тақырыбы Негізгі және айналым қор лар ы Жалпы мәліметтер



Дата26.03.2023
өлшемі31,76 Kb.
#173036
түріСабақ
Байланысты:
Негізгі және айналым қорлары


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі
«Гуманитарлық пәндер» бөлімшесі


ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
(теориялық немесе тәжірибелік оқыту)



Модуль / пән атауы

БМ03.Эконом негіздері

Сабақ тақырыбы

Негізгі және айналым қорлары 

  1. Жалпы мәліметтер

Курс

Мерзімі

Тобы

Бөлімше меңгерушінің қолы






ЗҚТ-0921-2




Сабақ түрі

Теориялық сабақ

2. Мақсаты, міндеттері




Негізгі және айналым қорлары  қызмет етуі туралы білімгерлерге ұғындыру.

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

1.Білімділік 2.Дамытушылық
3. Тәрбиелік



А. Студенттерге негізгі және айналым қорлары  ұғымдары жайлы түсінік беру
Б. Оқушылардың жан-жақты ой өрісін дамыта отырып, негізгі және айналым қорлары қызмет ету мақсатын және тапсымаларын меңгерту, білімін дамыту
В.Оқушыларды экономикалық сауаттылыққа тәрбиелеу



3. Сабақты жабдықтау

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Кабашев Р.А., Кадырбаева А.К., Кекилбаев А.М., Жылутехника.– Алматы: Бастау, 2008

  2. Дүкенбаев К., Энергетика Казахстана: условия и механизм ее устойчивого развития,– 2002

  3. Қазақ энциклопедиясы 5 том, –2005

Техникалық құралдар, материалдар

оқулықтар, компьютер, интерактивті мультимедиялық проектор, т.б.



4. Сабақтың барысы

Уақыт (мин)

Ұйымдастыру кезеңі



  1. Сәлемдесу, студенттерді түгелдеу,

  2. сабаққа назарларын аударту

  3. Құрал-жабдықтарды тексеру

  4. Топқа жағымды ахуал туғызу

5 минут

Үй тапсырмасын тексеру

Ұйымдарда еңбек нориативі

25 минут

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Негізгі және айналым қорлары 



25 минут

5. Сабақ бойынша бағалау-өлшеу материалдары, бағалау парақтары, жұмыс дәптері (қағаз және электрондық форматта)

Бүгінгі тақырып бойынша негізгі және айналым қорлары  қызмет етуі бойынша қосымша сұрақтар қою арқылы бекіту

6. Сабақ бойынша рефлексия
(оқушының білімін, білік-дағдысын пысықтау, бекіту ж/е қорытындылау) - 25 минут


7. Бағалау - 5 минут

8. Үйге тапсырма – 3 минут

Үйге тапсырма:
Қорлар туралы жалпы түсінік

9.Пайдаланған әдебиеттер -- 2 минут

Дайындаған педагог


Сәтенхан Әсел
(Т.А.Ә.)
__________
(қолы)




Негізгі және айналым қорлары 

Өндіріс үрдісінде негізгі және айналым капиталы бір – бірімен тығыз байланысты. Негізгі қорды тиімді пайдалану айналым қаржыларын ұтымды пайдалануына ықпалын тигізеді және де керісінше.


Айналым қаржылары (капиталы) – бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын жаңа өнімге толық көшірілетін бөлігі. Әдетте, айналым құралы өзінің заттай түрін өзгертіп немесе дойып, өндіріс үрдісі аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Өнеркәсіпте айналым қаржылары негізгі екі топқа – айналым құралы және айналым қорлары болып бөлінеді. Айналым өндіріс қоры өндіріс шеңберінде болып, еңбек бұйымын заттай түрде құрайды: шикізат, негізгі және көмекші материалдар, отын және электр қуат, аяқталып бітпеген өндіріс, алдағы мерзімде жұмсалатын шығын, құнсыз және тез тозатын бұйымдар, тетіктер, жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер және тағы басқалары. Айналым өндіріс қорын есепке алғанда және жоспарланғанда табиғи және ақшалай көрсеткіште сипатталады.
Айналым қорлырының құрамына дайын өнім, жөнелтілген, бірақ ақысы әлі төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі есеп – шоттардағы, кассадағы ақша, есептесіп бітпеген жердегі ақша қаражаттары жатады.
Айналым құралдары өндіріс саласында қызмет атқаруында үнемі айналымда болып, өндіріс шеңберінен айналым шеңберіне ауысып отырады.
Айналым құралы айналымдық үрдісіне үш сатыдан өтеді:

    1. Ақша

    2. Өндіріс

    3. Тауар

яғни, кәсіпорында ресурстар тауарлы өнімге айналып, сатылғаннан кейін жаңа ақша қаражатына айналады. Өнімді сатудан тсүкен жаңа ақшаға кәсіпорын жаңадан еңбек бұйымдарын сатып алып, өндіріс құралдары жаңа айналымдық шеңберіне ауысады.
Айналым құралы мөлшерлік деңгейде мөлшерленетін және мөлшерленбейтін болып бөлінеді.
Мөлшерленетін айналым құралына - өндіріс запастарын құрайтын шикізат, материалдар, ыдыс, аяқталмаған өндіріс, алдағы мерзімде жұмсалатын шығындар және тағы басқалары жатады.
Өндірісте әлі де болса өңдеуден өтпеген еңбек бұйымдарын шикізаттар деп айтуға болады. Шикізат, материалдар және көмекші болып бөлінеді. Негізгі материалға жаңа өнім құрамындағы басты затты сипаттайтын материалды жатқызамыз.
Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы
Кәсіпорынның бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен, қолда бар керекті еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз байланысты. Осындай құралдардың көзі ретінде негізгі қорларды жатқызуға болады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үзіліссіз жүзеге асырылуы тек қана негізгі қорлардың іс жүзінде ықпалыменен болады.
Негізгі қорлар – өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, өзінің бастапқы құнын сақтай отырып, дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын өндірістік қорлардың бір бөлігі
Экономикалық әдебиеттерде негізгі өндірістік қорлардың анықтамаларының бірнеше түрлері көрсетіледі. Соның ішінде кеңінен таралған нұсқаларын ұсынуға болады:
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – еңбек құралдарының құндылық белгісі. Негізгі қорларды басты белгісі сыртқы нысанын өзгертпейді және өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік циклдардың қатарының өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай ауыстырады.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбек құралдары болып табылады, олар көптеген өндірістік циклдарда қатысады, өздерінің натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын біртіндеп ауыстырады. Негізгі қорлар – еңбек құралдарының құндылық сипаты болып табылады. Негізгі құралдардың басты белгісі оның өз құнын дайын өнімге біртіндеп көшіру, яғни өндірістік циклдардың қатарлы ағымы мен тозу көлеміне байланысты.
Негізгі қорлар – кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық базасы болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен қарулану деңгейіне байланысты болады.
Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген топтастыруына қарай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді.
Өндірістік бағыттағы негізгі қорларға:

  • Өнеркәсіп,

  • Құрылыс,

  • Ауыл шаруашылығы,

  • Автомобиль көлігі,

  • Байланыс,

  • Сауда,

  • Ғимараттар,

  • Құрылыстар,

  • Машиналар,

  • Жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары жатады. 

Олар өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.
Өндірістік емес қорларға:

  • Тұрғын-үй,

  • Коммуналдық шаруашылық,

  • Денсаулық сақтау,

  • Білім беру,

  • Мәдениет,

  • Спорт салаларына бөлінеді. 

Олар өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ олар жұмысшы күшін ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне жанама әсер етеді.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді.
Актив бөлігі (машиналар, құрал-жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің (қызмет, жұмыс) мөлшері мен сапасына ықпал етеді.
Пассив бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік процеске қажетті жақтарын құрап, жағдай жасайды.
Негізгі қорлар алдына қойған мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай мына топтардан тұрады:

  • Үйлер;

  • Ғимараттар;

  • Өткізбелік тетіктер;

  • Күш машиналары;

  • Жұмыс машиналары мен жабдықтар;

  • Есептеуіш техникалары және олардың бағдарламалық құралдары;

  • Тасымалдау құралдары;

  • Құрал-саймандар мен жабдықтар;

  • Өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтары;

  • Өнім және жұмыс малдары;

  • Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер;

  • Кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері және басқа да негізгі қорлар деп бөлінеді.

Басқа негізгі қорлардың құрамына техникалық кітапханалар, өрт сөндіретін шаруашылық құралдары және т.б. кіреді.
Негізгі қорлар топтарының аталғандардың барлығы өндірістегі және тиімділігін көтеру маңызы әрқалай болады. Негізгі қорлардың белсенді бөлігі өндірістегі еңбектің техникалық қарулану деңгейіне тікелей байланысы бар, яғни олар жұмыс машиналары, құрал-жабдықтар, көліктік құралдар және құрал-саймандарды пайдалану өнімділік пен тиімділіктің сапасы және көлеміне үлкен әсерін тигізеді.
Өндірістік қорлардың басқа бөліктері өндіріс үрдісінде жанама қатысады (өткізбелік тетіктер), олар машиналар мен құрал-жабдықтарды пайдалануда қажетті жағдайлар ұйымдастырады, себебі, машиналар өндіріс процесінің тірегі болып табылады. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базаның деңгейі негізгі қорлардың белсенді бөліктерінің саны мен сапасына қарай анықталынады.
Меншіктік қатынасына қарай қорлар өзіндік және уақытша жалға алынған болып бөлінеді. Өзіндік қорлар кәсіпорынның меншігіндегі қорлары болып табылады, ал жалға алынған қорлар басқа кәсіпорындардың меншігіндегі қорлар болып есептелінеді және нақты кәсіпорын келісімшартқа сәйкес пайдаланады.
Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады:

  • Негізгі қордың тозуы;

  • Амортизация;

  • Негізгі қорды толық қалпына келтіру үшін жинақталған қаражаттар;

  • Капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.

Кәсіпорынның және басқа да әр түрлі салалардың негізгі қор құрылымы мынадай факторлармен анықталады:

  • Өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты,

  • Өндірістің техникалық деңгейі,

  • Мамандыру және т.б.

Амортизация - негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін 
тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Негізгі қорлар өндірістік процесте:

  • Натуралды;

  • Ақшалай нысанда зерделенеді.

Натуралды нысандағы құралдардың есебі:

  • Негізгі қорлардың техникалық құрамын;

  • Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын;

  • Құрал-жабдықтарды пайдалану дәрежесін;

  • Басқа да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік.

Негізгі қордың ақшалай нысандағы есебі:

  • Негізгі қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын;

  • Амортизациялық аударымдардың есебін;

  • Дайын өнімді тасымалдау құнын;

  • Капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтайтын қажеттілік[10, 156б].

Негізгі қорларға жататын негізгі құралдар пайдалану дәрежесіне қарай келесі негіздемелерге бөлінеді:

  • Пайдалану түріне;

  • Запасты (резервті) құру түріне;

  • Құрастыру, құрылу кезеңдеріне, қайта құрастыру, модернизация және бөлшекті ликвидация кезеңдеріне қарай бөлінеді.

Объектілерге құқықтық иемдену тәуелділігіне қарай негізгі құралдар былайша жіктеледі:

  • Меншіктік құқығы негізінде ұйымға жататын негізгі құралдар объектілері (соның ішінде жалға өткізілгендер);

  • Шаруашылық жүргізу немесе басқарудың меншіктік құқығы негізінде ұйымның қарамағындағы негізгі құралдар объектілері;

  • Ұйымнан жалға алынған негізгі құралдар объектілері[11, 137б].


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет