Ортасы
|
Б/Т/Ж І Петрдің жүргізген саясаты жайлы жалпы мәліметті беру. Оқушылар бұл мәліметке сүйене отырып, І Петрдің негізгі іс-әрекеттерін анықтап, талдау .
Мысалы, оқушылар келесі тұжырымдарды шығаруы мүмкін:
1. Қазақ жерін зерттеуді бастады (Каспий мен Арал теңізі, Жайық өзені).
2. Шекаралық бекініс қамалдар салды (Гурьев бекінісі, Омбы, Ямышевск бекіністері, Железинск қамалы, Семипалатинск, Өскемен, Павлодар бекінісі).
3. Сауда байланысын күшейтті.
4. Дипломатиялық ықпал жасады.
5. Әскери қосындарды жіберді.
Б/Т Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға қазақ жүздері де мүдделі болғанын түсіндіру.
Б/Т Неліктен Қазақстанның Ресей үшін «кілт пен қақпа» болғандығын сұрау. Картаны пайдалана отырып, Ресейдің Қазақстан арқылы Орта Азияға өту жолдарын анықтап, көрсету . Оқушылар шығармашылықпен неліктен «кілт пен қақпа» болғанына презентация жасайды.
Б Әбілқайыр ханның Анна Иоанновнаға жіберген елшілік жайлы ролдік ойын ұйымдастыру.
Т - «Әбілқайырдың Кіші жүзді Ресейге қосуындағы көздеген мақсаты қандай болды?»
Осыдан кейін сыныпты төрт топқа бөліңіз. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы туралы алдан ала дайындалған мәтінді тарату.
Т Мәтінді пайдалана отырып, оқушылар Кіші жүздің Ресейге қосылуына әсер еткен негізгі және жанама себептерді талдайды. Диаграмма/кесте арқылы Әбілқайыр ханның көздеген мақсатына шығады.
Топтарды бір ортақ пікірге әкелу үшін бүкіл сынып бір мақсатқа дауыс беріп, Әбілқайыр ханның көздеген мақсатын анықтайды.
|
Әбділдабекова, А. М. XVIII-XX ғасыр басындағы Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы: тарихнама мәселелері. – Алматы, 2007
Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. - Алма-Ата: Изд-во АН КазССР,1961.
Аспендияров, Санжар Қазақстан тарихының очерктері. – Алматы: Санат, 1994
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. – Алматы, 2010.
XVIII-XX ғасыр басындағы Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы: тарихнама мәселелері
Касымбаев Ж.К. Политика Абулхаир-хана в принятии Младшим жузом Российского подданства в 30-годах 18 века //Поиск. №5, 1997, 62-72 бб.
Ерофеева И. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. – Аламаты, 1999.
|