Сабақ тақырыбы «Ньютон заңдары»



бет2/2
Дата04.08.2017
өлшемі312,76 Kb.
#22651
түріСабақ
1   2


№1 ЗЕРТХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ: бірқалыпты түзусызықты қозғалған кезде автомобиль Ньютонның бірінші заңына сәйкес, ал аз ғана уақыт қозғалтқышын жаңармайды үнемдеу үшін өшірген кезде Ньютонның ІІ заңына сәйкес теңкемімелі қозғалады.

2 ЗЕРТХАНАСЫНДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТКЕ ҚАТЫСУШЫ-АҢШЫ:

Мен малды бір орыннан екінші орынға үнемі қорек табу мақсатында айдап отырамын, ешқандай аурулар таралып кетпеуін қадағалаймын. Өзімен бірге үнемі мылтық алып жүремін. Мылтықтан шыққан оқтың траекториясы қандай және қандай заңдылыққа бағынатынын айтып беріңіздерші.



№2 ЗЕРТХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ: мылтықтан шыққан оқтың траекториясы түзу сызық болып табылады. Оқа әсер ететін күштің шамасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның алатын үдеуі де артық болады. Яғни оқтың қозғалысы Ньютонның ІІ заңына бағынады.

3 ЗЕРТХАНАСЫНДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТКЕ ҚАТЫСУШЫ-АРҚАН ТАРТУШЫЛАР:

Біз бірнеше жылдан бері спортпен айналысып келеміз. Негізі сүйікті ісіміз- арқан тартысу. Арқан тартысу кезінде денеге түсірілген күш неге тең болады.

№3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР:арқан тартысу қазақтың ойындарының бірі. Бірнеше жақтан түсірілдген күш шың мәнінде басқа күштермен теңгеріледі, яғни табиғатта кез келген күшке модулі бойынша тең, бірақ бағыты бойынша қарама қарсы басқа күш табылдаы.

ДИРЕКТОР: Ньютон мырза 3 зертхана да сіздің берген тарсырмаңызды орындады. Бағаңызды беріңіз.

НЬЮТОН: Мен 3 зертхананың да жұмысына қанағаттанамын. Заңдардың өмірдегі қолданысы мен маңыздылығын ашып көрсетті, менің заңдарым өмірде кең қолданыс тапқанына қуаныштымын. Сіздерге ғылыми жаңалықтар ашуда сәттілік тілеймін! Сау болыңдар!

ДИРЕКТОР: Сау болыңыз!


ДИРЕКТОР: құрметті, ғылыми қызметкерлер, Ньютон заңдарын сіздер бүгін көрсетпеген қандай салада қолдануға болады?

№1 ЗЕРТХАНА: поездің қозғалысы: поезд бірқалыпты түзусызықты қозғалған кезде инерциялық санақ жүйесінде қозғалады, демек Ньютонның бірінші заңына сәйкес қозғалады.

№2 ЗЕРТХАНА: тіс емдеу: Тісті емдеу кезінде ешқандай да күш дененің жылдамдығын лезде өзгерте алмайтынын ескеруіміз қажет. Егер тіс жұлатын құралмен кенет тісті жұлып алса, адам денесі жылдамдығын өзгертіп үлгермейді, ал тіс инертті дене ретінде Жерге қатысты үдеу алады.

№3 ЗЕРТХАНА: атарба: Ньютонның үшінші заңына сүйенетін болсақ, ат арбаны қандай күшпен тартатын болса, арба да атты сондай күшпен тартады.







ДИРЕКТОР: Сонымен, құрметті, №1, №2, №3 зертхананың ғылыми қызметкерлері, бүгінгі кеңесіміздің күн тәртібінде тұрған үш мәселе де талқыланып өтті. Соның нәтижесінде қеңестің қаулысы шығарылсын:



Қаулы:

  1. №____зертхана қызметкерлерінің жүргізген іс-тәжірибесі негізінде Ньютонның____заңын ғылыми тұрғыдан жоғары деңгейде зертеу жүргізгендері атап өтілсін.

  2. №____зертхана қызметкерлерінің жүргізген іс-тәжірибесі негізінде Ньютонның____заңын зертеу кезінде жіберген қателеріне байланысты қызметкерлердің жұмысына жақсы деген баға берілсін.

  3. №____зертхана қызметкерлерінің жүргізген іс-тәжірибесі негізінде Ньютонның____заңын ғылыми тұрғыдан зерттулеріне қанағаттанарлық деген баға берілсің.

ДИРЕКТОР: осы қаулыға алып-қосарларыңыз бар ма? оқылған қаулы қабылдансың дегендеріңіз қол көтерулеріңізді сұраймын. Қарсы шыққандар бар ма? Қалыс қалғандар? Олай болса, бүгінгі кеңесіміздің қаулысы хаттамаға тіркелсің.
ДИРЕКТОР: құрметті, ғылыми қызметкерлер, бүгінгі істеген жұмыстарыңыз үшін рахмет. Келесі ғылыми кеңеске Ньютонның Бүкіләлемдік тартылыс заңын талқылап өмірдегі қолданысы мен маңыздылығын зерттеп келулеріңіз сұралады. Осыменен, бүгінгі кеңесіміз жабық деп жарияланады. Сау болыңыздар!

Қаулы:

  1. №__1,2,3__зертхана қызметкерлерінің жүргізген іс-тәжірибесі негізінде Ньютонның_І ІІ ІІІ___заңын ғылыми тұрғыдан жоғары деңгейде зертеу жүргізгендері атап өтілсін.

  2. №_1,2,3___зертхана қызметкерлерінің жүргізген іс-тәжірибесі негізінде Ньютонның_І ІІ ІІІ___заңын зерттеу кезінде қызметкерлердің жұмысына өте жақсы деген баға берілсін.

Каталог: uploads -> doc -> 064d
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
064d -> Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Бөкей Ордасы ауданы Жетекшісі: Наурызова Айнұр Мұратқызы
064d -> Сабақтың түрі: Ауызша журнал
064d -> Қазақ тілі сабағында коммуникативтік қҰзіреттілікті қалыптастыру сипанова Баглан Саттаровна


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет