Сабақ тақырыбы: Нүкте және түзу. Екі түзудің өзара орналасуы
Дата 08.09.2017 өлшемі 11,78 Kb. #30409 түрі Сабақ
Сабақ тақырыбы: Нүкте және түзу. Екі түзудің өзара орналасуы. Сабақ мақсаты: Біліктілік: Жазықтықтағы негізгі фигураларға нүкте мен түзу жататындығын , оларды қалай белгілейтіндігін түсіндіру, түзулердің қиылысатын және қиылыспайтындығын айту. Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, есеп шығарудың жаңа түрлерін меңгерту және ойдан ой туындатуға, әр сөзді , айтылған ойды дәлелдеуге үйрету. Тәрбиелік: Оқушылардың геометрия пәніне ынталығын, қызығушылығын арттыру. Геометрия – геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым. Жазықтықтағы фигуралардың қасиеттерін зерттейді Кеңістіктегі денелердің қасиеттерін зерттейді Мына жазықтықтағы фигураларды атап шығыңдар: Мына кеңістіктегі денелерді атап шығыңдар: А, С, D нүктелері түзуінде жатады: В нүктесі түзуінде жатпайды: Жазықтықтағы нүктелер мен түзулердің орналасуының негізгі қасиеттері: I. а) Қандай түзу болмасын, ол түзуде жататын нүктелер де, жатпайтын нүктелер де болады. ә) Кез келген екі нүкте арқылы бір және тек бір ғана түзу жүргізуге болады. Екі түзудің ортақ нүктесі бар болса, онда түзулер қиылысады. - екі түзуге де ортақ нүкте с мен d түзулерінің ешбір ортақ нүктесі жоқ. Бұл түзулер қиылыспайды. Қорытынды: Екі түзудің жазықтықта өзара орналасуының екі жағдайы болады. Екі түзу қиылысады да, олардың бір ғана ортақ нүктесі бар болады. Осы нүкте берілген екі түзудің қиылысу нүктесі деп аталады. Екі түзу қиылыспайды , олардың ортақ нүктесі жоқ. Қиылыспайтын түзулер параллель түзулер деп аталады. Белгілеуі: , мұндағы - параллельдік белгісі Параллель түзулердің негізгі қасиеті: II. Берілген түзуден тыс жатқан нүкте арқылы осы түзуге паралель жалғыз ғана түзу жүргізуге болады. Егер түзу өзара параллель екі түзудің біреуін қиятын болса, онда ол екінші түзуді де қияды. Математикалық белгілерді қолданып түзуде жататын және жатпайтын нүктелерді жазып шығыңдар: Жауабы: шексіз көп түзулер жүргізуге болады. Жауабы: бір ғана түзу жүргізуге болады. Жазықтықтағы негізгі геометриялық фигураларды атаңдар. А) нүкте, түзу В) нүкте, сәуле С) түзу, сәуле 2. Нүктелерді қандай әріптермен белгілейді? Түзулерді ше? А) Латынның бас әріптерімен , латынның бас әріптерімен В) Латынның бас әріптерімен, латынның кіші әріптерімен С) Латынның кіші әріптерімен, латынның кіші әріптерімен 3. Қандай түзулерді қиылысатын түзулер деп атайды? А) Ортақ нүктесі болмаса В) Параллель болса С) Ортақ нүктесі бар болса 4. Қиылыспайтын түзулер деп қандай түзулерді атайды? А) Ортақ нүктесі болса В) Ортақ нүктесі жоқ болса С) Екі ортақ нүктесі болса 5. Қандай түзулерді параллель түзулер деп атайды? А) Қиылысатын В) Ортақ нүктесі бар түзулер С) Қиылыспайтын Қазақтың ұлттық бас киімі Үйге тапсырма: №14, №15, №16 сұрақтарға жауап беру. Достарыңызбен бөлісу: