Сабақ тақырыбы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Диалогтік оқыту Жалпы мақсат



бет2/3
Дата11.01.2017
өлшемі451,29 Kb.
#7026
түріСабақ
1   2   3

3. «Ана құрсағындағы егіз нәрестенің әңгімесі» бейнежазба көріп, тыңдады және сол жазбадағы диалог түрін анықтады. Әр топ өз түсінгендерінше әңгіме-дебат және зерттеушілік әңгіме дей келе мүмкіндігінше топта өзара пікірлесе отырып, постер жасады, оны дәлелдер келтіре қорғап шықты.



4. Мұғалімдерге «Диалогтік оқыту», Әңгімелесу түрлері: «Әңгіме-дебат», «Кумулятивтік әңгіме», «Зерттеушілік әңгіме», «Сұрақ және сұрақ түрлері» туралы түсінік беріп, презинтацияма шолу жасап көрсеттім.

5.«Суға кеткен ғұмыр» тақырыбындағы нақыл әңгімесінің (әдебиеттік оқу оқулығы, 3 сынып) мәтінін таратып беріп, топ бойынша сұрақ түрлеріне постер құрау тапсырылды.




Топтардың қорғаған постерлері

1 - топ

2 - топ

3 – топ

Түрткі сұрақтар

Сынақтан өткізу

сұрақтары



Басқаға бағыттау

- Теңізге кімдер шықты?

- Олар қандай ғылымдар жайында сөйлесті? Т., б.



- Әңгіме неліктен «Суға кеткен ғұмыр» деп аталғанын түсіндіріп бере аласыз ба?

- Балықшы табиғат құбылыстары мен өзгерістері жайлы ғалымнан да жақсы білгенімен неліктен физика ғылымын естімеппін деп жауап бергенін мысал келтіріп, түсіндіре аласыз ба? Т. ,б.




- Кім толықтырып жауап береді?

- Кәне, кім көмектесе алады?



- Тағы не айтуға болады? Т.,б.


Бұл тапсырманы орындау барысында мұғалімдер кәдімгідей қиналды. «Иә», «жоқ», «дұрыс», «дұрыс емес» деп қана жауап талап ететін төмен дәрежелі сұрақтардан қайта құру, түсінігін кеңейту, талдау, жинақтау, бағалау арқылы сыни ойлауға үйрететін жоғары дәрежелі сұрақтар құру және оған жауап беру үшін тереңінен, жан – жақты ойлануға тура келді. Осы тапсырма арқылы сұраққа жауап бергеннен гөрі, ойландыратын сұрақтар дайындау оңай еместігіне көздері жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет