Сабақ Тақырыбы: Өмір бойы жалғасатын әлеуметтану және бірегейлік: институттар мен үрдістер



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі19,83 Kb.
#84267
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Тақырып № 5 әлеуметтану


АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметттану пәні бойынша


№ 5 практикалық сабақ

Тақырыбы: Өмір бойы жалғасатын әлеуметтану және бірегейлік:


институттар мен үрдістер

Орындаған: Қанат Анель


ТОП-20-18 ТиПо
Қабылдаған: Джунусбаева А.

Алматы 2020


Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты. Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және интеллектуалдық төңкерістер кезінде зерттеу саласы ретінде пайда болды. Дәстүр мен наным-сенімдерді рационализм мен ғылым алмастыра бастады. Бұл оңайға түскен жоқ. Мүндай текетірестің айқын көрінісі француз революциясы болды: 1789 жылы басталған қанды көтеріліс ескі әлеуметтік құрылымдарды жоюды мақсат етті. Аз уақыт ішінде дәстүрлі ауыл қоғамы индустриалдық қала қоғамына айналды.Өзгерістердің жылдамдығы мен ауқымдылығы әлеуметтік күйзеліс тудырды, себебі бұрынғы өмір сүру жолдары мен әлеуметтік сенімдер біржола жойылып бара жатты.Осы түста бұрынғы миллиондаған шаруа мен жүмысшы қарқынды дамып келе жатқан қалаларда өмір сүру үшін күресті.Бұл дүрбелең XIX ғасырдағы интеллектуалдық еңбектердің дүниеге келуіне түрткі болып, мәселен,Чарльз Диккенстің романдары мен Карл Маркстың революциялық теорияларының өзегіне айналды. Сондай-ақ бүл жайт қоғамды эмпирикалық зерттеуге де ынталандырды. Ғылыми зерттеулер жаңа кәсіп түріне айналды, ал жұрт бұдан көп үміт күтті. Әлеуметтену – мәдениетке және қоғамға араласу үшін қажетті ережелерді, тәжірибелерді және құндылықтарды үйрену процесі. Әлеуметтенудің басты сипаты әлеуметтік рөлдерді үйрену болып табылады. Рөлдерге белгілі бір әлеуметттік жағдайдағы кез келген адамнан күтілетін мінез-құлық пен ойлау тәсілдері жатады. Аналар, мұғалімдер, студенттер мен ғашықтар – бәрі де өз рөлдерін атқарады. Әрбір ұстаным тиісті қимылдарға, айтатын нәрселерге және басқа да адамдармен өзара әрекетке түсу жолдарына қатысты белгілі бір сенімдерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет