Сабақ Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту Сынып: 5 Ә Пән мұғалімі: Асылбекова Д. Б сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту



Дата25.08.2017
өлшемі60,72 Kb.
#26334
түріСабақ
Ашық сабақ

Тақырыбы:

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Сынып: 5 Ә

Пән мұғалімі:Асылбекова Д.Б

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту



Сабақтың мақсаты: Ондық бөлшектерге қосу, азайту амалдарын жүргізуді үйрету.

Міндеттері:

1)білімділігі: Ондық бөлшектерді қосудың, азайтудың ережелерін білуге;

2)тәрбиелігі: Білімділікке, ұлтжандылыққа,сауаттылыққа;

3)дамытушылығы: ақыл-ойларын, екі түрлі ондық бөлшектерді қосқанда соңында 0 саны болатындығын;



Сабақтың көрнекілігі: парақшалар, деңгейлік тапсырмалар, киіз үй, плакат, кестелер.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі : іздендіру сабағы

Оқытудың әдісі: түсіндірмелі және практикалық, деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану;

Сабақтың барысы: Сабақтың барысы 4 кезеңнен тұрады:

1.Ұйымдастыру кезеңі;

2.Үй тапсырмасын тексеру;

3.Есептер шығару;

4.Қорытынды сабақ(үйге тапсырма, бағалау).

Сабақтың құрылымы: Сабақ 4 деңгейлік бөлімнен тұрады:

І.Оқушылық деңгей(ауызша сұрақтар);

ІІ.Алгоритмдік деңгей(Тест жұмысы);

ІІІ. Шығармашылық деңгей(Оқулықпен жұмыс);

ІV. Эвристикалық деңгей(Математикалық лото).

1.І.Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлематсыздар ма оқушылар, отырыңыздар!

-Бүгін кім кезекші, сабақта кім жоқ.



Ауызша сұрақтар:

1.Бөлшек нешеге бөлінеді? (1.Жай, 2.Ондық);

2.Жай бөлшек нешеге бөлінеді?(1.Дұрыс бөлшек,2.Бұрыс бөлшек,3.Аралас сан);

3.Аралас сан дегеніміз не? (бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан);

4.Ондық бөлшек дегеніміз не? (Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан);

5.Ондық таңбалар дегеніміз не? (Ондық бөлшектің бөлігінің цифрларын айтамыз);

6.Санның бөлігін қалай табамыз?(Сол санды бөлігіне көбейтеміз);

7.Бөлігі бойынша санды қалай табамыз?(Берілген санды бөлігіне бөлеміз).



.ІІ.Үй тапсырмасын тексеру (С тобындағы №1272)

1) 0,07+13,23 Жауабы: 13,3

2)9,02+4,28; Жауабы: 13,3

3)18,36+7,14. Жауабы: 25,5

4)85,07+3,03=92,5

5)25,6+0,41=26,01

6)56+0,37=56,37

7)6,3+2,5+0,7=9,5

Тест тапсырмалары:




А

В

С

Д

1.Берілген бөлшектердің ішінен дұрыс бөлшекті табыңдар?



9





2. бөлшегін қысқартыңдар?

0



8



3. бөлшегін аралас санға айналдырыңдар?

22



1



4.Жұлдызшаның орнына тиісті теңсіздік белгісін қой?

5,689 * 5,6890

<

>

=


Жауабы жоқ

5.Сандардың қайсысы 9 санына қалдықсыз бөлінеді?

1175

5328

6835

3796

Дұрыс жауабы: 1.А, 2.В, 3.Д, 4.С, 5.В.

3.ІІІ.Есептер шығару:

1.Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, тиімді тәсілмен есепте:

1)1,245+(0,755+3,02)=(1,245+0,755)+3,02=2+3,02=5,02;

2)(2,716+12,3)+4,284=(2,716+4,284)+12,3=7+12,3=19,3;

3)91,125+(0,83+8,875)=(91,125+8,875)+0,83=100+0,83=100,83;

4)(134,06+16,03)+5,94=(134,06+5,94)+16,03=140+16,03=156,03;

5)612,007+(38,003+6)=(612,007+38,003)+6=650,01+6=656,01.

2.1)Ұзындығы 12,5 м ағаштың 2,15 м-і жерге көмілді. Ағаштың жердің бетіндегі бөлігінің ұзындығы қанша? Шешуі:12,5-2,15=10,35. (Жауабы:10,35 м)

2)Ағаштың барлық ұзындығын табуға кері есеп құрастыр?

Ағаштың жерге көмілген бөлігінің ұзындығы 2,15м. Ал жердің бетіндегі бөлігінің ұзындығы 10,35м. Ағаштың барлық ұзындығын тап?

Шешуі:2,15+10,35=12,5. (Жауабы: 12,5 м)

3.Есептеңдер:

1)(45,3-8,07)-(32,09-24,3)=37,23-7,79=29,44;

3)(88,8-75,13)-(6,995-5,07)=13,67-1,925=11,745;

5)(156-95,06)-(17,3-8,91)=60,94-8,39=52,55.

4.Азайтуды орында:

1)61,3-44,915-15,86=16,385-15,86=0,525;

2)61,009-(16,3-1,291)=61,009-15,009=46;

3)243-167,81-(96-28,95)=75,19-67,05=8,14;

4)15,3-7,07-(15,09-7,615)=8,23-7,475=0,755.

4.ІV.Қорытынды сабақ:

«Математикалық лото»

+

0,45

1,5

7,6

1,45

С

Т

И

5,6

Е

В

Н

Жауабы: (1,9)-С, (2,95)-Т, (6,05)-Е, (7,1)-В, (9,05)-И, (13,2)-Н.

Баған бойынша қосып өсу ретімен жазсаңыздар ХV-ХVІ ғ.ғ. ондық бөлшекті өте күрделі етіп жазған Европаның фламанд инженері әрі ғалым, әрі математигінің фамилиясын оқи аласыздар.(СТЕВИН)

-

2,2

8,5

А

7,3

С

2,2

Д

6,9

У

12,4

М

Жауабы: (10,2)-М, (6,3)-А, (5,1)-С, (4,7)-У, (0)-Д.

ретімен жазсаңдар ондық бөлшектерді есептеу ережесін ХVғ. Басында Өзбекстанның Ұлықбек обсерваториясында жұмыс істеген ортағасырлық атақты ғалымның атын оқи аласыздар.(МАСУД)



Үйге тапсырма: 1289

Бағалау: Тиісті бағаларын әділ қоямын.

Көрермендерге оқу:

Мен қазір жыл бойы сендердің мектепте оқитын уақыттарыңның 5-ақ күн екенін дәлелдеп беремін. Бір жылда 365 күн бар дейік. 52 демалыс күнінен басқа кем дегенде 10 күн тағы да мерекелік демалыс күні, сондықтан 62 күн түседі.Жазғы және қысқы демалыс күндері 100 күнге созылады. Демек 162 күн түседі. Түнде мектепке бармаймыз, сондықтан түндер жылдың жартысы болғандықтан 182 күн түседі. Қалғаны 20 күн. Бірақ мектепте күні бойы оқу жүрмейді, тек төрттен біріндей. Ендеше тағы 15 күн түседі немесе санның бөлігін тапқанда санды бөлігіне көбейту ережесін қолданып 20-ны төрттен бірге көбейтеміз. Қалады 5. Сонда жыл бойғы сендердің оқитын күндерің 5-ақ күн екенін дәлелдедім бе?



  • Сабақ аяқталды,

  • Сау болыңыздар!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет