«Ақыл-ой картасы» әдісі (американдық ғалым және кәсіпкер Тони Бузан ойлап тапқан) https://kk.warbletoncouncil.org/mapas-mentales-7740#menu-1
Мақсаты: жаңа білімді оқушының өз бетімен меңгеруіне бағыттау, белсенді оқу ортасын құру.
Қолданылу сипаты: Жаңа тақырыпқа қатысты суреттер, атаулар мен ұғымдар карта іспеттес шартты белгілермен А3 форматтағы параққа көлденеңінен орналастырылады. Оқушылар картада берілген ұғымдар мен суреттерді өзара байланыстырып, болжам арқылы мәтін құрастырады. Негізгі идея парақтың ортасында көрсетіледі.
«Ақыл-ой картасы» әдісінің тиімділігі немесе күтілетін нәтиже: Бұл тапсырманы орындау кезінде балалар өз бетінше және дәйекті түрде өз ойларын білдіруге ұмтылады, әңгімеге белсенді болады, сұрақтарға жауап беру қабілеті артады, сөздік қоры қалыптасады, бұл жұмыс топта жүзеге асырылады. Оқушы өзіне белгісіз нәрсені өз бетімен меңгереді. Мидың екі жарты шары қатар жұмыс жасайтындықтан еске сақтау қабілеттері артады.
2. «Болжам» кестесі ( сын тұрғысынан ойлаудың белсенді әдістерінің бірі)
Мақсаты: Сыни сұрақтар арқылы белгісіз тақырыпқа болжау жасату, ойланту, белсенді ой қозғауға түрткі болу
Қолданылу сипаты: «Бүгінгі мәтін не туралы деп ойлайсыз?», « Неліктен олай ойлайсыз?», « Әрі қарай не болады деп ойлайсыз?», «Шындығында не болды?» (мәтінмен салыстыру) деген сыни сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты оқушының өз бетімен меңгеруіне бағыт пен бағдар беріледі, негізгі оқулықтағы мәтінмен салыстырыла талдау жасалады.
«Болжам» кестесі әдісінің тиімділігі немесе күтілетін нәтиже:
Бұл әдісте мәселе оқушылардың болжауының дөп тиіп, дұрыс болуында емес, ең бастысы тақырып бойынша белсенді ой қозғауы болып табылады. Мұнда бұрыс жауаптың өзі де ұтыс жағдайында болады: оқушылар сабақ барысында өз қателерін өздері түзетеді.
|
Әдебиеттер тізімі:
Aston, B. (2020). Ақыл-ойды бейнелеудің ең жақсы 10 бағдарламасы. Thedigitalprojectmanager.com сайты;
Үндіамерикалық колледж. (2019). Ақыл-ой картасы, сипаттамалары дегеніміз не және оны қалай жасауға болады? Blog.indo.edu.mx сайты;
Дэвис, М. (2011). Тұжырымдаманы картаға түсіру, ойды бейнелеу және аргументті бейнелеу: айырмашылықтары қандай және олар маңызды ма? Researchgate.net сайты;
Tee, T., ANA, A., & Mohamed, S. (2014). Buzan Mind Mapping: ескерту жасаудың тиімді әдісі. Researchgate.net сайты;
Идальго штатының автономды университеті. (2020). Ақыл картасы. Uaeh.edu.mx сайты;
«Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Әлімов Асхат Қамзаұлы, 2014 ж., 142-143-бетттер;
«сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» №2 оқу құралы, Алматы, 1998 ж. Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К.
|
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
ресурс
|
Басы
2 мин
3 мин/
5 мин.
|
Ойсергек «Ағаш басына қайсысы бұрын шығады?»
Мына аң, құстардың қайсысы ағаш басына тез шығады? Біз бүгінгі сабағына ағаш басына шыға аламыз ба?
Топқа бірігу «Ұқсас ұғымдар»
Күй атаулары, Қорқыт суреттері, аңыз атаулары жазылған қағаздар таратамын.
Күй аттары: «Балбырауын», «Адай», «Ерке сылқым», «Бұлбұл», «Әсемқоңыр», «Әлқисса», «Кісенашқан»
Аңыз аттары: «Асанқайғы туралы аңыз», «Алдаркөсе мен қу жауырын», «Ақсақ құлан мен Жошы хан», «Сұратқан сен ақымақ па?» , «Алдар көсенің сиқырлы тоны», «Жиренше мен Қарашаш»
«Қорқыт» тобы;
«Күй» тобы;
«Аңыз» тобы
Осы топ атауларын өзара біріктірсек бүгінгі сабақ атауы шығады. Сонымен, сабағымыздың тақырыбы қандай?
|
Суретте бейнеленген аң, құс, жәндіктерді атайды, өз болжамдарын айтады.
Ұқсас ұғымдар бойынша бір бірін тауып бірігеді.
Топ атауларына е қарап, жаңа тақырыпты анықтайды.
|
Өзін- өзі бағалау
|
https://www.coursehero.com/tutors-problems/
Writing/29945660-Good-day-MaamSir-This-is-a-favor-tho-I-am-still-piled-with-other/
|
Орта
сы
25-30
мин
3 мин
7 мин
15 мин
5 мин
|
1
|
Оқу мақсатын хабарлау;
|
2
|
Бағалау критерийін талдау; [№1қосымша]
|
3
|
Ойлау деңгейлеріне тоқталу;
|
4
|
Тапсырманы талқылау (нені орындайды, қалай орындайды?);
|
5
|
Уақыт мөлшерін белгілеу;
|
6
|
Тапсырманы тарату;
|
7
|
Кері байланыс;
|
8
|
Нәтижені талдау.
|
«Ақыл -ой картасы» әдісі бойынша 1-тапсырма. Берілген суреттер мен сөздерді өзара байланыстырып, тұтас мәтін құраңыз.
АҒА КҮНӘ
БАШПАЙ
«Башпай күйі» туралы аңыз
ТІЛЕК ЖЕЛ
ҚАРЫНДАС
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |