Жауабы:
1 + 8 = 9 (Қ); 3 + 4= 7 (О);
5+1 = 6 (Я); 2+3 = 5 (Н). Қоян сөзі шығады.
Кестені қолданып, мысалдар құрастыр.
Тапсырманы үш адамнан тұратын топпен орындауды ұсыныңыз. Топтағы әрбір оқушы қосу мен азайтуға мысалдар құрастырады да, шешуін қосу кестесінен көрсетеді, содан кейін ламинатталған беттерге жазады. Өзара тексеру кезінде топтар жазған жұмыстарымен ауысады.
Жауабы:
2 + 3 = 5; 2 + 5 = 7; 3 + 7 = 10;
5 + 4 = 9; 6 + 2 = 8.
Өзін-өзі бағалау.2 тапсырмадан соң орысша «Раз,два,три-молодцы»
Шығарып көр. Тақтада орман көрінісі суретіндегі жазылған мысалдарды шығаруды ұсыныңыз. Қалып кеткен сандарды табу үшін қосу кестесіне жүгінуді ұсыныңыз. Оқушылар мысалдарды оқу барысында қосу және азайту компоненттерін атаулары қажет. Өзара тексеруді жұп бойынша ұйымдастырыңыз.
Өзін-өзі бағалау. 3 тапсырмадан соң ағылшынша «one.two.theree-super»
Орындап көр. Берілген тапсырманы орындау үшін оқушыларға жұп болып бірігуді ұсыныңыз. Мысалдарға қарап, қандай қателер жіберілгенін анықтауды сұраңыз. Тапсырма оқушының зейінін дамытады. Жауаптары жазылған ламинатталған беттерді сынып оқушылары бір-біріне көрсетіп, салыстырады. Жауаптарын дәлелдейді.
Жауабы:
екі мысалда қате жіберілген. Дұрыс жауап нұсқасы:
6 + 4 = 10, 2 + 7 = 9.
Өзін-өзі бағалау.
Смайл арқылы бағалау.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
|
Қосымша тапсырмалар
|
Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушы-лардың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).
|
Сурет бойынша мысалдар құрастыр.
Жануарлар әр топқа тапсырмалар жазылған қағаздар береді.Берілген тапсырма кесте бойынша кері орындалатын әрекетті қамтиды. Бұл жолы оқушылар ұяшықтары боялған кестедегі суретті қарап шығуы керек. Үлгіге сүйеніп, боялған ұяшықтар негізінде оқушылар мысалдар құрастырып жазуы керек.
Жауабы:
1 + 5 = 6; 3 + 3 = 6; 4 + 3 = 7;
2 + 5 = 7; 3 + 4 = 7; 4 + 4 = 8;
2 + 6 = 8; 3 + 5 = 8; 4 + 5 = 9;
3 + 1 = 4; 3 + 6 = 9; 5 + 5 = 10.
3 + 2 = 5; 4 + 2 = 6;
Өрнектің суретін сал. Оқушылар мысалдарды қосу кестесінің көмегімен шығара алады.
Сабақты қорытындылау.
Сабақтан алған әсерлерін суретпен білдіріді ұсыну.
-тапсырмаларды өте жақсы
орындадым ,маған ұнады.
-түсініксіз болды, ұнамады.
|
Бағалау
|
Оқушылар сабақ соңында:
10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту үшін бір таңбалы сандарды қосу кестесін қолдануды;
қосу кестесіне сүйеніп, мысалдар құрастыра
алуды меңгереді.
Оқушылардың сабақтан алған білім деңгейін тексеру мақсатында мынадай сұрақтар қойыңыз:
— Қосумен берілген мысалдардың нәтижесін та бу үшін қосу кестесін қалай пайдаланамыз?
— 6-ға 3-ті қосқанда қанша болады?
— Қандай бір таңбалы сандарды қосқанда 6 шығады?
— 10 саны шығу үшін 7-ге қай санды қосуға болады?
— 7-ден 2-ні азайтса қай сан шығады? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Білім бәйтерегімен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.
|