Сабақ тақырыбы Қосудың ауыстырымдлық және терімділік қасиеттері



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі276,98 Kb.
#84705
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 сынып математика

Күзгі жапырақтар. Мысалдарды шығар. Жұпты
таңда. Бос торкөздерде қандай сандар тұру керек?
Жауабы:
14 + 18 = 32, 26 + 25 = 51, 19 + 44 = 63
44 + 19 = 63, 18 + 14 = 32, 25 + 26 = 51
Орындап көр. Жұппен ойна.
(T)Шығарып көр.
Ыңғайлы жолын таңдай отырып, есептерді шығар.
А. Саяхатшылар тобында 18 ұл мен13 қыз бар. Саяхатшылар тобында барлығы қанша бала бар?
Ә. Саяхат кезінде 12 бала қайықпен
серуендеді, ал 19 бала тауға шықты.
Барлығы неше бала саяхаттады?
Әрбір топқа есептің шартының қысқаша жазуын қолайлы тәсілмен: сызбамен, мәтінмен, суретпен жазуды ұсыну. Содан кейін оқушыларға есепті қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданып, екі түрлі тәсілмен шығаруды ұсыну . Әрбір топтың өкіліне тақтаға шығып өз шешімін көрсетуді ұсыну.
Оқушылармен бірге шартының қысқаша жазуы мен
шешімін талдату. Өрнекті құрастырып жазуды
ұсыну. Оқушыларға өз тобының жұмысы туралы
қорытынды жасату.
Жауабы:
А. 18 + 13 = 31 (бала)
Ә. 13 + 18 = 31 (бала)

Суреттер мен оларға сәйкес келетін мысал-дарды сызық арқылы қос. Оқушыларға “Лего”
конструкторынан құралған тіктөртбұрыштарды қарауды ұсыныңыз. Әр тіктөртбұрышқа сәйкес мы-сал тауып, сызбамен көрсетуін сұраңыз. Тапсырманы орындау барысында бірдей қосылғыштардың орнын ауыстырудың қажеті жоқ екенін айтыңыз.
Бірдей мысалдарды тап. Тапсырма есептеудің тиімді жолын іздеуге бағытталған. Оқушылар бірдей мысалдарды табуы керек және оларды сызықтармен қосып, мысалдың мәнін табуда қайсысынан бастаған жеңіл екенін анықтап, мәнін есептеуі керек.
Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қол-данып, 4 мысал құрастыр және жаз. Тапсырма
қосудың ауыстырымдылық қасиетін оқушылардың өз бетінше қолдану жұмысына арналған. Оқушылар қосудың ауыстырымдылық қасиетіне сүйеніп, жұп мысалдар құрастырып жазу керек.
Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдануды ойын арқылы бекітіңіз. Ол үшін оқушыларды топтарға бөліңіз. Топтағы қыздар мен ұлдар санын көрсету арқылы қосудың ауыстырымдылық заңын қолдануын сұраңыз. Ойын барысында оқушылар орындарымен ауыса отырып, саны өзгермейтініне көз жеткізеді.

әрбір жұп үшін 3 қызыл және 4 көк үшбұрыштар;
• ереже жазылған кеспеқағаздар;
• әрбір топ үшін 6 күзгі жапырақ;
• әрбір жұп үшін ақ қағаздан қиылған 6 емен
жаңғағы;
• «Математикалық көпіршіктер» эталоны;
• белгі беретін кеспеқағаздар.



Сабақтың соңы

Сен сабақта жаңадан нені үйрендің?
• Қосудың ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз не?
Қосудың терімділік қасиеті дегеніміз не?
• Егер 38 + а = 54 болса, онда а + 38 өрнегінің мәні
неге тең болады?
• a+b=b+a жазуы нені білдіреді?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет