Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы (Пр.№ 3)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау
Сабақ мақсаттары
Оқушылар білуі тиіс:
Отының меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіну;
Меншікті жану жылуының формуласын есептер шығару барысында дұрыс қолдана алу;
Отын энергиясы мен отының меншікті жану жылуы арасындағы байланысты көрсету;
Отынның меншікті жану жылуының өлшем бірлігін білу.
Бағалау критерийлері
1. Отының меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіндіреді;
2. Меншікті жану жылуының формуласын есептер шығару барысында дұрыс қолданады;
3. Отын энергиясы мен отының меншікті жану жылуы арасындағы байланысты көрсете алады;
4. Отынның меншікті жану жылуының өлшем бірлігін біледі.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар білуі тиіс:
Отының меншікті жану жылуының физикалық мағынасын ауызша түсіндіру.
есептер шығаруда қолдана алу.
Пәнге тән лексика мен терминология:
Меншікті жану жылуы, отын энергиясы, температура, заттың массасы.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Отының меншікті жану жылуы дегеніміз........................Отын энергиясы деп ............
Құндылықтарды дарыту
Бұл сабақ ұйымшылдық, ынтымақтастық, жауапкершілік және сыйластық құндылықтарын дарытуға бағытталған.
Пәнаралық байланыстар
Физикалық шамалардың мәндерін инженерлік калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, теңдеуді шешу және сандарды жуықтауды дұрыс орындау.
Бастапқы білім
Оқушылар жылу мөлшері мен энергияның сақталу заңын біледі. Жылу энергиясы ұғымын түсінеді.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы 0-10 мин
10-15 мин
1. Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіру үшін тест тапсырмасын орындайды.
1. Жылу мөлшерін есептеудің формуласы:
А)
Ә)
Б)
В)
2. Жылу мөлшері дегеніміз не?
А) Жылу берілу кезіндегі энергия
Ә) Қалыпты жағдайдағы энергия
Б) Жұмыс кезіндегі энергия
В) қозғалыс кезіндегі энергия
3. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі?
А) Дж Ә) 1 Кл Б) 1 Н В) 1 кал
4. Массасы 10кг шойынды 10 С- тан 100 С-қа дейін қыздырғанда қанша жылу мөлшері беріледі? ( С= 540 Дж/кг С)
А) 486 кДж Ә) 240 Дж Б) 590 кДж В) 476000 Дж
5. Меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі?
А) Дж/кг Ә) Н/кг Б) Г/град В) Дж/кг С
2. Ой қозғау. Бос стаканмен жанып тұрған май шамды жабамыз. Біраз уақыттан кейін май шам өшеді. Жанудың қандай шарты бұзылды . Алдымен оқушылар жұпта талқылайды. Содан соң мүғалім әр жұптың пікірін тыңдап, кері байланыс жасай отырып бүгінгі сабақтың мақсатын анықтауға бағыттайды.
3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
Отының меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіну;
Меншікті жану жылуының формуласын есептер шығару барысында дұрыс қолдана алу;
Отын энергиясы мен отының меншікті жану жылуы арасындағы байланысты көрсету;
Отынның меншікті жану жылуының өлшем бірлігін білу.
Сабақтың ортасы
15-20 мин
20-35 мин
4. Түсіндіру.Оқушылар жұптасып эксперименттік тапсырмалар орындайды:
1 -тәжірибе. Бірдей массадағы әр түрлі отын жанған кезде бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңдар.
Жұмысқа нұсқау:
2 кусок фольганы картонга қоямыз.
Фольга үстіне мақта кесегін қоямыз
Әр кесектің үстіне біреуіне спирт , ал екіншісіне бензин тамшысын тамызамыз.
Екі кесекті бір мезгілде жағыңдар
Спирт пен бензин жанып болған соң фольганы қолмен ұстап көріңдер. Қайсысы көбірек жылу бөлді?
2-Тәжірибе. Әр түрлі массадағы отынның жану кезіндегі жылу мөлшерін салыстыру Жұмысқа нұсқау:
2 кусок фольганы картонга қоямыз.
Фольга үстіне мақта кесегін қоямыз
Әр кесектің үстіне біреуіне бір тамшы спирт , ал екіншісіне екі тамшы спирт тамызамыз.
Екі кесекті бір мезгілде жағыңдар
Спирт жанып болған соң фольганы қолмен ұстап көріңдер. Қайсысы көбірек жылу бөлді?
Мұғалім сұрақ қояды: Отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшері неден тәуелді?
Бұл сұраққа оқушылар тәжірибе жасап болған соң тұжырымдарын жасайды.
Мұғалім кері байланыс жасай отырып, отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшері отын массасына және отынның меншікті жану жылуына пропорционал екенін атап өтуіне болады. Q=q·m. Отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіндіреді
Топтық талқылау Отынды белсенді түрде қолдану неге әкеліп соғады?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
5. Сабақты бекіту. Оқушылар төмендегі тапсырмаларды орындау үшін отын энергиясының формуласын қолданады.
Тапсырмалар: Массасы 10 г керосин толық жанғанда бөлініп шығатын барлық жылу мөлшері массасы 22 кг суды ысытуға жұмсалса, судың температурасы неше градусқа өзгереді? с4200 Дж/кг0С, q=4,6107Дж/кг.
ПӘК-і 30 пеште 0,5 кг ағашты толық жағып, қанша суды қайнатуға болады? Судың бастапқы температурасы 100С. с4200 Дж/кг0С, q=10106 Дж/кг.
Бағалау критерийлері: 1. Отын энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдана алады. 2. Физикалық шамалардың өлшем бірлігін ХБЖ ауыстыра алады. 3. Белгісіз шаманың формуласын дұрыс қорытып шығарады. 4. Берілген шамалардың мәндерін пайдаланып, дұрыс есептеулер жүргізе алады
Презентация
Бақынов, физика есептер жинағы
Сабақтың соңы
35-45мин
7. Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.
8. Үйге тапсырма: Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы
Керосин жанарғысында 0,8 л керосин бар. Егер оның ПӘК-і 40-ке тең болса, ол толық жанғанда неше литр суды 100С-тан қайнау температурасына дейін қыздыруға болады? с4200 Дж/кг0С, q=46106 Дж/кг.
Массасы 9 кг таскөмір толық жанғанда 2,7108 Дж жылу бөлініп шығатын болса, таскөмірдің меншікті жану жылуы қандай?
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Барлық оқушылар: отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсініп, формуласын білуі керек.
Көпшілік оқушылар:отынның энергиясы қандай параметрлерге тәуелді екендігін біліп, қарапайым есептерде қолдана білулері керек.
- «Сағат» әдісін пайдаланып сұрақ-жауап арқылы бағалау;
- Есептер шығарту арқылы олардың қолдану дағдыларын бағалау;
Топтық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау
Сабақ бойынша рефлексия
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?