Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6С-бөлім: Салт-дәстүр және фольклор
|
Мектеп: Киевка №2 ЖОББ мектебі
|
Күні:15.03.2017 ж
|
Мұғалімдер:Кусаинова А. К.,Жамелов Қ.Ж
|
Сынып: 2 «а»
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы:
|
Ою-өрнек құрастыра
мыз.
|
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
2.2.3.4. Шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
Көпшілік оқушылар:
қолданбалы-сән өнерінің адам өміріндегі рөлін түсінеді;
өзінің және өзгелердің тәжірибесі негізінде идеялар ұсынады;
жұмыс кезінде оюларды қалай пайдалану керектігін
Кейбір оқушылар:
материалдармен және құралдармен тәжірибе жүргізеді;
өз жұмысының ерекшеліктерін түсіндіре алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Қазақ қолөнерінің не үшін арналғанын, өю-өрнектері мен ұлттық бұйымдардың қандай материалдардан жасалғанын сипаттай алады.
Пәндік лексика және терминология
Мыналарды қамтиды:
қоржын, кілемдер, көрпелер, қалпақтар, киіздер, сырмақ, саба, кесе, шапан, тақия, сәукеле, тымақ, камзол;визуалды нақыштар, оюлар, өрнектер, түстер, материалдар, ырғақ;
ою-өрнектер: қошқар мүйіз, су, қырық мүйіз өрмекші, тұмар, шаңырақ, ирек, омыртқа және т.б.
Диалогқа/жазылымға қажетті сөздер топтамасы
Сендер бұл бұйымдардың атауларын білесіңдер ме?
Олар қандай материалдан жасалған?
Ол нені білдіреді?
Бұл бұйым қалай қолданылады?
Неліктен… айта аласың ба?
… не үшін жасалғандығын
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тарих….
|
Бастапқы білім
|
түстерді айыра алады, өрнектерді таниды….
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі(жұмыс орнын дайындау).
Миға шабылу (алты ұяшық)
Ұялардың ішінде тақырыпқа байланысты суреттер айқын емес түрде көрсетілген. Олар тақырыпты ашуға бағытталу тиіс. Мысалы: (қой, жүн, бояу, жіп) бұлардан не жасауға болады? Сол сияқты соңғысынан басқа ұяшықтар толтырылады. Соңғы ұя сұрақ белгісімен қамтылған. Балалар тақырыпта шамалары келгенше анықтау тиіс.
Мұғалім қазақтың қолданбалы- сәндік өнері бұйымдары – тұскиіздер, ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдардың және т.б. суреттерден жасалған слайд-шоуды көрсетеді.
Онымен қатар көлемді бүйымдарды да көрсетуге болады.(тақия, қамзол, көрпеше, құмыра, оюланған домбыра т,б)
Жағымды көңіл күй орнату.
Мұғалім тақтаға бормен киіз үйдің құрылуын балалардың аитуы бойынша кезеңдермен салады.
Содан соң ортаға оқушылар шақырылады . Бірігіп киіз үйдің бөлшектерін дене қолдарымен құрайды мысалы; төрт бала шаңырақты, қалғандары айнала тұрып кереге, уық, туырлық, киіз бен оюларын иммитация ретінде байқатады.
Практикалық кезең
Оқушыларды кигіз үйдің бөлшектері арқылы топтарга бөлінеді (шаңырақ, кереге,уық, ою)топтар
|
Мұғалім үшін –
қазақтың қолданбалы-сәндік өнері бұйымдары суреттерінің слайд-шоуын көрсетеді,
халық шеберлері жұмыстарының электрондық және қағаздағы көшірмелері, қағаз, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті фетр парақтары, қайшы, желім.
Оқушылар үшін –
Оқулық, жұмыс дәптері, крахмал, бояулар, қылқаламдар, су құюға арналған құтылар.
|
Сабақтың ортасы
|
Сен білесің бе?
Құрақ көрпе,алаша, түс кілем салып құрастырғанда әжелеріміз арнайы композиция заңдылығын білген? Композиция деген нені білдіреді?
Арнайы сұрақтар арқылы құрақ көрпені талдаймыз.
Кез келген геометриялық пішіннің ортасы композициялық орта деп аталады оған тұскен кез келген бейне пішін, не көлемімен не түсімен ерекшелену керек екенін балалар нақты ұғу керек. Нақтылау үшін мүғалім сынып ортасына тұрып балалардың назарын өзіне аудартады. Осы жағдайда кім басты болып тұр?
Бір оқушыға сұрақ қойып оны орнынан тұрғызтып өзі отырады. Ал енді кім басты кейіпкер болды деген сияқты сұрақтар арқылы аталған терминды ұғып, нақтылауға және кейін практикада қолдануға көмектеседі.
Композициядағы тепе теңдік және симметрия терминдерді қарастырамыз. Ол үшін алдын ала дайындалған иллюстрациялар қажет.
Үйлестіру компановка деген мағынаға тоқталу.
Неге оюлар осылай орналасқан бұл дұрыс па?
Сіздің ойыңызша қалай болған дұрыс?
Жоғарда талдап айтылған материалдардан алған білім төменде орындайтын жұмысқа септігін тигізу тиіс.
Практикалық жұмыс
Әр топқа фетр материалы таратылады. Конвертке түрлі түсті фетрдан қиылған оюлар мен жолақ, дөңгелек геометриялық пішіндер салынған.
(Миға шабуыл)Топтарға сұрақ қойылады
Алдарыңдағы материал қалай аталады және неден жасалған?
Қалай жасалған?
Немен боялған?
Ертеде бояуды қайдан алған?
Оқушылардың жауабын мұғалім толықтырады
Тапсырма
Алдарындағы төрт бұрышты жазықтыққа конверттегі оюлардан композиция құру.
Оюларды композициялық заңдылықа сай шығармашылық түрде (әдемі,қызық, ерекше, басқалардан бөлек) дұрыс орналастыру.
Түстік шешімін табу.
Бұл тапсырма жаңа материалмен танысып оның қолданатын жерлерін көрсетеді.
Дескрипторлар:
Сәндік қолданбалы өнер материалы фетр қалай жасалатынын біледі
Бояуларды қайдан алып немен бояйтынын біледі
Сыни ойлау арқылы шығармашылық түрде алашаның композициясын үйлестіре алады
Басқа жұмысты бағалап, өз пікірін айта алады
|
|
Сабақтың соңы
|
Бағалау кезеңі
Оқушылар аяқталған жұмыстарын тақта алдына әкеліп тізеді, смайликтермен бағалайды. Жұмыстарды салыстыру арқылы өз пікірін білдіреді оны мұғалімнің бағдар сұрақтар арқылы айтады. Мұғалім жұмыстарға өз коментарийін қосады.
Сабақ соңында мынадай сұрақтар қойылады:
Біз не істеуді үйрендік?
Қандай сөздермен таныстық?
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Достарыңызбен бөлісу: |