Сабақ тақырыбы: "Құрақ құрау технологиясы"



Дата08.09.2017
өлшемі19,59 Kb.
#31105
түріСабақ

Құрақ құрау технологиясы

  • Сабақ тақырыбы:
  • “Құрақ құрау технологиясы”
  • 1.Білімділік мақсаты:
  • оқушыларға құрақ құрау
  • технологиясы туралы
  • түсіндіріп,құрақтың
  • түрлерін дайындау
  • жолдарын үйрету.
  • 2.Дамытушылық мақсаты:
  • Оқушылардың
  • шығармашылық қабілетін
  • дамытып,сабаққа
  • қызығушылығын және
  • өздігінен
  • ойлау қабілетін арттыру.
  • 3.Тәрбиелік мақсаты:
  • үнемділікке,ұқыптылыққа,
  • талғампаздыққа,іскерлікке
  • Ата-бабамыздың
  • салт-дәстүрін білуге
  • тәрбиелеу.
  • Сабақтың түрі:
  • Сабақтың әдісі:
  • Қажетті заттар:
  • Пәнаралық
  • байланыс:
  • Көрнекілігі:
  • Білім мен
  • іскерлікті
  • игеру
  • ине,жіп,бор,
  • қайшы,түйреуіш,
  • мата қиындылары
  • компьютермен
  • жұмыс,тест,
  • сұрақ-жауап
  • тарих,
  • геометрия,
  • сурет
  • плакат,буклет,
  • нұсқау картасы,
  • тех.карта,
  • ойын түрлері,
  • үлгілер,тест,
  • құрақ көрпеше

Үй тапсырмасын сұрау

  • 1. Құрақ дегеніміз не ?
  • 2. Құрақтың мағынасын ата ?
  • 3. Құрақ түрлерін ата ?
  • 4. Құрақтың жасалу жолы ?
  • 5. Құрақтың тұрмыста алатын орны, құрақ қандай бұйымдарға салынады?
  • 6. Құрақ жасау үшін қандай құрал жабдықтар қажет,атауын жаз ?
  • 7. Қазіргі кезде құрақтың көптеген түрлерін қалай пайдаланамыз ?
  • 8. Өнерлі болып, шеберлікке жету үшін не қажет ? Саналап айтар болсақ.
  • Интерактивті тақтаға жаз.
  • 9. Құрақ түрлері өзінің қиюласу өрнегіне қарай қандай топқа бөлінеді ?

Жаңа сабақты түсіндіру. Құрақ құрау технологиясы

  • Құрақ құрау ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі.Құрақтың түрлері өте көп. Мысалы: мата қиындыларынан әр түрлі өрнек құрағын жасауға болады. Құрақпен өзге елдер де шұғылданады, бірақ оны әрқалай атайды.Орыс халқы мозайка, немесе пэчверк,ал батыста құрақ көрпеше жастық мағынасында айтылады.Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Әжелеріміз мата қалдықтарын қалдырмай, іске жаратып отырған. Құрақтан әр түрлі құрақ көрпеше, дорба, тұскиіз, жастыққап, аяққап, ыдыс қойғыш, төсеніш тіккен. Қазіргі кезде де қолданыстан шыққан жоқ. Оны диванға, орындыққа төсеніш ретінде пайдалануға болады.Құраққа қойылатын талап біреу – ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Құрақтың ботакөз құрақ, алма құрақ, жұлдызша құрақ, майта құрақ, т.б түрлері бар.Халық шеберлері құрақ атауын өзгертіп отырған, ай мен күнге табынып жұлдыз құрағын, қыздың жасауына арнап ботакөз құрағын, жыл мезгіліне байланысты тырнақтар құрағын құраған. Шеберлер геометрияны оқымаса да бір бөлігін 5-6 рет қайталау арқылы үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш,ромб жасай отырып біріктірген.Құрақ сұлулығы түсіне қарай және әрбір түс белгілі бір тәртіппен кездесіп отырса өрнек сұлулана түседі, ал ретсіз орналасса солғынданады.Құрастырылған қиықтар таза және тегіс үтіктелген болуы тиіс, алдын ала құрақтың суретін салып, матаға салып пішеді.Сол бойынша бір жерден екінші жерге ауыстырып қоюға болады. Одан соң бір – біріне жалғап тігеді.Ал тұмарша майда мата қалдықтарынан жасалады. Құрақ тіккенде инемен, қайшымен сақтанып жұмыс істеу керек
  • Мата қалдықтары
  • РОМБ
  • ТРАПЕЦИЯ
  • КОНУС
  • ҮШБҰРЫШ
  • Түр-түсі
  • ҚЫЗЫЛ
  • САРЫ
  • ЖАСЫЛ
  • КӨК
  • Тұрмыста
  • қолданылуы
  • КӨРПЕШЕ
  • ТӨСЕНІШ
  • СЫРМАҚ
  • ЖАСТЫҚ ҚАП
  • Құрақ
  • ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ
  • ФИГУРАЛАР

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА Тақырыбы: “ҚҰРАҚ КӨРПЕШЕ ТІГУ”

  • Жұмыстың орындалу реті
  • Қажетті заттар
  • 1.Материал дайындау
  • Мата қиындылары
  • 2. Үлгісін дайындау
  • Картон, қайшы
  • 3. Құрақты қырқып дайындау
  • Қайшы, бор, үлгі
  • 4. Көктеу, тігу
  • Ине жіп, тігін машинасы
  • 5. Тұмарша дайындау.
  • Мата қалдығы
  • 6. Құрақ көрпешені астарлау
  • Мата, ине, жіп, тігін машинасы
  • 7. Бұйымды мақта салып аяқтау
  • Ине, жіп, мақта
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Техникалық қауіпсіздік ережелері Қайшымен жұмыс жасаған кезде: 1. Қайшыны ашық тастама. 2. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме. 3. Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды. 4. Қайшының жүзін жауып қою керек. 5. Қайшыны арнаулы қобдишаға сақтау керек.

Инемен жұмыс жасаған кезде: 7. Тігін жұмысы барысында ине сабақталып, жастықшада қадалып тұру керек. 8. Инемен жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс. 9.Инені киімге қыстыруға болмайды. 10. Инені тістеп ауызға салуға болмайды. 11. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды. 12. Жіпті бір шынтақ ұзындығымен өлшеп сабақтау қажет.  

Мақалдың жалғасын тап   1. Еңбектің наны тәтті, ... (жалқаудың жаны тәтті) 2. Еріншектің ... (ертеңі таусылмас) 3. Көз қорқақ, ... (қол батыр) 4. Еңбек етсең ... (емерсің) 5. Өнерлі ... (өрге жүзер) 6. Ата көрген оқ жонар, ... ( ана көрген тон пішер) 7.Жеті рет өлшеп, ... (бір рет кес) 8. Өнерлінің қолы алтын, ... (өлеңшінің сөзі алтын) 9. Еңбек үйренемін десең ерінбе, ... (өнер үйренемін десең жерінбе) 10. Талаппен бастап .... (талғаммен аяқта)

  • Қ
  • О
  • Л
  • Ө
  • Н
  • Е
  • Р

Сөзжұмбақ Дөңгелек шеңбер етіп иілген, киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі? Жеңсіз жеңіл киім. 3. Сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі,бағалы бұйым. 4. Жеті түрлі дәнді – дақылдардан сүт қосып пісірілген сұйық ас. 5. Сурет салып тоқылған кілем. 6. Нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек. 7. Теріден жасалған,қымыз құятын ыдыс.

Тест 1.Құрақ өнері неше түрге бөлінеді? А.4 Б.2 Ә.5 В.3 2.Құрақ өнері қазақ халқында қай ғасырда пайда болды? А. 19-20 Б.17-18 Ә. 15-16 В. 16-17 3.Жұлдыз құрағы қай топқа жатады? А.Зооморфты Б. Геометриялық Ә.Космогоникалық В. Тұрмыстық 4.Құрақ үлгілерін сызып бояуда қандай редактормен жұмыс істейміз? А.Word Б.Paint Ә.Power Paint B. Exsel 5.Сегіз жапырақ құрағы қай топқа жатады? А.Өсімдік тектес Б.Космогоникалық Ә. Геометриялық В.Тұрмыстық

6.Жапон халқында құрақ өнері қалай аталады? А.Печворк Б.Ласкутная техника Ә. Patchwork В. Сошико 7.Құрақтың сәнді болуы несіне байланысты? А. Үлгісіне Б.Тігісіне Ә. Көлеміне В. Орындалуына 8.26 шаршыдан 8 үшбұрыштан құралған құрақты ата? А. Қызғалдақ Б. Аққу Ә.Жұлдызша В.Иықты 9.Құрақ құрау қандай материалдан жасалады? А.Былғары Б. Мата Ә. Тері В. Полиэтилен 10.Құрақты тіккен кезде түзу, әдемі шығу үшін тігіске қанша мм қалдырамыз? А. 15-20мм Б.2-3 мм Ә. 20-25мм В. 5-10мм  

  • Дұрыс жауаптар:
  • 1. ә
  • 2. а
  • 3. ә
  • 4. б
  • 5. а
  • 6. в
  • 7. а
  • 8. а
  • 9. б
  • 10. в

Үйге тапсырма.

  • Сарамандық жұмысты жалғастыру, тігін машинасымен жұмысқа дайындалу
  • Егер мына түрлі – түсті
  • әріпі бар қағаздарды дұрыстап
  • құраса құрақ туралы мәтел
  • шығады.
  • У
  • А
  • Р
  • Р
  • Ұ
  • Қ
  • Д
  • А
  • Ө
  • Е
  • Н
  • Қ
  • А
  • Р
  • Қ
  • Ұ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет