Сабақтың соңы
|
Сабақты қорытындылау. Оқушыларға сұрақтар қою.
Көбейтуге кері амал қандай?
Бөлу амалында көбейту амалының таңбалар алгоритмі сақтала ма? Тексеріп көріңдер.
Бөліндінің мағынасы әрдайым бола ма?
Бөліндінің мәні қай жағдайда теріс сан болады?
Санның модулі нөлге тең бола ма:
Рационал сандарға амалдар қолданудағы санның модулі ұғымының алатын орны қандай?
Бөлшек сандарды бөлу ережелерін еске түсіріп, қайталаңдар.
Рационал сандарға амалдар қолдануға мысалдар келтіріңдер.
Үйге тапсырма беру, түсіндіру. Оқушылар білімін бағалау. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру. Сабақ бойынша әрбір оқушы рефлексия жасайды. Рефлексияны ауызша/жазбаша жүргізуге болады. Дөңгелектерге сәйкес өз ойларын айтады немесе орналастырады.
Рефлексия
|
Слайдтар 18-19.
Қосымша 7.
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.
АКТ-мен байланыстар
|
Оқушылар сабақ бойы жеке және жұпта жұмыс жасайды. Сабақта әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру арқылы саралау қарастырылған. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар дайындалған.
|
Әрбір оқушы өзін өзі бағалайды және бір-бірін жұпта бағалайды.
|
Сабақта сергіту сәті ретінде арқаға жаттығу қарастырылған.
Сабақта сыныпта қозғалып жүруге арналған белсенді іс-әрекет түрлері қарастырылған.
|