Қандай қорытындыға келдіңіздер? Сөйлемді аяқтаңыз:
1) Кез келген санға оң санды қоссақ ...
2) Кез келген санға теріс санды қоссақ ...
3) Кез келген санға нөлді қоссақ ...
4) Қарама-қарсы сандарды қоссақ ...
№1 және №2 есептер нәтижелерін оқушылар Слайд 10, 11 арқылы өз-өздерін тексереді. Қорытындылар талқыланады (Слайд 12).
Келесі есеп нәтижелерін оқушылар бірін-бірі тақтада жазып қойылған нәтижелер бойынша тексереді. Бұл тапсырмаларды орындау үшін тақтаға оқушы шығаруға болады.
№3. Теңіз деңгейінен -24 метрдегі ойпаттан тереңдігі 74 метр шахта қазылған. Шахта түбіндегі зат теңіз деңгейінен неше метр тереңдікте жатады?
№4. Сүңгуір қайық -310 м тереңдікте жүзіп жүріп, жүзу деңгейін +36 метрге өзгертті. Сүңгуір қайық қандай тереңдікте жүзді?
Қосымша тапсырмалар:
№5. Координаталық түзуде а және а+1 сандары кескінделген. Осы түзуде а+3, а+(-4), а-2, а-7 сандарын кескіндеңіз.
№6. Тауар бағасы 1500 теңгеге арзандатылды. Тауардың алғашқыдағы бағасы х болса, арзандатылғаннан кейінгі бағасы неше теңге болды?
Сабақ барысында қажет болған жағдайда жекелеген оқушыларға қосымша есептер ұсынуға болады
|
Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»
1-10 баллдық жүйеде бағаланады.
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия.
Тіркесті толықтырыңыз:
«Бүгін мен сабақта ... білдім»
«Бүгін мен сабақта ... үйрендім»
«Бүгін мен сабақта ... таныстым»
«Бүгін мен сабақта ... қайталадым»
«Бүгін мен сабақта ... бекіттім»
Үй тапсырмасы
|
Сабақты қорытындылау:
Өтілген мақсат бойынша сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймын.
1.Сабақтың мақсаты қандай болды?
2.Сабақтың мақсатына жету үшін нені білу керек?
3.Нені түсінбедіңдер?
Сабақ соңында оқушылардан рефлексия алу:
- тақырып бойынша не білемін?
- тағы не білгім келеді?
- не істей аламын?
Үйге тапсырма:№5, 6; тақырыпқа байланысты өмірде кездесетін жағдаяттарды пайдаланып 2 есеп құрастырып келу
|
|
|