Информатика пәні мұғалімі: Пралиева А.К.
Бөлім
|
Робототехника
|
Педагог
|
Пралиева Айнур Кудайбергеновна
|
Күні:
|
21.02.2022ж.
|
Сынып: 5 «Г» сынып
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Роботтың сызық бойымен қозғалысы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
5.3.3.3-роботтың қозғалысын ұйымдастыру үшін түс сенсорын пайдалану
|
Сабақтың мақсаты
|
роботтың қозғалысын ұйымдастыру үшін түс сенсорын қалай қолдануға болатынын біледі
|
Бағалау критерийі
|
роботтың қозғалысын ұйымдастыру үшін түс сенсорын пайдалану
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезені/ уақыт
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин
1 мин
3 мин
|
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды ахуал тудыру
«Тик ток» әдісі арқылы оқушылар шеңберге тұрып, би қымылдары арқылы қасындағы оқушыға жақсы көңіл-күй қалыптастырады.
Топқа біріктіру.
Оқушыларға датчиктер суреттері қиындысы арқылы;
1-топ: «Гироскопиялық датчик», 2-топ «Жанасу датчигі», 3-топ «Түс датчигі» Берілген суреттерді таңдау арқылы топқа бөлінеді
Өткен сабақты қайталау
«Домино» әдісімен үй тапсырмасын сұрау;
Әр топқа анықтамалары бар қиындылар таратылады.
Гироскоп – өзі орнатылған дененің бұрыштық бағдарының өзгеруіне қарай бейімделуге қабілетті құрылғы.
Гироскопиялық датчик роботтың айналу бұрышын немесе айналу жылдамдығын өлшеуге арналған.
Сызықтық алгоритм – бір реттен ғана орындалатын командалардың тізбегі.
|
Амандасады, түгенделеді. Жеке-жеке би қымылдарын жасайды.
Оқу-құралдарын дайындау,
сабаққа зейін .
Бірдей суреттерді алу арқылы 3 топқа бөлінеді
Қиындыларментапсырма орындайды
|
Шапалақтау
|
Музыка
Датчиктер суреті бейнеленген кеспе кағаздар
Қиындылар, слайд
|
Сабақтыңортасы
5 мин
«Миға шабуыл»
5 мин
топтық жұмыс
2 мин
3 мин
Жұптық жұмыс
2 мин
7 мин
Топтық жұмыс
5 мин
Жеке жұмыс
|
Жаңа сабақ:
Youtube.com платформасында тақырып бойынша бейне ролик көрсету.
Сабақты оқушылар көріп, өздері меңгереді.
Жаңа тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға түрткі суреттер көрсетемін.
- Суретте көрсетілген бейнелер қалай бағытталған? (Оқушыдан суретте берілген нысандар бағытын сұраймын. Оқушы көзбен көреді, көру арқылы миына ақпарат беріледі, өңдейді.)
-Ал енді, роботтар қалай сызық бойымен қозғалады? Дәл, адам іс-әрекетін орындайды, яғни роботтарды адамға қарап жасаған. Сезім мүшелері орында, датчиктер болады және сіз құрған программа бойынша қызмет етеді.
Критерий:
Берілген суреттер бойынша тақырыпты ашу
Дескриптор:
Сызық бойымен қозғалған объектілер арқылы тақырыпты ашады.
Мұғалім жаңа сабақ бойынша шолу жасап өтеді.
1-тапсырма
«Перфокарта» әдісі арқылы екі топқа арнап перфокарта дайындап, блоктардың атауларын қызметін жазады.
Критерий:
Әр ұяшыққа қажетті қызметін орналастыру.
Дескриптор:
Лобби терезесі;
4 блок;
LME EV3 программасының блогындағы атауларын жазады
2-тапсырма.
«Дәптерге орындайық» айдары. Талдау
Жарыс өтетін алаңға қойылатын талаптар мен роботқа қойылатын талаптарды қарастырады.
Критерий:
Қойылатын талаптарды оқиды, жазады, алдайды.
Дескриптор:
Алаңға қойылатын талаптарды талдайды;
Роботқа қойылатын талаптарды талдайды;
3-тапсырма.
1-топ. EV3 роботының оң жақ бөлігін жинайды.
2-топ. EV3 роботының сол жақ бөлігін жинайды.
3-топ. EV3 роботының орта бөлігін жинайды.
Роботтың жиналған бөліктерін біріктіру
Критерий:
Әр топ роботтың берілген бөліктердін жинайды.
Дескриптор:
Lego Mindstorms Ev3 жинайды
Lego Mindstorms Ev3 біріктіреді
4-тапсырма. Практикалық тапсырма.
«Компьютерде орындайық» айдары арқылы үш топ Lego Mindstorms Ev3 программасында роботтың түзу сызықпен жүру жобасын құрады.
Критерий:
Роботтың түзу сызықпен жүру жобасын компьютерде құрады.
Дескриптор:
Lego Mindstorms Ev3 программасын іске қосады.
Жобаға қажет блоктарды таңдайды.
Роботқа жүктейді.
Роботты іске қосады.
Жобаны жүктеп роботты іске қосады.
|
Бейнебаян көреді
Тақырып бойынша мәліметпен танысады
Перфокартаны толтырады
Дәптермен жұмыс өз ойларын айтады
Робот бөліктерін жинайды
Блоктарды құрастырады
|
1 балл
2 балл
2 балл
2 балл
3 балл
|
Youtube.com платформасы
Микрофон
Перфокарта
Интерактивті тақта
EV3 роботының бөлшектері
|
Сабақтың соңы
2 мин
Жеке жұмыс
1 мин
|
Ойлау деңгейі: Жинақтау және бағалау
5 тапсырма. «Wordwall» платформасында «АҚИҚАТ/ЖАЛҒАН» сұрақ-жауап жұмысы. Жеке жұмыс
Берілген «АҚИҚАТ/ЖАЛҒАН» тапсырмасын орындайды.
ҚБ: Ауызша мадақтау.
СТ: Нәтиже, бағалау, қарқын
Рефлексия
«СМС» әдісі арқылы сабақта түсінгенін, сабақтан алған әсерлерін, сабақта түсінбеген жерлерін өз ойларымен жазады.
Үй тапсырмасы: «Роботтың қарқынды дамуы адамзат үшін қаншалықты қауіпті?» тақырыбында әңгіме жазу.
|
https://wordwall.net/ru/resource/28959063
Бүгінгі таұырып бойынша сұрақтар беріледі, сол сұрақтардың ақиқат немесе жалған екендігін анықтайды.
|