Сабақ тақырыбы Сағат Зертханалық сарамандық жұмыстар Кіріспе



Дата09.06.2017
өлшемі239,87 Kb.
#18289
түріСабақ
БИОЛОГИЯ пәнінен 6-сыныпқа арналған

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау

(барлығы 51 сағат)






Сабақ тақырыбы

Сағат

Зертханалық сарамандық жұмыстар




Кіріспе

(2)




1

§1. Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы

1




2

§2. Биология ғылымдары

1







І бөлім. Өсімдіктер

[26]







І тарау. Жасуша – ағзалардың тіршілігі мен құрылысының ең кіші өлшем бірлігі. Өсімдік ұлпалары


(3)




3

§3. Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар.

1

№1 – зертханалық жұмыс. Ұлғайтқыш әйнектің және микроскоптың құрылысымен танысып, жұмыс істей білу

4

§4. Өсімдік жасушасының құрылысы

1

№2 – зертханалық жұмыс. Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарау

5

§5. Өсімдік ұлпалары

§6. Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар



1

№3-4 – зертханалық жұмыс. Өсімдік ұлпалары




ІІ тарау. Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері.

(14)




6

§7. Тамыр және тамыр жүйесі

1

№5 – зертханалық жұмыс. Тамыр типтерін кіндік және шашақ тамыр жүйелерін талдау

7

§8. Тамыр бөлімдері

1

№6 – зертханалық жұмыс. Тамыр бөлімдерін жай көзбен және ұлғайтқыш әйнекпен қарау

8

§9. Тамыр - өсімдіктердің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар

1




9

§10. Тамырдың түрөзгерістері

1




10

§11. Өркендер мен бүршіктер

1




11

§12. Сабақтың түрлері, құрылысы

1

№7 – зертханалық жұмыс. Сабақтың ішкі құрылысымен танысу

12

§13. Сабақтың бойлап және жуандап өсуі

1

№8 – зертханалық жұмыс. Ағыш діңінің кесіндісіндегі жылдық шеңбермен жұмыс

13

§14. Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы.

§15. Сабақтың түрөзгерістері



1




14

Қайталау

1

№9 – зертханалық жұмыс. Түрі өзгерген жер асты өркендермен танысу

15

§16. Жапырақ.

1




16

§17. Жапырақтың ішкі құрылысы

1

№10 – зертханалық жұмыс. Жапырақтың ішкі құрылысымен танысу

17

§18. Жапырақта органикалық заттардың жарықта түзілуі. Фотосинтез

1




18

§19. Жапырақтың суды буландыруы

§20. Жапырақтың түрөзгерістері



1




19

§21. Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелері арқылы көбею жолдары

1

№11 – зертханалық жұмыс. Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу




ІІІ тарау. Өсімдіктердің көбею (генеративті) мүшелері

(8)




20

§22. Гүлдің құрылысы

1

№12 – зертханалық жұмыс. Гүл құрылысын талдау

21

§23. Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы

1




22

§24. Гүлшоғырлар, биологиялық маңызы

1

№13 – зертханалық жұмыс. Жай және күрделі гүлшоғырлармен танысу

23

§25. Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану

1




24

§26. Жемістер

1

№14 – зертханалық жұмыс. Шырынды және құрғақ жемістермен танысу

25

§27. Тұқым. Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы

1

№15 – зертханалық жұмыс. Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы

26

§28. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар. Өскіннің пайда болуы

1




27

§29. Өсімдіктердің тыныс алуы.

§30. Көгалдандыру. Ағаштар мен бұталарды отырғызудың мерзімі мен тәсілдері



1




28

Қорытынды

(1)







І бөлім. Жануарлар

[24]




29

§31. Жануарлардың тіршілігі туралы жалпы түсінік. Жануарлар ағзасының ерекшеліктері

1







ІV тарау. Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдар

(3)




30

§32. Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі

1

№16 – зертханалық жұмыс. Кірпікшелі кебісшенің құрылысы мен қозғалуын бақылау

31

§33. Біржасушалы жәндіктердің тіршілік әрекеттері

1




32

§34. Біржасушалылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

1







V тарау. Көпжасушалы жануарлар

(18)




33

§35. Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі

1




34

§36. Көпжасушалы жануарлардың құрылысы мен тіршілігі

1




35

§37. Омыртқалы жануарлардың асқорыту жүйесі және онда астың қорытылуы

1

№17 – зертханалық жұмыс. Балықтың ішкі құрылысы

36

§38. Көпжасушалы жануарлардың тыныс алуы

1

№18 – зертханалық жұмыс. Бақұлу мен тоспаұлудың сыртқы құрылысы мен кейбір тіршілік әрекеттерін зерттеп, зерделеу

37

§39. Омыртқалы жануарлардың тынысалу жүйесінің құрылысы

1




38

§40. Көпжасушалы жануарлардың зәр шығаруы және зәршығару жүйесінің құрылысы

1




39

§41. Көпжасушалы жануарлардағы қан, лимфа және қанайналымы

1




40

§42. Омыртқасыз жәндіктердің қанайналым жүйесінің құрылысы

1




41

§43. Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы

1




42

§44. Көпжасушалы жануарлардың қозғалуы. Тірек-қимыл жүйесінің құрылысы

1




43

§45. Омыртқалы жануарлардың қозғалуы

1

№19 – зертханалық жұмыс. Құстар мен сүтқоректілердің сыртқы құрылысындағы және қаңқасындағы ұқсастықтар мен кейбір ерекшеліктерін зерттеу.

44

§46. Көпжасушалы жануарлардың көбеюі және жеке дамуы

1




45

§47. Бунақденелілердің дамуы

1




46

§48. Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері

1




47

§49. Жануарлардың мінез-қылығы

1




48

§50. Топтық мінез-қылық.

1




49

§51. Жануарлардың мінез қылығы туралы білімді іс жүзінде пайдалану

1




50

Қайталау

1




51

Қорытынды сабақ

[1] 1





Сабақ: 1

Тақырыбы: КІРІСПЕ

§1. Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы



Сабақтың мақсаты: «Биология» ғылымының негізгі заңдылықтарын оқушы тұлғасына жете түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – тірі ағзалар, оларға тән белгілер, көптүрлілігі, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, биология ғылымы, оның ботаника, зоология сияқты ірі салалары, еліміздің өсімдіктері мен жануарлары, оларды зерттеген ғалымдарымыз жайында қысқаша шолумен түсінік беру;

Тәрбиелік – табиғатты қорғаудың қажеттілігін ұғынып, туған жеріне, оның табиғатына деген сүйіспеншілігіне, оны аялап сақтауға деген ынтасына жол ашу;

Дамытушылық – пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларымен танысып, бар ынта жігерін сабаққа аудару.



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Проблемалық сұрақтар беру: Тірі ағзаларға қандай ағзалар жатады? Тірі ағзалардың қандай қасиеттері бар?



Жоспар:

  1. Тірі ағзаларға тән қасиеттер

  2. Олардың маңызы

Жасуша – тірі ағзалардың бөліну қабілеттілігін сақтап, заттар мен энергия алмасуын қамтамасыз ететін ең кішкене бірлік өлшемі.



Зат алмасу – ағзаның өсуін, дамуын, тіршілік әрекетін, қоршаған ортамен тұрақты қатынас жасалуын реттейтін барлық химиялық процестердің жиынтығы. Ол бір-біріне қарама қарсы (анаболизм) энергия қабылдап, реакция синтезі жүретін және бір-бірімен өзара байланысты (катабализм) реакция ыдырап энергия босап шығатын 2 процестен тұрады. Әрбір жасушадағы цитоплазма жаңа заттарды өзіне сіңіріп, оны түрлі химиялық өзгерістерге ұшыратады, жаңа цитоплазма түзеді. Ол нәруыз, май, көмірсулардың ірі молекулаларындағы потенциалдық энергияны жылу энергиясына айналдырып, үздіксіз өзгертіп отырады. Энергияның жұмсалуы тірі ағзалардың ерекшелігін білдіреді. Ағзалардың түріне байланысты цитоплазмадағы алмасу жылдам немесе керісінше баяу жүретінін байқауға болады.

«Зат алмасу – ағзаның айналадағы ортамен қарым-қатынас жасауы, оның нәтижесінде, біріншіден ағза өз тіршілігіне қажетті заттар алады». Олар қандай заттар? Ағза айналадағы ортадан қорек, ауадан оттегін алады. «Қорек пен оттегі(ауа) ағзаны энергиямен қамтамасыз ететінін білесіңдер ме? Қоректегі энергия оттегінің әсерінен астың қорытылуы кезінде босап шығады да ағзаның үздіксіз жұмыс істеуіне жұмсалып жатады». Екіншіден, ағза өз денесінде түзіліп жатқан қалдық қажетсіз заттарды сыртқа – айналадағы ортаға шығарады, яғни ол заттардан тазарады. Міне, осылайша ағза мен сыртқы орта арасында зат алмасу жүріп жатады.



Қозғалу – тірі ағзалардың бәріне (өсімдіктер, жануарлар) тән қасиет. Жануарлардың қозғалысы (жорғлау, жүгіру, ұшу, жүзу) көзге анық байқалса, өсімдіктерде, бір орынға бекініп тұратындықтан тіпті қозғалмайтындай көрінеді.

Жасуша цитоплазмасының қозғалысы (ағыны) бүкіл ағзаны қозғалысқа келтіреді, яғни өсімдіктің қозғалысы жасушадан басталады. Ал тұқымның өнуі, жапырақтардың біртіндеп жазылуы, бүршіктердің, гүлдердің біртіндеп ашылуы, жарыққа қарай бағытталуы (күнбағыс, бөлме өсімдігінің жарық көп түсетін жағының ерекше өсуі, т.б.) мұртшалары арқылы қасындағысы екінші бір өсімдікке шырмалуы қозғалысты дәлелдейтін құбылыстар.



Тітіркену қоршаған ортаның физикалық немесе химиялық өзгерістеріне, яғни тітіркендіргіштерге әсер етуі тірі ағзалардың ерекшелігін білдіреді. Мысалы, күн сәулесінің аз немесе көп түсуі, температура, қысым, топырақ, су, ауаның химиялық құрамының өзгеруі – осының бәрі тітіркендіргіштер. Өсімдік жасушасының тітіркенуі жануарлардағыдай айқын байқалмайды, дегенмен жарықтың әсерінен жасуша цитоплазмасының ағыны бірде баяулап, бірде жылдамдайды. Жәндіктермен қоректенетін өсімдіктер жапырақтарына қонған жәндіктерді сезіп, тітіркеніп жапырақ тақталары тез жабылып, жәндік ұсталып қалады.

Өсу зат алмасу кезінде жай заттардың бір-бірімен қосылып күрделенуі зат түзуі немесе энергия жинауының нәтижесінде болады. Демек анаболизм процесінің нәтижесі, жеке жасушалар мөлшері мен саны ұлғаяды, жаңа мүшелер пайда болады. Жануарлардың өсуі шектеулі, белгілі бір мөлшерге жеткен соң өсуі тоқталады; ал өсімдіктер тіршілігін жойғанша өсуін тоқтатпайды. Оған себеп түзуші ұлпалардың болуы.

Өсімдіктердің өсуі 3 кезеңнен тұрады: 1)эмбриональды өсу; 2)созылу кезеңі; 3)жіктелу кезеңі.



Эмбриональды өсу – сабақ тамыр ұштарында болатын түзуші ұлпалардың жас жасушалары демалыссыз бөлініп көбеюі.

Созылу кезеңінде жасушалардың мөлшері бірнеше жүздеген есе ұлғаяды.

Жіктелу кезеңі сыртқы орта жағдайларымен тығыз байланысты. Әр түрлі жағдайдың әсерінен өсімдікте және оның жеке мүшелерінде анатомо-морфологиялық құрылымдар пайда болады. Мысалы, ылғалы аз жерде өсетін өсімдіктің жасушалары өте майда болғандықтан өсуі де баяулайды, ал жарық жетіспесе жасуша шектен тыс созылады да, өткізгіш, тірек ұлпалары баяу өсіп, жапырақтары кішкене күйінде қалады.

Көбею – барлық тірі ағзаларға тән қасиет. Тіпті жоғары сатыдағы ағзаларды былай қойғанда көзге көрінбейтін микроағзалар ұрпақ қалдыру үшін екіге бөліну арқылы өте қарқынды көбейеді. Өсімдіктерде көбеюдің үш түрлі жолы бар: жынысты, жыныссыз, өспе мүшелері арқылы көбею.

Бейімделу (адаптация) - өсімдіктер мен жануарлар қоршаған орта жағдайына бейімделе алғанда ғана түрлерін сақтап қалады, сондықтан олар түрлі өзгерістерге ұшырайды. Өсімдік түрлерінің жер бетінде таралуына кедергі болатындар – су, жарық, жылу, қорек, жыртқыштар, паразиттер, т.б. Осы кедергілерді жеңу үшін бейімделу қажет. Мысалы, су тапшылығына бейімделу үшін өсімдіктердің жапырақтары өте майда, тікенекті, түкті болуы, тамырларының топыраққа терең бойлауы (жердің төменгі қабатынан суды сіңіру үшін). Жыртқыштардан қорғану үшін – жағымсыз иісті, жапырақтар мен сабақтары тікенекті сояулы немесе қатты болуы, т.б.

ІV. Бекіту.

Тірі ағзаларға не жатады? Оларды неліктен «тірі» дейді.

Тірі ағзалардың тіршілік үшін қандай маңызы бар?

Үй тапсырмасы. §1 оқып, терминдерге биологиялық негіздеме беру, тақырып соңындағы сұрақтарға ауызша жауап беру.

Сабақ: 2

Тақырыбы: §2. Биология ғылымдары

Сабақтың мақсаты: биология пәні, оны оқытудың маңызымен таныстыру.

Білімділік – тірі ағзалар, олардың алуан түрлілігі мен таралуы, бәріне ортақ белгілері, табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы туралы оқушылардың бұрыннан бар (бастауыш сыныптан, күнделікті өмірден) білімін жүйелеп, соған сүйене отырып зат алмасу, жасуша туралы жаңа түсінік-ұғымдарды енгізу; биология ғылымдары, оның негізгі салалары туралы алғашқы мағлұмат беру;

Тәрбиелік – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету;

Дамытушылық – шығармашалық ойлау қабілеттерін, пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электронды оқулық, биолог ғалымдардың портреттері.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың бар-жоғын бақылай отырып, назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Тірі ағзаларға не жатады? Оларлды неліктен «тірі» дейді?

Тірі ағзалардың тіршілік үшін қандай маңызы бар?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жоспар:


  1. Биология – тірі ағзаларды зерттейтін көп салалы ғылым

  2. Қазақстандық және шетелдік биолог ғалымдар

  3. Өсімдіктер мен жануарларды қорғау

Проблемалық сұрақтар беру: Биология ғылымының қалыптасуына не себеп болды? Оның қандай салаларын білесіңдер?

Адамдар ертеден-ақ тіршілік әрекетінің табиғатпен, тірі ағзалармен тығыз байланысты екенін жақсы түсінген. Табиғатта қандай өсімдіктер, жануарлар бар, олардың құрылысы, тіршілігі қандай екенін білуге ұмтылған. Пайдалыларын сақтап, көбейтуге, зияндыларының санын азайтуға тырысқан. Осылайша тірі ағзалар туралы адамның білімі молайып, биология ғылымы қалыптасты.



Биология (грекше: «биос» - тіршілік, «логос» - ғылым) – тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым.










Кез келген адам өзінің туған жерінде кең таралған тірі ағзалар, олардың тіршілігі жайлы білуі керек. Сонда ғана адам табиғат қорғау ісіне белсенді қатысады. Туған жеріне, табиғатына зор пайда келтіреді.

1920-1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын Ж.Күдерин жазды. Биология ғылымдарының докторы, академик Н.И.Павлов Қазақстан Республикасының өсімдіктерін зерттеді. Өсімдіктің жаңа 130 түрін ашты. Өсімдіктер туралы «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын» В.П.Голоскоков, М.С.Байтенов жазған, А.Ы.Жандеркин, Б.М.Мусин, К.Мыңбаев, Қ.Дүйсембин және т.б. ғалымдар биология ғылымына көп еңбек сіңірді.

Х.Досмұхамедов «Жануарлар» оқулығын жазды. А.Бекенов, В.А.Грачев, М.И.Исмагилов, А.Ф.Ковшарь, А.А.Слудский, К.Ысқақова және басқа ғалымдар еліміздің жануарлар әлемін зерттеді. Қазақстандағы жануарлардың зерттелуі, биологиясы, арнайы шаралар қолданылып қорғауға алынуы тиіс түрлер туралы еңбектер жазды. Сиреп кеткен және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерді тіркеп, сипаттау «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының» жарыққа шығуына негіз болды.

Елімізде молекулалық биология, биохимия, генетика, т.б. ғылым салаларынан жүргізілген зерттеулердің мәні зор. Ауыл шаруашылығы дақылдарының, жаңа іріктемелері мен малдың асыл тұқымдарын шығаруда зор көмегін тигізеді. Осы салады еңбек еткен, еңбектеніп жүрген ғалымдар көп. Ғылымда аты жарық етіп шыққан академик М.Ә.Айтхожинның, академиктер Т.Б.Дарханбаев, М.Ә.Ермеков, К.У.Медеубеков сияқты ғұламалардың еңбектерін біліп, мақтан тұтуға әбден лайық.

Биология ғылымын дамытуға шетелдік ғалымдар С.Г.Навашин (өсімдіктің ұрықтаныуын ашқан), К.А.Тимирязев (фотосинтезде хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған), т.б. атауға болады.

Өсімдіктер мен жануарларды қорғау. «Қызыл кітап». Қорықтар мен қорықшалар.

Жүздеген жылдар бойы шаруашылық мақсаттар үшін ағаштарды кесуге, құстарды, сүтқоректілерді, балықтарды жыртқыштықпен аулауға шек қойылмады. Мұндай жағдай жер бетіндегі өсімдіктер түлерін, кәсіптік жануарлар санын күрт азайтты. Кейбір түрлер мүлдем жойылып кетті.

Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген.

«Ер – елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі», «Бір тал кессең, он тал ек», «Дәрі шөптен шығады, дана – көптен шығады», «Қорада малың болсын, көшенде талың болсын», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Дала көркі – мал, өзен көркі – тал», «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сияқты мақал-мәтелдер бұған толық дәлел.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында бидай масағы мен қанаттанған пырақ бейнеленген. Бұл – туған жерімізге деген терең сүйіспеншілік. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қадірлеп құрметтеуден туындаған.

Халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі өсиеттері бар. Солардың бірі – тыйым салынатын сөздер: «Көк шөпті жұлма, таптама», «Көктемде жан-жануарларға тиіспе», «Үйге кірген жыланға ақ құйып шығар», «Құс ұясын бұзба» және т.б.



«Қызыл кітап» сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылымы 1991 жылы, үшінші басылымы 1996 жылы шықты. Мұнда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, жорғалаушылардың 10, құстардың 56, сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» 1981 жылы жарық көрді. Бұл кітапта өсімдіктердің 303 түрі сипатталған.

Елімізде өсімдіктері мен жануарлары арнай қорғалатын тұтас табиғи аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған:




Бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас қор емес. Адам игілігіне пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның қамқорлығының арқасында жүзеге асады.



ІV. Бекіту.

Биология ғылымы нені зерттейді? Оның дамуы кімдердің есімімен байланысты?

Оның қандай салалры бар?

Өсімдіктер мен жануарларды қорғауда қандай шаралар қолданылады?



Үй тапсырмасы. §2 оқып, жойлып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер жайлы хабарлама жазып әкелу.
Оқушыларды бағалау.

Сабақ: 3

Тақырыбы: І тарау. Жасуша – ағзалардың тіршілігі мен құрылысының ең кіші өлшем

бірлігі. Өсімдік ұлпалары.

§3. Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар.



Сабақтың мақсаты: вирустардан басқа барлық тірі ағзаларға тән, ең кішкентай өлшем бірлік – жасуша, оның ашылу тарихымен және оны зерттеуде пайдаланылған құралдар жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – «жасуша» ұғымын түсіндіріп, микроскоптың құрылысымен таныстырып, дайын микропрепараттар жасау тәсілін үйрету.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми дүниетанымын байыту.

Дамытушылығы – электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.



Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, мироскоптар.

Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Биология ғылымы, оның негізгі салалары туралы әңгімелеңдер.

Ғылымға еңбегі сіңген ғалымдарды атаңдар. Олардың қандай еңбектері бар?

Қорық деген не? Еліміздегі басты қорықтарды атаңдар. Өзің қайсысында болдың?



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жоспар:


1. Микроскоптың шығу тарихы

2. Үлкейтіп көрсететін құралдар және микроскоппен жұміс істеу тәртібі



1609 жылы Италия ғалымы, физик Г.Галилей 2 дөңес әйнектен құралған объективімен окуляры бар 40-тан 300 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал құрастырған.

Голландия ғалымы Антон ван Левенгук дөңес әйнектерді өңдеу арқылы микроскоп құрастырып, алғаш рет бактерияларды, қанның қызыл түйіршіктерін, ер адамның жыныс сұйықтығындағы жасушаларды көрген.

Тірі ағзалардың ортақ белгісі – денесі жасушадан (клеткадан) тұрады. Кез келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық өлшем бірлігі – жасуша. Көлемі кіші болғанымен, мыңдаған қосылыстар, жүздеген заттар жасушада ұдайы түзіліп, реакция тізбегіне қатысады. Жасушада тірі ағзаларға тән зат пен энергия алмасу, оптикалық қосылыстардың түзілуі, өсу, көбею, тыныс алу жүреді.

Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. 1590-1610 жылдардың аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі-балалы Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.

1665 жылы алғаш рет Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған. Ол майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған. Әдетте біз жасушаны жай көзбен көре алмаймыз. Оның мөлшері миллиметрдің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде денесі бір ғана жасушадан тұратын өте қарапайм ағзаларды біржасушалылар дейді. Біржасушалылыр көпжасушалылы ағзалар сияқты тіршілік етеді.

Жасушамен алғаш танысқандықтан, әрі бұл материал күрделі болғандықтан жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, өсімдік жасушасын бірнеше есе үлкейтіп көрсететін құралдардың түрлері, олармен жұмыс істеу әдісін үйрету керек.



Үлкейтіп көрсететін құралдар және микроскоппен жұмыс істеу тәртібі. Жарық микроскобының әрбір бөлімінің атын, не үшін қажеттігін оқушылардың дәптеріне жаздырған жөн. Содан соң микроскоппен қалай жұмыс істеу керек екендігін мұғалімнің өзі көрсетуі тиіс. Алдыға қойылған мақсат – оқушыларды микроскоппен, жұмыс істеу барысымен таныстыру.

Ол үшін микроскопты үстелдің шетінен 5-8 см қашықтыққа қойып, барлық бөлімдерін таза жұмсақ шүберекпен сүртіп тазартылуы тиіс екенін айтып, әр бөлімдерін қалай пайдалану керек екендігін (бұранданы жоғары, төмен қозғау; айнаны жарыққа бағыттап жарық ұстау жолы; көретін затты заттық үстелдің үстіне дәлдеп қою, т.б.) нақтылай көрсетіп жаттықтырған жөн. Микроскопқа керекті жабдықтардың маңызын, қалай қолдануын (заттық әйнектің саусақпен шетінен ұстау; ортасынан ұстаса саусақ ізі түсіп зерттейтін затты анық көрсетпей кедергі болатынын ескерту; сондықтан тазалап сүртіп алу) айту. Препарат жасау үшін зат әйнегінің дәл ортасына тамызғымен 1-






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет