Құндылықтарды дарыту
|
- Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын;
- Өзгенің пікірін құрметтеу;
- Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту;
|
Бастапқы
білім
|
Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0 – 3 мин
|
Ұйымдастыру. Амандасу.
Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.
Айналаға алақанмен
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп күлімсіреп
Біз сабақты бастайық!
Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.
|
Презентация
|
Сабақтың ортасы
4– 8 мин
|
"Миға шабуыл"
-Сан аралықтары дегеніміз не?
-Қандай сан аралықтарын білесіңдер?
-Қандай сан аралығы кесінді деп аталады?
Өткен тақырыпты бекіту. Жеке жұмыс. Кестені толтыр.
Теңсіздік
|
Координаталық түзуде кескінделуі
|
Белгіленуі
|
Аталуы
|
|
|
(-1; 4)
|
|
|
|
|
Кесінді
|
|
|
|
Жартылай интервал
|
|
|
[5; + )
|
Сәуле
|
|
|
(- ; 6)
|
|
|
Презентация, карточка,
|
9 – 18 мин
|
Жаңа сабақ.
Сан аралықтарының қиылысуы ∩
А ∩ В қиылысу белгісі
Мысал 1. (– ∞; 3] және [– 4; +∞) сан аралықтарының қиылысу аралығын табайық. Жазылуы: (– ∞; 3] ∩ [– 4; +∞) = [– 4; 3].
Мысал 2.Сан аралықтарының қиылысуы. [-2;4] және [1;6] сан аралықтарының қиылысуы - [1;4]. Бұл олардың ортақ сан аралығы. Белгіленуі: [-2;4] [1;6]=[1;4]
Мысал 3. [– 2; 9] және [5; 12] сан аралықтарының қиылысу аралығын табайық. Жазылуы: [– 2; 5] ∩ [5; 12) = [5; 9].
Сан аралықтарының қиылыcпайтын болуы.
[-4;1] және [3;7] сан аралықтары қиылыспайды немесе оларға ортақ сан аралығы жоқ.
Белгіленуі: [-4;1] [3;7]=
А сан аралығында да, В сан аралығында да тиісті сандардан ғана тұратын А∩В аралығын А және В сан аралықтарының қиылысуы деп атайды.
Сан аралықтарының бірігуі
[-2;6] аралығының әрбір саны [-2;3] және [1;6] аралықтарының ең болмағанда біреуіне немесе екеуіне де тиісті.
Белгіленуі: [-2;3] [1;6]=[-2;6]
Мысал 4: [– 2; 7] және [4; 11] сан аралықтарының бірігуін табайық.
Жазылуы: [– 2; 7] [4; 11] = [– 2 ; 11]
Мысал 5: [– 6; 1] және [4; 10] сан аралықтарының бірігуін табайық. Жазылуы: [– 6; 1] [4; 10]
А және В сан аралықтарының кем дегенде біреуіне тиісті сандардан ғана тұратын А В аралығын А және В сан аралықтарының бірігуі деп атайды.
|
Математика
2-бөлім,
Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,
Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.
|
|
19 – 26 мин
|
Жаңа тақырыпты бекіту. Оқулықпен жұмыс
№926
5.19-суретте кескінделген сан аралықтарының қиылысуын жазыңдар.
№927. Жұптық жұмыс."Ойлан, жұптас, бөліс" әдісі.
Координаталық түзіді пайдаланып, сан аралықтарының бірігуін табыңдар.
(-12; және ;
(- ; және ;
және ;
(2; және ;
және ;
және
|
Математика
2-бөлім,
Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,
Алматы «Атамұра» 2018.
|
27 – 28 мин
|
Сергіту сәті. Интербелсенді тақтада көрсетілген видео бойынша қимылдарды қайталау.
|
Видео
|
29 – 36 мин
|
Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау.
1-тапсырма
Берілген сан аралықтарын сан түзуінде салып, қиылысуы мен бірігуін жазыңыз:
а) [2; 7] және [2,5; 11);
b) (-∞; -5] және (-6; +∞)
Дескриптор: Білім алушы
- сан түзуінде берілген сандарды белгілейді;
- аралықтарды белгілейді;
- аралықтардың қиылысуларын табады;
- аралықтардың бірігулерін табады.
2-тапсырма
Төмендегі аралықтарды қолданып, бірігуі мен қиылысуын жазыңыз:
Дескриптор: Білім алушы
- сан түзуінде берілген аралықтарды салады;
- аралықтардың қиылысуларын табады;
- аралықтардың бірігулерін табады.
|
карточка
|
Сабақтың соңы
37 – 40 мин
|
Үйге тапсырма: №930
Рефлесия: «Бес саусақ»
|
Математика
2-бөлім,
Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,
Алматы «Атамұра» 2018
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.
АКТ-мен байланыстар
|
Саралау тапсырмалары жұптық жұмыста және жеке жұмыстарда беріледі. Жұптық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады.
|
Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды мадақтау.
|
Оқушылармен сергіту сәті жаттығу жұмысы жүргізіледі.
|