Сабақ тақырыбы: Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау


Неміс классикалық философиясындағы ақылдың транценденталдық негіздері



бет4/5
Дата13.06.2022
өлшемі33,89 Kb.
#146478
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жумабекова Айшолпан 219 ЖМ Философия №2 практика
Мәдениеттану кіріспе
5.Неміс классикалық философиясындағы ақылдың транценденталдық негіздері.
Философиялық сөздікте классика деген ұғымға — сlаssіcus (латынша) — тыныштыққа, салмақтылыққа, реттілікке, айқындыққа, үйлесілімділіккё үмтылу; үлттық және әлемдік мәдениет үшін баға жетпес қүндылық бо-лып есептелетін ең озық, үлы туындылар, классика қызуқандылыққа, рет-сіздікке, қараңғылыққа қарама-қарсы деген анықтама берілген. Неміс философиясына классикалық атауының берілуі оның дүни-ежүзілік философия тарихында алатын орнының аса маңызды, көрнекті екенін көрсетіп түр. Сөз жоқ, неміс классикалық философиясы — тарихи феномен, ол фундамент қана емес, маңғаз ғимарат, оның әрбір өкілі қай-таланбас тұлға, тендесі жоқ құндылық. И.Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.В.Гегель, Л.Фейербах және тағы басқа философия тарихында өшпейтін із қалдырған ойшылдар.
Неміс классикалық философиясының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары:
1) Германия үшін ХVІІІ-ғасыр — Агартушылық Дәуірі. Ағартушылар соқыр сенім-наным, фанатизмге, халықты алдауға бітіспес күрес жүргізді. Олар өздерін ақыл-ойдың миссионерлері ретінде қарастырды, халықтың көзін ашуға, оларға өмірге келгендегі мақсатын түсіндіруге міндеттіміз деп есептеді. Ренессанстық еркін тұлға идеалы жалпылық идеалымен то-лықтырылды: адам өзін ғана емес, басқаларды да ойлауы тиіс. Әлеуметтік идеясы, қоғамды ұйымдастыру мәселесі басты мәселеге айналды. Оған жету жолы — білім. Біліммен тым әуестену қаупі ХVІІІ-ғасырдағы Германияда әзірге жоқ, Ағартушылықтың алғашқы кезеңі рационалтді, ол парасатты ойлауға негізделген. Кейінірек ақыл-ойдан көңілі қайтқандар ендігі жолды сезімнен, интуиииядан, диалектикалық ақыл-ойдан іздеді, бірақ мұның бәрі соңынан болды, әзірге біліммен байланысты нәрсенің бәрі керемет болып көрінеді.
2) Ағартушылыққа тарихи оптимизм тән. Прогресс идеясы осы ке-зеңнің жетістігі. Ағартушылық алғаш рет озін Жаңа Дәуір ретінде сезіне бастады. Ол ұлттық бірлік үшін күресті, бір заңға бағынатын жалпыгер-мандық мемлекет құруды талап етті, князьдіктер мен қалалардың, монархтар мен дворяндардың ойына келгенін жасауын тоқтатуға тырысты.
3) Бұл ерекшелік Пруссия корөлдығының өз шекараларын қарудың күшімен кеңейтіп, күшті мемлекетке айналуға ұмтылуымен байланысты еді. Бірақ әскерінің саны жағынан Европада төртінші орын алған Пруссия казарма ғана емес, гылымдар академиясын дамытқан ел болды.
Осындай әлеуметтік-мәдени жағдайларда қалыптасқан неміс класси-калық философиясының ерекшеліктері:
I) философия көпшіліктік сипатқа ие. Лейбництің ілімін жалғастырушы Христиан Вольф бұл іске көп еңбек сіңірді. Лейбниц әлемді тұтас нәрсе, ондағы дін мен ғылымның арасында қарама-қайшылық жоқ деп қарастырса, Вольф пен оның шәкірттері қоғамның күрделі мәселелерін білімді көбірек тарату арқылы реттеуге болады деп сенді, христиандық сенімді рационализммен ұштастыруға ұмтылды.
2) пиетизм — лютерандық шіркеудің рухани тоқырауына қарсылық негізінде қалыптасқан қозғалыс. Пиетистер өзінің назарын дін сыртқы салт-дәстүрден ішкі сенімге, қасиетті дін кітабын меңгеруге және адам-гершіліктік мінез-құлыққа аудару керек деп ұйғарды. Ағартушылық өкілдерінің басым көпшілігі осы мектептен өтті. Мысалы, Кант авторитеттер деген жоқ, жаңа кезеңнің уақыты туды, қайшылықтарды көрсете отырып, біржақтылықтан арылу қажет, жаңа шешім беру, бірақ жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, жеңу емес, бітімге келтіру керек деп жариялады.
3) Философияның басты объектісі — адам, оның ақыл-ойының мүмкіндіктері мен шекарасы.
Ол философия пәнін оқытушы ретінде де танымал болды. Дауысының әлсіздігіне қарамастан оның лекцияларына адам көп жиналатын. Фи-лософиядан басқа математика, физика, құқық, этика, физикалық география, антропология, рациональдік дінтану курстарынан лекциялар оқыды. Бірақ Інжілді бұрмалады деген айып тағылып, соңғы пәннен лекция оқуға тиым салынды. Лекция оқу егде адамның ісі емес деп, жасы үлкейе келе лекция оқуды тоқтатты, бар назарын барлық ғылымдардың энциклопе-диясын қамтитын үлкен еңбек жазуға бұрды, бірақ ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуі себепті бұл еңбек үзінділер күйінде қалды. Канттың 80 жаска екі ай жетпей дүниеден өткен адамдық тұлғасы мен өмірі басқаларға, әсіресе қазіргі жастарға үлгі боларлықтай. Оның бойында ақыл аффектіден жогары, парыз нәпсі мен төменгі тілектерден жогары тұрды. Өзінің ғылыми-философиялық қызметін ең жоғарғы міндеті деп түсінген Кант басқа нәрсенің бәрін осы міндетке бағындырды. Ол тіпті табиғатты да жеңді деуге болады, себебі табиғатынан аурушаң әлсіз денесін тынымсыз ой энергиясының тірегіне айналдырып, философияны зерттеу ісін бар өмірінің мақсаты деп түсінді және осы мақсатынан өмірінің соңына дейін айнымады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет