3.Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі.
Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі қалыптасқан. Рух – құдайлы бастама, жан – жеке сана, дене – табиғи бастама ретінде түсіндіріледі. Танымдық тұрғыдан қарағанда, сана – дүниені бейнелеудің ең биіе, тек адамға тән идеалдық формасы. Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине, адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады.
4.Жаңа заман философиясындағы тума идеялар концепциясы және cogito.
Қайта өрлеу дәуірі (Renaissance - фр.) - Орта ғасырдан Жаңа Заманға өту дәуірі болды. Оның шеңберін біз ХІV-ХVІ ғ.ғ. белгілейміз. Қайта өрлеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда, әсіресе теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналасқан калаларда сауда, қолөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың сарқылып, көп іскер шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып қалаларға келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер біршама қоғамның рухани өміріндегі жаңаруларға әкеледі. Біріншіден, өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі схоластикалық ой-өрістен жаратылыстану ғылымдарына бетбұрыстың пайда болуына әкелді. Ал оның өзі бірте-бірте материалистік бағыттың философияда күш алуына әкеліп соқты. Табиғаттың заңдылықтарының бірден-бір зерттеу жолы - ол тәжірибелік зерттеу - эмпиризм (еmрегіа, - грек сөзі, тәжірибе) бағытын тудырды. Тәжірибе арқылы алынған деректерді пайымдау, қорыту қажеттігі рационализм ағымын дүниеге әкелді. Ал бұлардың өзі ой еңбегінің бағалануына, әсіресе оқыған, көзі ашық интеллигенцияның дүниеге келуіне себеп болды. Егер Орта ғасырдағы қоғамда ой еңбегі, негізінен, дін шеңберінен шыға алмаған болса, қазір жағдай күрт өзгере бастады.
Орта ғасырдағы қауымдық негізде ұйымдасқан әртүрлі кәсіби топтар жаңа жағдайда бірте-бірте ыдырап, оның орнына жеке адамдардың іс-әрекеті көбірек бағалана бастайды: табиғи мол дарыны бар адамдар өздерінің мүдделері мен мақсаттарына сай суретші, мүсінші, дәрігер, жазушы, сәулетші т.с.с. болуға тырысады. Ал мұның өзі ресми ғылымға, сол кездегі схоластикалык нәтижесі жок ой-өрісіне қарсы сезімдерді туғызады, өйткені олардың ой-өрісі, дүниесезімі, шығармашылык ізденістері діннің шеңберінен шығып, жана көзқарасты талап етеді.
Ал бұл айтылған ойлардьң айқын көрінісі - Орта ғасырдағы университеттер мен шіркеуден тыс жаңа ұйымдардың көптеп пайда бола бастауы. Оларды «Studia Humanitatis» (гуманитарлық пәндерді зерттеу) деп атады. Сонымен Қайта өрлеу заманының өшпес нәтижесі - гуманистік (Humanus - латын сөзі, адамгершілік, адамдық) ағымньң сол кездегі коғам мәдениетінің саласында пайда болып, оған жан-жақты зор әсерін тигізуінде болды. Бұл ағым философиялық ой-өріске ғана емес, сонымен қатар саясатка, моральдық нормаларға, әдебиет пен көркемөнерге, діннің өзіне үлкен ықпалын тигізді. Негізгі идеясы жеке адамның бойындағы табиғи дарындарын өмірге әкелу, адамның қүдіретін, ар-абыройын көрсету болды.
Достарыңызбен бөлісу: |