өте үлкен немесе өте кіші шамаларды жазу үшiн сандарды стандарт түрде жазудың қажеттiлігiн түсiну;
санның стандарт түрі ұғымын, оның маңызды бөлігін және ретін білу;
стандарт түрде жазылған сандарды салыстыра алу;
Бағалау критерийлері
Санның стандарт түрде жазылғанын анықтай алады;
Стандартты түрде берілген сандарды салыстыра алады;
Стандартты түрде берілген сандарды қоса алады;
Стандартты түрде берілген сандарды азайта алады;
Стандартты түрде берілген сандарды көбейте алады;
Стандартты түрде берілген сандарды бөле алады;
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
- санның стандарт түрінің мағынасын түсінеді;
- пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады.
Пәнге тән лексика мен терминология: - санның стандарт түрі;
- стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігі мен реті;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
санды стандарт түрде жазыңыз;
егер санның мәнді бөлігіндегі ондық разрядтың үтірін n бірлікке ... орын ауыстырса, онда 10-ның дәреже көрсеткішіне (көрсеткішінен) ... ;
Саралау түрі
Нақты саралау, жасырын саралау
Құндылықтар
Тапсырмаларды жұпта (топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылығын, жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылығын, жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.