Сабақ тақырыбы: Ш. Айтматов: Атадан қалған тұяқ
Мақсаты: 1. Мәтінді меңгерту. Идеясын ашу. Мәтінмен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру. Жаңа сөздерді меңгерту. Ұлы Отан соғысы жайында ұғым қалыптастыру. 2. Ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Топтық жұмыс арқылы тапсырмаларды бірлесе шешуге, топтық ережені сақтауға, өзінің және өзгенің пікірімен санасуға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Топпен жұмыс жасай білуге үйренеді. Өз ойын еркін жеткізе біледі. Шығармашылық қабілеті дамиды. Мәтінмен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.
Оқыту технологиясы: Ақпараттық технология, СТО
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Мультимедиалық проектор, компьютер, постерлер, маркер,ана тілі 4 сынып оқулығы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, кубизм стратегиясы, топтавстыру, қарама-қарсы элементтер стратегиясы, мәтінге жоспар құру, 5 минуттық эссе.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ жоспары:
Уақ.
|
Сабақты ұйымдастыру формалары
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
1мин.
|
Ұйымд. кезеңі
|
Амандасу арқылы сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру
|
Шеңберге тұрып бір-бірімен амандасып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру
|
2 мин
|
Топтасу
|
1,2,3,4 деп санау арқылы топқа бөліну
|
Оқушылар топқа бөлінеді
|
3 мин
|
Миға шабуыл
|
Әлия, Мәншүк, Т.Тоқтаров, М. Ғабдуллин слайдтарын көрсете отырып, оқушыларды сөйлету
|
Әр топ бір батырдан бөліп алып, сол туралы өздерінің білетін мәліметін айтады
|
3 мин
|
Топтық тапсырма
|
Әр топ алдына тапсырма беру.
1-топ: Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
2-топ: Соғыс кезінде ҚР қандай мемлекет құрамында болды?
3-топ: Ұлы Отан соғысының батырлары кімдер?
4-топ: Соғыс кезінде қандай қалалар жау қоршауында болды?
|
Әр топ сұрақтар бойынша ақылдаса отырып ауызша жауап береді
|
2 мин
|
Жаңа сабақ
|
Сабақ тақырыбымен таныстыру.
Ш. Айтматов: «Атадан қалған тұяқ»
Ш. Айтматов туралы оқушылардың дайындап келген материалын тыңдау
|
Оқушылар Ш. Айтматов туралы дайындаған материалын оқиды
|
8 мин
|
Топтық тапсырма
|
Мәтіндң бөлімдерге бөліп, әр топқа береді
|
Оқушылар берілген бөлімді оқиды. Әр топтан бір оқушы шығып мазмұнын айтады
|
5 мин
|
Сұрақ-жауап
|
Әр оқушыға сұрақтар беріп, жауап алу:
-Әкесін кинодан көргенде Әуелбек неше жаста болатын?
-Шешесі Жиһангүл қайда, кім болып жұмыс жасайды?
-Қашардағыларға не келді?
-Кино не туралы?
Кино Әуелбекке қалай әсер етті?
-Киноны көрген Әуелбектің жағдайын әңгімеле
-Адамдар Әуелбекті қалай қабылдады?
-Әңгімедегі автордың айтайын деген негізгі ойы қандай?
|
Оқушылар мәтін мазмұнына сүйене отырып, жауап береді
|
5 мин
|
Топтық тапсырма
|
Мәтін бөлімдеріне ат қою. Сол бөлім мазмұны бойынша топ болып сурет салдыру
Қырқым кезіндегі Әуелбек
Қырқымға киноның келуі
Соғыс туралы кино
Адамдардың Әуелбекті түсінбеуі
|
|
|
|
|
|
5 мин
|
Топтық жұмыс
|
1-топ: Соғыс тақырыбына 5 минуттық эссе
2-топ: Соғыс туралы ән айту
3-топ: Бейбітшілік сөзіне топтастыру стратегиясы
4-топ: Бейбітшілік және соғыс тақырыбына қарама-қарсы элементтер стратегиясы
|
Әр топ берілген тапсырма бойынша постер қорғайды.
|
3 мин
|
Бағалау (формативті және суммативті)
|
Алдымен оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды (бағалау парақшасы арқылы), соңынан мұғалім өзінің жиынтық бағасын қояды
|
|
2 мин
|
Соңғы сөзді маған қалдыр
|
-Бүгін қандай жаңа сабақпен таныстық?
-Әуелбек кім?
-Ол неге сонша қуанды?
-Ұлы Отан соғысы жайында қандай мәліметтер алдық?
|
Оқушылар сұраққа жауап береді.
|
1 мин
|
Үйге тапсырма
|
Мәтін мазмұны
|
|
Ақтау қаласы №9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі: Тлеубаева Гулзия
Достарыңызбен бөлісу: |