Сабақ тақырыбы: шч (Шнуровая часть) қызметімен танысу



Дата07.02.2022
өлшемі58,01 Kb.
#83937
түріСабақ
Байланысты:
шч


Сабақ тақырыбы: ШЧ (Шнуровая часть) қызметімен танысу
Электрмеханикке барынша ыңғайлы жағдай жасау және оны шаршатпау ісінде өндірістік жиһазды дұрыс таңдау үлкен мәнге ие. Өндірістік жиһазды электрмеханик жұмыс кезінде сезінетін жүктемені, оның жұмыс істеу тұрқының, жұмыс аймағының ерекшеліктерін ескере отырып іріктеу жөн.
Реттеу ісімен айналысушы электрмеханиктің жұмыс үстелі екі тумбалы болуы және онда бүкіл қажет саймандарды, материалдарды, көмекші құралдарды және жұмыс орнын күтіп ұстайтын заттарды жеке-жеке сақтап қоюға арналған бөлімдері бар суырмалар жеткілікті болуы керек. Үстелдің бір жағына реттелетін релеге арнап тумба қояды. Үстелді ырықсыз желдеткіш және компрессор жабдығы бар иіссорғыш камерамен жабдықтаса құба-кұб.
Отыру үшін отырғыштың биіктігін реттеуге мүмкіндік беретін көтергішті бұрандалы отырғыш пайдалану қажет. Жұмыс отырғышының биіктігі жұмыс үстелінің биіктігіне және электрмеханиктің бойына сәйкес келуі тиіс. Отырғыштыңалдыңғы жағы шамалы дөңгелек болып келуі кажет, себебі осылай болғанда ол жамбастың төменгі жағын қыспайды, сөйтіп қан айналымына кедергі келтірмейді. Отырғыштың үстіңгі жағы арт жаққа шамалы шалқайып бітуі керек (3-5° бұрыштамасымен). Отырғыштың арқалығы қол қимылын шектемеуі тиіс, ол арқа бітіміне сәйкес келіп, ал отырғыштың биіктігі өзгертілетіндей болуы керек.
Белгі беру, орталықтандыру және тежеу орнының жөндеу-технологиялық учаскесінде еңбекті ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар осы бөлімде қарастырылған. Типтік шешімдер озық белгі беру және байланыс дистанцияларындағы еңбекті ұйымдастыру тәжірибесі негізінде әзірленді.
Типтік жоба теміржол көлігіндегі белгі беру және байланыс дистанциялары қызметкерлеріне арналған және СОБ ЖТУ-де еңбек ұйымдастыру кезінде басшылыкқа алынатын материал болып саналады.
Жұмыс орны мынадай негізгі белгілер бойынша жіктеледі:
- орьндаушылардың саны бойынша–жеке-дара;
- өндіріс түрі бойынша – көмекші;
- мамандану дәрежесі бойынша - мамандандырылған;
- механикаландыру деңгейі бойынша - қолмен атқарылатын;
- жайғасқан орны бойынша - тұрақ-жайда;
- жұмыс ауысымдарының саны бойынша - бір ауысымды;
- негізгі жұмыс атқару тұрқы - отырып атқарады;
- қозғалғыштық дәрежесі - тұрақты орында.
Жұмыс орнында бір СОБ электромеханигі қызмет көрсетеді.
Жоба мына проблемаларды шешуге есептеледі:
-ЖТУ-де жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізу үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау;
-құрылғыларды сапалы жөндеп, сынақтан өткізу;
-қауіпсіз еңбек жағдайын жасау;
-қызметкерлердің шаршап қалуын болдырмау және денсаулығын сақтау мақсатында мүмкіндігінше колайлы еңбек жағдайымен қамтамасыз ету.

ЖТУ бастығы







Сенімділік пен техникалық құжаттама бригадасы

Құрылғыларды бір орталықтан ауыстыру бригадасы

Құрылғы жөндеу бригадасы

СОБ кабелін, қорғаныс құралдарын Б/К аппаратураны өлшеу бригадасы





Аға электрмеханик





Жөнделген құрылғыларды қабылдаушы электрмеханик

Құрылғы жөндеу жөніндегі электрмеханик





Құрылғы жөндеу жөніндегі электрмонтерлер

4.1-сурет. ЖТУ құрылымы


ЖТУ электрмеханигінің жұмыс орны СОБ релесін жөндеу және үйлестіру бойынша жұмыс жүргізуге арналған. Ол құрылымының ұйымдық нұсқасы 4.1-суретте көрсетілген ЖТУ құрамына кіреді.


Жұмыс орны - қажет техникалык құралдармен жарақтандырылған, бір жұмысты атқаратын атқарушының немесе атқарушылар тобының еңбек қызметі жүретін аймақ. Жұмыс орнын ұйымдастыру дегеніміз- оны мамандандыру, қажет құралдармен және еңбек құралдарымен жарықтандыру жөніндегі шаралар жүйесі. ЖТУ-да мынадай мамандандырылған жұмыс орындары ұйымдастырылады:
- қабылдап алу, беру және сақтау орны;
- бастапқы өңдеу орны;
- СОБ релесін үйлестіру және жөндеу орны;
- бақылау-тексеру орны.
Жұмыс орныныңмамандандыру дәрежесіне, атқарылатын жұмысқа сәйкес келіп, электромеханиктің еңбегін жеңілдетіп, ыңғайлы да қауіпсіз болуы қолданылатын құрал-жабдық құрамына байланысты. Жұмыс орнын жарықтандырудың ішіне технологиялық және ұйымдастыратын құрал-жабдық, сондай-ақ техникалық құжаттама кіреді. Құрал-жабдықты таңдаған кездеоны жұмыс орнына сыйғызып орналастыратындай етіп таңдау керек. Ол жұмыс орнын бітеп тастап, жұмыс кезінде ыңғайсыздық туғызбауы тиіс.
Технологиялық құрал-жабдықтарға мыналар жатады:
- сынақ стенділері;
- бақылау-өлшеу приборлары;
- әр түрлі көмекші құралдар;
- саймандар.
Сынақ қондырғылары:
-СОБ релесін, кодалық трансмиттерлерді және ДЯ мен ДА (СИ-СЦБ-У 4, 13415-00-00А не СИМ-СЦБ) типті құпиясыздау ұяшықтарын тексеруге арналған әмбебап стенд;
- ДСР, ДСШ (ДСР-У4, 13414-00-00 не ДСШК типті компьютерлік)типті релені тексеруге арналған стенд;
- реле блоктарын (24131-00-00А не СБРК типті компьютерлік) сынақтан өткізуге арналған бір ізге түсірілген стенд;
- СОБ байланыссыз аппаратурасын (СКА-1 типті) тексеруге арналғанстенд;
- СОБ релесін (АПР-74) тексеруге арналған алып жүретін шабадан;
- «Нева» ДЦ (ЛИ-ДНЦ-70, 144-33-00-00) сынақ пульті;
- УПУ-1М типті конденсаторды оқшаулау беріктігін сынауға, төменгі вольтті бәсеңдеткіштерді және т.б. сынауға арналған әмбебап бұзу қондырғысы.
Өлшеу құрылғылары:
- В3-38, В3-43 шамды вольтметрі;
- Я3Ч-51, 43-54 бөлгіші бар 43-32, 43-34 жиілік өлшегіші;
- СС1-69(С1-18)осциллографы;
- ПВ-53Щ (ПВП-52) электрсекундомері;
- Ф-209 миллисекундомері;
- СМ-60 механикалық секундомері;
- реленің уақыттық параметрлерін өлшегіш (Ф-738);
- ИИВ типті АЛСН кодты уақыттық параметрлерді өлшегіш;
- Г4-102, Г4-116 стандартты белгі берулер генераторлары;
- ГЗ-102, ГЗ-56/1 дыбыстық жиіліктерінің генераторлары;
- Л2-22/1, Л2-42, Л2-54 типті құрылғылардың п/п параметрлерін өлшеу құрылғысы;
- магниттейтін қондырғы;
- И-54 тоқтрансформаторы;
- ИРЦ ток индикаторы;
- 2,5Д-5063 сыныпты фазометр;
- М1119 милливеберметрі;
- 0.1-1000оМ М-416 жертартқының тойтарғыштығын өлшегіш;
- 2,5М1101, МІОООВ сыныпты мегаомметрлер;
- Ш-ЗОмм метрі;
- Ц4312 ампервольтметрі.
Өлшеу көпірлері мен дүкендері:
-сыйымдылығы 0,2 111,11 мкФ Р-5025 дүкен;
- 0,2 Р-567 сыныпты индуктивтілік дүкені;
- 0,2 МСР-63 М,Р-33 сыныпты тойтарымдар дүкені;
- Е7-4 ауыспалы токты көпір.
Құрал-жабдық, сайман, материалдар:
- ЛАТР РНО-250 типті автотрансформаторлар;
- ВСА түзегіштері;
- ВСП-1 сырғақты реостаттар;
- И3-1003, И-38Б электрбұрғысы;
- ИР1-71, ИР2-71 релесін механикалық реттеуге арналған саймандар жиыны;
- «СЦБД-71 типті СЦБ электрмеханигі» сайман жиыны;
- 36В және220В 40Вт, 160Втэлектрлік дәнекерлегіштер.
- тұрмыстық қайшылар;
- надфильдер;
- шаңсорғыш не айырымды компрессор;
- шөткелер, қолсүрткілер;
- медициналық шприц;
- үлкейткіш шыны;
- ПМВГ-0,35, ПМВГ-0,5 монтаждық сымы;
- ГЮС-35 және одан жоғары дәнекер;
- зімпара дестесі;
- цапонлак;
- шилак;
- Б-70 авиациялық бензині не оның аналогы;
- Қол сүртетін материал.
Жоғарыда келтірілген құрылғылар өз орындарына қойылады және керек кезде пайдаланылады, ал сынақ стенділері реленің электрлік сипаттамаларын алдын ала не түпкілікті тексеру кезінде пайдаланылады.Катушкалардың кедергісін, оқшаулағыш кедергісін, конденсаторлардың сыйымдылығын, өлшеу, жартылай өткізгішті элементтердің (транзисторлардың, диодтардың, стаблитрондардың және т.б.) параметрлерін өлшеу үшін бөлек үстелде мегаомметр, тұрақты және ауыспалы ток көпірі, омметр, лампалы вольтметр, транзисторлар параметрлерін өлшегіш, сыйымдылық өлшегіш орнатылады.
Технологиялық құрал-жабдық ауыр қол еңбегінен барынша құтылуға, еңбек өнімділігін арттыруға және жөндеуді сапалы жүргізуге, бір құрамның бірнеше операцияны атқаруына мүмкіндік жасауға, операциялар кезінде уақытты барынша үнемдеуге, алдын ала қарап шығу және жөндеу жұмысының қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын жақсартуға септесуі тиіс.
Технологиялық құрал-жабдық сымдары және сыртқы түрі жағынан процесс электрмеханиктің дене қуатын және жеке қуатын барынша аз кетіретіндей етіп эргономика талаптарына және тазалық-гигиеналық шарттарға жауап беруі тиіс.
Жұмыс орнында қолданылатын көмекші құралдар өз орнынан тез алынып, қайта қойылатындай болуы тиіс (сонда артық күш жұмсау, орындалуы қиын қимыл жасалмайды). Жұмыс орнында пайдаланылатын көмекші құралдар еңбек жағдайын нашарлататын және құрал-жабдықтың өнімділігі мен техникалық жағдайына теріс әсер ететін артық шу, діріл туғызбауы тиіс.
Жұмыс орнында қолданылатын сайман пайдаланылған кезде ыңғайлы болуы керек. Барлық технологиялық құрал-жабдық жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі және мүмкіндігіне қарай жеке қорғаныс құралдарын талап етпеуі тиіс.
Еңбек ұйымдастыру құрал-жабдығы пайдалануға ыңғайлы және саймандарды, көмекші құралдарды, қосалқы бөлшектерді, материалдарды ыңғайлы орналастырып, сақтау ісін қамтамасыз етуі тиіс. Осы мақсатта оларды кісінің дене тұрқы мәліметтерін ескере отырып, сондай-ақ сақталатын заттардың ерекшеліктерін ескере отырып әзірлейді.
Еңбек ұйымдастыру құрал-жабдығына қойылатын негізгі талаптар:
- пайдалану кезіндегі ыңғайлылығы;
- өндіріс алаңында көп орын алмауы;
- сындарлык шағындығы;
- әзірленген кездегі технологиялылығы;
- көркемдік-эстетикалык тұрғыдан көзге ұнамдылығы;
- техника қауіпсіздігі мен өндірістік тазалық талаптарына сәйкескелуі.
Техникалық құжаттарды, көмекші құралдарды, саймандарды, қосалқы бөлшектерді және т.б. сақтауға арналған шкафтар мен тумбалар онда сақталатын заттар көрініп тұратындай, ұтымды орналасатындай, жеңіл алынып, қойылатындай етіп орналастырылуы керек. Жәшіктерде әр сайманның, көмекші құралдардың және т.б. өз орны болуы тиіс.
Құрылғы тасуға арналған ыдысқа арнайы көңілбөлу қажет. Ондай ыдысты әзірлеген кезде ыдыстың, тұрқы (негізі) әрқилы мөлшердегі релеге мүмкіндігінше жарамды болуы қарастырылуы тиіс (яғни ішкі аралық қабырғалары ғана өткізіледі). Ыдысты мына талаптарды ескере отырып үнемділігі жағынан пайдалы материалдардан жасау қажет:
- әдетте реле салынатын жәшік ыдысының қорамы 15-20 кг-дан аспауы тиіс;
-мөлшері жұмыс орындарын ұйымдастыру құрал-жабдығы мен реленің көлеміне мөлшерлес болуы тиіс;
- ыдыс берік, жеңіл және релені тез қойып, алуға жарамды болуы қажет;
- ыдыстың сындары реле сапасының бұзылмауын қамтамасыз етуі керек;
- ыдыс техникалық эстетика талаптарына жауап беруі қажет.
Ұйымдастыру құрал-жабдығының маңызды бір элементі белгі беру құрылғылары мен байланыс құралдары болып саналады. Дистанция басшылығымен, аға электрмеханикпен және ЖТУ учаскесі бастығымен, сондай-ақ желілік цехтармен және околодкалармен байланыс телефон арқылы жүргізіледі. Телефон аппараты жұмыс бөлмесінде орнатылады.
Жұмыс орнында техникалық шарттар көшірмелері, құрылғыларды жөндеу және тексеру ісінің бекітілген типтік процестері, нұсқаулар, техникалық және анықтамалық әдебиет, аппаратураны жөндеуге және тексеруге кететін уақыт нормаларының жинақтары болуы тиіс. Аталған құжаттардың болуы жұмыс орнын ұтымды ұйымдастырудың қажет бір шарты болып саналады.
Құжаттар мазмұн жағынан қысқа және толымды, көрнекі, жеңіл оқылатын және түсінікті болуы тиіс. Жұмыс орнында құжат, сақтаған және орналастырған кезде сызбаларды бекітуге арналған планшеттер мен құрылғылар, тумбалар мен үстелде арнаулы суырма жәшіктер пайдаланылады.
ЖТУ типтік үйде орналасуы керек, онда онымен бір мезгілде басқа да учаскелер, тұрақ-жайлар жайғаса алады.
ЖТУ жұмысының технологиясы мен белгі беру және байланыс дистанциясының техникалық жағынан жарықтануы негізінде жұмыс орындарының қажет алаңдары мен саны есептеп шығарылады. ЖТУ-дағы жұмыс орындары қосымша аумақ қажет ететін өлшеу приборларымен, стенділерімен және әр түрлі аппаратурамен жарақтандырылатындықтан ЖТУ конструкторлық бюроға теңестіріледі және «Темір жол көлігі кәсіпорындарындағы көмекші үйлер мен тұрақ-жайларды жобалауға берілген нұсқауларға (салалық жобалау нормалары)» (6.2-тармағы) және «Құрылыс нормалары мен ережелеріне» (СНиП, 3.6.-тармақ, П-83-78) сәйкес бір орынға қаралған алаң нормасы 6м2-ге тең. Жұмыс орнын жоспарлау мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
-технологиялык және ұйымдастыру кұрал-жабдығының бөлінген өндіріс алаңында неғұрлым ұлғымды орналастырылуын;
- еңбек операцияларын атқаруға қажет қолайлылықты;
- еңбек қауіпсіздігін;
- ұтымды жұмыс тұрқын;
- қимыл-қозғалысты үнемдеуге көмектесуді.
Жұмыс орнынжоспарлаудың екі түрі – сыртқы және ішкі. Сыртқы жоспарлау дегеніміз:
- жұмыс орнының өзге жұмыс орындарына қатысты түрде орналасуы;
- әлгі жұмыс орнында технологиялық және ұйымдастыру құрал-жабдығының жайғастырылуы;
- көтергіш-көлік құралдарының орналасуы;
- көмекші косымша құралдардың жайғастырылуы;
-қалыпты еңбек жағдайын және еңбек қорғау жағдайын жасауға арналған құралдардың орналасуы.

Кесте 4.1- СОБ құрылғыларының жұмыс орнындағы орналасу орындары





№ с/р

Бригадалар тұрақ-жайының атауы

Жұмыс
орындарының саны

Жұмыс орнындағы
алаң нормасы, м2

Ең аз алаң,м2

1.



Құрылғы жөндеу бригадасы:










Құрылғылар мен сырткы пневмотазарту құралдарын тиеу-түсіру тұрақ-жайы

2

6

12

Қоймада сақтау:
- айырбас қорын
- дайын өнімді

1
1



-
-


-
-


Механикалық және электрлік үйлестіру залы

8

6

48

Бөлмелер:

  • құрылғылардыбастапқы өңдеу .

  • КПТШ мен МТ-ны жөндеу.

  • құрылғыларды жабу жәнепломбалау.

  • құрылғыларды сынақтан өткізу.

5
2


3
1
1

6
6


6
6
6

30
12


18
9
9

2.

Өзге тұрақ-жай:










Техникалық үйрету кабинеті

-

-

-

Демалатын және ас ішетін бөлмелер

-

-

-

Гардероб

-

-

15

Ішкі жоспарлау дегеніміз шкафтардың, тумбалардың ішіне және стеллаждарға саймандарды, өлшеу приборларын, әр түрлі көмекші құралдарды, жұмыс орнын күтіп ұстауға арналған заттарды және т.б. орналастыру.


Жұмыс орындары адамдардың еркін және қауіпсіз жүріп-тұруына кедергі келтірмейтіндей етіп жайғастыру керек. Жұмыс орындары от шығу және жарылу қаупі бар орындарға тақау орналаспауы тиіс.
Үйге тапсырма
1. Берілген материалдармен танысу
2. Сұрақтарға жауап беру
Бақылау сұрақтары:
1. Жұмыс орны қандай негізгі белгілер бойынша жіктеледі?
2. Технологиялық құрал-жабдықтарға не жатады?
3. Құжаттар мазмұн жағынан қандай болуы тиіс?
3. Жұмыс күнделігін толтыру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет