Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сыныбы 8 Қазақ әдебиеті
|
Күні
|
Сабақ тақырыбы:
|
Ш.Құдайбердіұлы «Қалқаман - Мамыр»
|
Сілтеме:
|
Күнтізбелік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы
|
Мақсаты
|
1.Шәкәрім шығармашылығымен таныстыру, хикаяттың мазмұнын ұғындыру арқылы Қалқаман, Көкенай әрекетіне екі түрлі көзқарасты баға беру.
2.Тәрбиелік: оқушыларды поэмадағы кейіпкерлердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілік, мейрімділік, қамқорлық, жасауға баулу.
3.Дамытушылық: оқушының ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сұрақтар арқылы белсенділігін арттыру , өздігінен білім алуға баулу.
|
Күтілетін нәтиже
|
- Поэма бойынша өз көзқарасын қалыптастырады;
- Поэманы оқи отырып өзінше ой қорытады,өмірмен байланыстырады;
- Жаңа ұғымды өзі іздеп табады;
- Ақын шығармаларында көтерілген адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлға дайындалады;
|
Оқыту нәтижелері
|
Сыни тұрғыдан ойлануға.өз ойын сенімді түрде айтуға,өзін бағалауға,топтық жұмыс барысында әділ бағалауға және өзін-өзі реттеуге дағдылануға мүмкіндік алады.
Мәнерлеп оқу шеберлігі тереңдетіледі.
Шығармашылық қабілеті артады.
Тіл байлықтары дамиды, сөздік қорлары толығады..
Әдебиет теориясы туралы білімдері дамиды.
|
Негізгі мақсаттар
|
•Сыныптағы оқушыладың өзара әрекеттесу дағдыларын топтық жұмыс жүргізу стратегиялары арқылы жүзеге асыру
•Топта бірлесіп отыру арқылы оқушылардың білімділігін дамыту
•Оқушыларға арналған кеңейтілген тапсырмалардың ортадағы тиімділігін жүзеге асыру
|
Сабақтың әдіс-тәсілдері
|
Ұжымдық, топтық оқыту. 7 модуль технологиясын пайдаланып, сабақ барысында модуль элементтерін қолдану.
|
Мұғалімнің орындайтын іс-әрекеттері
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
|
І.Ұйымдастыру.
2. Психологиялық дайындық. «Ақ тілектер»
|
|
|
Білу
|
І. Ой қозғау:
Мен үйге ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысып,оқып келіңдер деп алдын-ала тапсырма бергенмін.Олай болса,ақын өмірімен таныстық па?
I.Не білеміз? «Мен Шәкәрім туралы не білемін?»
1. Шәкәрім кім? Ол туралы не білесіңдер?
2.Қандай шығармалары бар?
3.Шәкәрімнің жан-жақты болып қалыптасуына кім және қандай жағдайлар әсер етті?
4.Қандай аудармалары бар?
5.Қандай әндері бар?
6.Қандай поэмалары бар?
|
Түсіну
|
Не біліп келдік?
Балалар, үйде мазмұнымен танысып келіңдер. Енді жырдағы басты оқиғаларға назар аударып, мазмұндап көрейік.
1.«Қалқаман – Мамыр» поэмасы суреттелген кезеңде қазақ халқының жағдайы қандай еді? Ақынның бұл кезеңді жырға қосуда қандай мән бар?
2.Поэманың алғашқы шумақтарында Әнет баба, Мәмбетей, Қалқаман, Мамыр есімдері аталып таныстырылады. Бұларды ақын кім деп таныстырады, олардың Қалқаман мен Мамырға қандай туысқандық қатысы бар?
3. Мамыр бейнесі қалай суреттеледі?
4.Жыр желісі бойынша осы екі жасты жақындастыратын бір тосын оқиға болады. Ол қандай оқиға?
5. Бастаңғы деген не?
6..Мәмбетей жағы Әнет бабаның шешіміне неге қарсы болды?
7.Әнет баба Қалқаманды неге оққа байлады? Қалқаман неге наразы болды?
|
Қолдану
|
Оқулықпен жұмыс. Сөзмаржан.
еркешора – ұлбалаша киініп өскен қыз.
шариғат – мұсылма дінінің заңы.
бастаңғы – ауылдың үлкендері жол жүріп кеткенде, үйде қалған әйелдер, қыздар бас қосып , ойын-сауық жасайтын салт.
|
Талдау
|
Топпен жұмыс.
І топ. Шығарманың композицияның құрылысына талдау. Әдеби теориялық ұғымдарды дәлелдеу.
ІІ топ. Поэманы құрылысына қарай талдайды;
ІІІ топ. Поэмадағы салт дәстүрлерді тап және бүгінгі өмірмен байланыстыр.
ІҮ топ.Поэмадан үзінді көрсету.
Ү топ. Шағын тест құрастыру.
|
Жинақтау
|
Пікірталас. Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс па?
Иә,балалар әрқайсың өз пікірлеріңді дәлелдеп айтып шықтыңдар. Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс, теріс деп кесіп айту қиын . Ол заман әйел затын қор еткен, бұғауда ұстап, малға сатқан заман, сондықтан еркіндікке ұмтылған Қалқаман Мамыр жүрек қалауын мақсат ете білген , адал махаббатқа жүгіндіре білген. Шәкәрімнің да мақсаты сол. Ол да өз заманының қатаң қағидасына наразы, қарсы.
Ал, Көкенай бейнесіне келетін болсақ , өз заманының заңын бұлжытпай орындайтын, одан басқа білімі жоқ доңайбат ел ағасы. Шаш ал десе бас алатын қатал, қатыгез . Ежелден келе жатқан ата-баба дәстүрін бұзды деп жазықсыз Мамырды құрбандыққа шалды. Егер Көкенайдың ең құрмаса діни сауаты болса, адам қанын мойнына жүктемес еді, адам қанының салмағын білер еді.
Ал Қалқаманның еліне өкпелеп кетуі дұрыс деп жатырмыз, ал шынайы махаббат тұрғысынан қарасақ, ел ішінде қалып Мамырдың басына ұмытылмастай ескерткіш нұр үстіне нұр болар еді-ау.
Не десек те екі топтың да нақты жауаптарына мен ырзамын. Басты мақсат - Қалқаман - Мамыр оқиғасынан ғибрат алу .
Не білдік? Сабақтан алар тәліміміз:
« Ата салттан аттауға да болмас,
Жүрек қалауын тастауға болмас».
|
Сергіту
|
1. Ән айту.
Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»
|
Рефлексия
|
«Екі жұлдыз, бір тілек»
|
Бағалау
|
Топ басшылары бағалайды. Бағалау парақшалары
|
Үйге тапсырма
|
1.Эссе.Шынайы махаббаттың қос шынары.
2.«Егер мен Қалқаман болсам…»
|
Тексерген ------------------------------
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сыныбы 8 Қазақ әдебиеті
|
Күні 28.01.16
|
Сабақ тақырыбы:
|
М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасындағы тарихи шындық
|
Сілтеме:
|
Күнтізбелік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы
|
Мақсаты
|
1.а) Поэмадағы Абылай,Баян,Ноян бейнелерін ашады,кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдап,оларға екі түрлі көзқараста баға береді;.
ә) ой,тіл еркіндігіне үйренеді;
б) поэманы талдай отырып, тарихи шындықты ашады,сыни тұрғыдан баға береді.
2.Отанын сүйе білуге,ұлтын мақтан етуге үйренеді,
3. Өз пікірлерін ортаға салады,іздену арқылы логикалық ойлау қабілеттері,танымдық белсенділігі артады,өзгенің пікірін тыңдай білуге,өзінше ой түюге,шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйренеді..
|
Күтілетін нәтиже
|
- Поэма бойынша өз көзқарасын қалыптастырады;
- Поэманы оқи отырып өзінше ой қорытады,өмірмен байланыстырады;
- Жаңа ұғымды өзі іздеп табады;
- Ақын шығармаларында көтерілген адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлға дайындалады;
|
Оқыту нәтижелері
|
Сыни тұрғыдан ойлануға.өз ойын сенімді түрде айтуға,өзін бағалауға,топтық жұмыс барысында әділ бағалауға және өзін-өзі реттеуге дағдылануға мүмкіндік алады.
Мәнерлеп оқу шеберлігі тереңдетіледі.
Шығармашылық қабілеті артады.
Тіл байлықтары дамиды, сөздік қорлары толығады..
Әдебиет теориясы туралы білімдері дамиды.
|
Негізгі мақсаттар
|
•Сыныптағы оқушыладың өзара әрекеттесу дағдыларын топтық жұмыс жүргізу стратегиялары арқылы жүзеге асыру
•Топта бірлесіп отыру арқылы оқушылардың білімділігін дамыту
•Оқушыларға арналған кеңейтілген тапсырмалардың ортадағы тиімділігін жүзеге асыру
|
Сабақтың әдіс-тәсілдері
|
Ұжымдық, топтық оқыту. 7 модуль технологиясын пайдаланып, сабақ барысында модуль элементтерін қолдану.
|
Мұғалімнің орындайтын іс-әрекеттері
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
|
І.Ұйымдастыру.
2. Психологиялық дайындық. «Ақ тілектер»
3.Сыныпты топқа бөлу. М.Жұмабаев өлеңдері арқылы.(қиындыларға бөліп жазу).
1-топ. Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты-
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарғав сенемін!
2-топ. Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
3-топ. Жұмсақ мінез жібектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиетті тілектер -
Мен жастарға сенемін?
4-топ. Мен сенемін жастарға .
Алаш атны аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
|
|
|
Білу
|
Қызығушылықты ояту.
«Мен Мағжан туралы не білемін?»
1.М.Жұмабаев кім?
2.Қай жылы ,қай жерде дүниеге келген?
3.Қандай шығармаларын білесіңдер?
4.Тұңғыш өлеңдер жинағы қай жылы жарық көрді?
5.Алғашқы ұстазы кім ?
6.Қандай поэмалары бар?
7. «Батыр Баян» кинофильмінен үзінді.
|
Түсіну
|
Не біліп келдік? Жалпы сыныптық тапсырма.
Үй тапсырмасын сұрау:
Балалар, мен үйге М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын оқып, мәлімет алып келуді тапсырғанмын.Олай болса қандай мәліметтер жинадық?..
Мәлімет жинау..
1. “Батыр Баян” поэмасын жазуға қандай себептер ұйтқы болды?Поэма қалай және қайтіп жазылды?
2. Дастанда Баянның туған інісі ретінде алынған Ноян кім?Баянның махаббат үшін оны атып өлтірілгендігі рас па?
5.Дастанда Абылай бейнесі қалай беріледі?
6. Жер жаннаты Көкше көрінісін суреттеудегі Мағжанның қандай жетістігін байқадыңдар?
|
Қолдану
|
Оқулықпен жұмыс.
Жоспар құрамыз.
Жоспар
Көрікті Көкше- Абылай Баян бастаған ел қорғандарының қонысы.
1.« Баянсыз қанатымды қалай жаям?!»
2.« Жорықта жауының бір сұлуын алып қайтқан..»
3.« Өлтірдім бе, інімді алаштың намысы үшін..»
4.« Елі үшін төккен ерлер қанын жұтқан... жер ұмытпас»
|
Талдау
|
Топпен жұмыс.
І топ. Сюжеттік-композициялық талдау. Әдеби теориялық ұғымдарды дәлелдеу.
ІІІ топ. Батыр Баян бейнесі, топтастыру,батырға мінездеме беру.
ІІІ топ. Абылай бейнесі.(Мағжанның Абылайды сүйсіне,
асқақтата жырлауының негізі неде?).
ІҮ топ. Ноян мен қалмақ қызы.
|
Жинақтау
|
1.“Батыр Баян қандай бейне” тақырыбында шағын ойталқы жүргізу.
«Ойлаудың алты қалпағы»
2. Эссе «Ерлерді ел ұмытса да, жер ұмытпас ...»
|
Сергіту
|
Поэзия минуты.
|
Рефлексия
|
«Бүгінгі күннің сөйлем..»
|
Бағалау
|
Топ басшылары бағалайды. Бағалау парақшалары
|
Үйге тапсырма
|
1.“Суреттер сыр шертеді” атты айдармен “Батыр Баян” поэмасы бойынша әңгіме жазу.
2.Поэмадан үзінді жаттау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |