Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»


Сабақ №4-5 Тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы



бет16/64
Дата06.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#53898
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64

Сабақ №4-5

Тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы.


Сабақтың мақсаты: Мағжан поэмаларының мазмұндық тақырыбына қысқаша шолу жасау. «Батыр Баян»поэмасының тарихи-эпикалық сипатын таныту, сюжеттік-композицялық құрылысына талдап,тақырыбы мен идеясын ашу.
Оқушылардың әдеби- теориялық білімдерін ,сөйлеу тілдерін, зейін, көру, есту қабілеттерін дамыту. Өз ойларын көркем әдеби тілде жеткізе білуге дағдыландыру.
Оқушыларды Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ұлы адамдардың өмірі мен шығармашылығын ұмытпауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: көркем шығарманы талдау сабағы
Әдіс- тәсілдері: анализ- синтез, сұрақ-жауап, ой шақыру (кластер),
Көрнекілігі: М.Жұмабаевтың суреті, поэма бойынша дайындаған слайд.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыз алдында өткен сабағымыздың жалғасы.
Бүгінгі сабақты лирикалық нотамен бастағым келеді.
Мағжан өлеңінен үзінді:
Жетсе егер қорқынышты қара түнім,
Басса дерт, әлім құрып шықпай үнім.
Көңіл ашар, кеудеме жан кіргізер,
Өлең менің- Шолпаным, Айым, КүнімІ
-Иә, ыр мен сезім тоғысқан бұлтамаша өлең жолдарының авторы- .Жұабаев. ағжан- қазақпоэзиясының жарық жұлдыздарының бірі. Өткен сабақта біз оның өмір жолы, шығармашылығымен, лирикалық өлеңдерімен таныссақ, бүгін поэмаларымен танысамыз.
Ә)Жаңа сабақ түсіндіріледі.( сабақ тақырыбын экраннан көрсету).
2. Мағжан поэмаларына шолу жасау.
Елі сүйген, елінсүйген Мағжан ақын тамаша лирикалық өлеңдерімен қатар, кең тынысты эпикалық поэмалар да жазды.
Олар:



Поэмалары

Мазмұны

1

«Қорқыт»

Мәңгілік өмір іздеген Қорқыт ата өмірін уреттейді, өмір мен өлім туралы философиялықой түйіндейді.

2

«Тоқсанның тобы»

1927 жылы жазылған. Ақын Кеңес үкіметі құрған жаңа өмірді жырлайды .Ақын поэмаларының ішіндегі ең күрделісі де , көркемдігі жағынан да шоқтығы биіктігі

3

«Батыр Баян»

1923 жылы жарық көрген.

«Батыр Баян» помасының сюжеттік желісіне, кейіпкерлері мен жанрлық ерекшелігіне тоқталу.
Поэмада Х ҮІІ-ХҮІІІ қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заман, сол кезде болған оқиға суреттеледі.
Поэманың негізгі кейіпкерлері:( экраннан) Абылай хан, Батыр Баян, Ноян, қалмақ ықзы , Қанай би, Батыр Баянның досы- Жанатай.
Сұрақ. Кейіпкерлердің қайысы тарихи тұлғаға жатады?
Абылай хан. 1711- 1780 ж. Қазақ халқының ұлы ханы. Ел азаттығы үшін күрекен тарихи тұлға.
Батыр Баян- 1700-1715ж. Аралығында дүниеге келіп, 1757 ж. дүние салған.
Қалмақ, жоңғарларға қарсы , ел азаттығы жолында күрескен батыр, бір рулы елді билеген би-шешен, тарихи тұлға.
Өірде Баянның Ноян деген інісі болмаған. Ноян, қалмақ қызы , Жанатай –әдеби кейіпкер.
Сұрақ: Абылайхан неге Батыр Баян келгеннен кейін қалмақтарға қарсы жорығын 1 күнге шегерді? (Қалақ ханының 777 кісісін жіберіп, ақ киіз үйді сыйға тартуы, Абылайханның сыйлықты қарбыл алуы, )
Ә) Абылайдың бұл шешіміне кім қарсы болды?( Батыр Баян)
Б) Поэмада Баян образы қалай сомдалған?
Портреті бар ма? (Баянның портреті оның ішкі жан дүниесіндегі өзгерістер мен қайшылықтарды , ақыл мен сезім арасындағы тартыстарды көрсету арқылы сомдаған.)
В) Ноян мен қалмақ қызының образдарын салыстырып, Венн диаграмасын жасау (экраннан көрсету)
Ноян ерекшелігі: Ортақ. Қалмақ қызы(ерекшелігі)
1.қайсар,күшті; Жасы14-15жас. 1.сұлу-сұм сұлу;
2.ақылы білегінде; Батыл,ғашық, 2.ақылды;
3.албырт: сезітал. 3. тұтқын қыз
4. өз көркі өзінде
Образдар бойынша қорытынды жасау.
Оқушыға сауал. Батыр Баян, Ноян, қалақ қызының образдары арқылы бізнені көреміз?( Жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын албырттығын , сана мен сезімнің таласын әрі көзсіз ерлікті көреміз)
Поэманың сюжеттік – композициялық құрылысына талдау жасау.
Тарихи деректер бойынша Баянның Ноян деген інісі болмаған. Ақынның Ноян деп алғаны Баянның шөберелес ағасы Сары батырдың баласы – Қыстаубай .Ел ішіндегі әңгіме бойынша Қыстаубай қалмақтың Лағыл деген қызына ғашық болып, алып қашқан. Сары батыр қарсы болып, Баянға қашып кеткен екі жасты қуып жетіп өлтір де, киімі мен қару-жарағын әкеліп, көзімше көм дейді. Баян жастарды қуып жетіп, өлімге қия алмайды. Киімін, қаруын алып, оны қозының қанына малып, Сары батырға әкеліп береді. Кейін жорықтарда ұлын көргенде, Сары батыр Баянға ренжіген дейді. Ал поэмада бұл аңыз басқаша көрініс тапқан.
Поэманың көркемдік ерекшелігі.
Экранға өлең шумақтары шығады:
А) Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап,
Сан қолға ашбөрідей кірмеп пе еді?----------------------------------------------------------
Боз үйде жалғыз қалып Баян енді,
Жаралы жолбарыстай күңіренді.--------------- , -------------------------------------
Бурабай арқа аралы, жер еркесі-----------------------------------------
Қоағай қара топырақ бүлкілқағып,-----------------------------------------
Асығып екі жанның қанын ішті.
Қорытынды. Өлеңжолдарынан сөзбен сурет салған ақын шеберлігіне , ерекше дарынына көз жеткіздік.
Сұрақ: Ақын поэмада қандай адами қасиеттерді сөз етеді?
Ой шақыру: Поэмадағы негізгі тартыстар қандай?

  1. Ақыл. 2. Сана . 3. Сезім. 4 .Ар. 5.Жүрек.

Сабақты қорытындылау. Поэма қандай поэма?
1.Күрделі поэма.
2.Терең психологиялық- реалистік поэма.
3.Тарихи- эпикалық поэма.

  • Сонымен, балалар, біздер бүгінгі сабақта. Жұмабаевтың»Батыр Баян» поэмасымен танысты. Ол адам жанының қалтарысын көрсете білген күрделі тарихи-эпикалық , психологиялық поэма екенін білдік. Мағжан ақын:

«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Мен жастарға сенемін»,- дегеніндей, Абай айтқан ақыл, жүрек, қайратты қатар ұстап жүретін, білікті де , білім ді, ұлтжанды азамат болып өседі деген сенімдемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет