Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»



бет7/17
Дата23.10.2016
өлшемі2,07 Mb.
#23
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Соңынан оқушыларға жазғандарын оқытамын.



  • «Тұжырым кестесі» арқылы шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне сүйене отырып, толық мінездеме бердік. Ал осы шығармадағы басты кейіпкер Бақтұғұлдың өмірдегі прототипі Тұрар Рысқұлов екенін өткен сабақта айтқан болатынбыз. Тұрар Рысқұловтың кім екенін сендер жақсы білесіңдер. Сонда да болса, мына суретке назар аударайық.

( Слайд арқылы Т. Рысқұловтың суретін көрсетемін, үнтаспадан төмендегі сөздер оқылып, тыңдатылады.)

Тұрар Рысқұлұлы – мемлекет және қоғам қайраткері. Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы және басшысы. Ол қоғамдық-саяси қызметпен қатар теориялық мәселелермен де шұғылданған. Тұрар Орта Азия мен Қазақстанның Кеңес дәуіріндегі тарихшыларының бірі әрі қалам қарымы мықты журналист ретінде де танылды.

Әкесі Рысқұл Жылқайдарұлы шаруасы шағын, ауылдың еті тірі, есті жігіті болға. 1904 жылы патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы шыққаны үшін он жылға сотталып, итжеккенге жер аударылады.

Өздерің байқағандай, шығарманың басты кейіпкерінің прототипі Рысқұл Жылқайдарұлы еті тірі, пысық, қай істі қолына алса да тындырып істейтін тындырымды кісі болса, ұлы Тұрар да өз елім, ұлтым деп өткен ұлтжандылығының арқасында елінің, халқының жүрегінен мәңгілік орнын тауып отыр.



  • Осы шығармада Тұрар бейнесі кімнің атынан көрінеді?

  • Сейіттің өжет мінезі шығармада қай тұста байқалады?

  • Бұған дейін Тұрардың балалық шағын бейнелеген қандай шығармамен танысып едік?

  • Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» шығармасында Тұрардың өжет қылықтарын қандай істерінен байқап едік, естеріңе түсіріңдер.

( Оқушылардың ойын тыңдаймын)

«Тұтқын балада» Ш.Мұртаза Тұрар бейнесін сомдаса, «Қараш-Қараш оқиғасында» М.Әуезов Рысқұл бейнесін сомдап отыр. Рысқұлдың оқыс қимыл-әрекеті М.Әуезовке әсер етеді де, 1927 жылы хикаятты жазып шығарады, 1957 жылы қайта өңдеп шығарылады. Кейін 1969 жылы «Қазақфильм» мен «Қырғызфильм» бірігіп, «Выстрел на перевале» («Қараш асуында атылған оқ») фильмін түсіреді. Енді сол фильмнен үзіндіге назар аударайық.




Суретші Сүйменқұл Чокморов аяқ асты актер болды.
( Бейнетаспадан фильмнен үзінді көрсетемін)

  • Өздерің фильмнен үзіндіден байқағандай, оқиға Бақтығұлдың кек алып, Жарасбайды өлтіруімен аяқталып отыр. Осында Бақтығұл Сәлмен мен Сәттен пана таба алмай жүріп, неге Жарасбайдан пана сұрады?

  • Билер сотында Бақтығұлдың Жарасбай туралы ештеңе айтпауын қалай түсінесіңдер? Бақтығұлға баға бер.

  • Неліктен Бақтығұл Сәлменді емес, Жарасбай болысты өлтірді?

( Оқушы ойларын тыңдаймын)

Шығарманы оқи отырып, М.Әуезовтің адам психологиясын, сезімін, қоршаған ортаның сұлулығын суреттеудің шебері екеніне тағы да көзіміз жетіп отыр. Бұған дейін де «Көксерек» әңгімесімен, «Абай жолы» романынан үзінділерімен танысқанда бұған көзіміз жеткен болатын. Ендеше осы шығарманың тіліне де талдау жасап өтейік . Ол үшін терме диктантын жүргіземін. Мен сөз тіркестерін оқимын, сендер ішінен бір бағанға тек эпитеттерді, екінші бағанға теңеулерді теріп жазасыңдар. Соңынан тексеремін.

Терме диктанты

Эпитеттер

Теңеулер






Қатты қобалжыды, балаша құшақтады, қаңбақтай сезінген, кескен теректей, әлсіз жүзін, кезек көз тастады, Бақтұғұлдың есінде, сотқар бай, қара түн, қаскөй дауыл, інісін іздегенін, сорлы күй, арыстандай арысым, аш қасқырдай бұралып, қой торыған бөрідей, бойы сергіп алған, қараңғы түн, жақсы қабақ, оң шырай, таспен бекіту, бетке соққан қамшыдай, суық жүз, буалдыр күңгірт күз.

Соңынан компьютер арқылы дұрыс жауабын тыңдатып, оқушылардың өздеріне тексертемін.

Енді, балалар, кішкен ойға беріліп, «Егер автор орнында мен болсам, шығарманы қалай аяқтар едім?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.

«Автор орындығы» оқушы ойларын ауызша сұраймын.\



ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Бағалау

Ү. Үйге тапсырма: шығарма кейіпкерлері жайында қосымша деректер жинау

Қосымша мәлімет

Жазушының жиырмасыншы жылдардағы шығармаларының ішінен «Қараш-Қараш оқиғасы» да революция қарсаңындағы қазақ қоғамының шындығынан туған, ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік тәрізді өткір тартысқа құрылған. Мұнда да жиырмасыншы жылдардың әңгімелеріндегідей дала билеушілерінің заңсыз жуандығы – байлардың кедейлерге жасар өктемдігі, зорлығы, кедейлердің байлардан көрер қиянаты, қорлығы жазылған. Шығармадағы негізгі тақырып біреу ғана: Бақтығұлдың ауыр тағдыры. Сол бас қаһарманның іс-қимылдарына байланысты бар оқиға дамып, өркендеп немесе бәсеңдеп, сөніп, қалайда өз шешімін тауып жатады. «Қараш-Қараш оқиғасы» қазақ кеңес әдебиетінің алтын қазынасына қосылған классикалық шынайы шығарма. Жалпы бұл тақырып төңірегінде жазылған шығармалар да, түсірілген кинофильм де бар.

Қырғыз актері Сүйменқұл Чокморов кинода Бақтығұл образын бейнелейді. Қалихан Ысқақов пен әкім Тарази осы оқиғаны сахнаға бейімдеп «Таң қараңғысы» деген атпен пьеса жазды. Ал Шерхан Мұртаза осы тақырыпты қозғаған романында Қызыл жебе бейнесі арқылы революциялық кезеңнің оқиғаларын желі етіп, кейіпкерлер өмірін романтикалық тұрғыда бейнеледі. Осы бір тақырыпта жазылған оқиға, шындық төрт түрлі шешіммен, өзге түйінмен баяндалған. «Қараш-Қараш оқиғасының» басты кейіпкері Бақтығұл – рухы биік тұлға. Бақтығұлдың ісі мен мінезі өзіне дейінгі өзі секілділерден өзгеше. Бұл – олар секілді өз тағдырының құлы емес, қожасы болуға ұмтылған адам. Басында Бақтығұлда да онша орғып, қарғып тұрған асаулық жоқты. Інісі Тектіғұл екеуі Сәт, Сәлмен байлардың есігінде жалшылықта жүргенде бұл да «бетегеден биік, жусаннан аласа» болатын. Бірақ байлар опа бермеді, бастарынан таяқ айырғысы келмеді. Ақырында Тектіғұлды соққыға жықты, ол төсек тартып ұзақ жатып, азаппен үзілді. Інісінің өлімі Бақтығұлдың жан дүниесін қатты сілікті, кеудесі шермен бірге кекке толды. Енді дұшпанын бұл сіліккісі келді. Ар-намысын, адамдық қасиетін таптаған Жараспайды атып өлтіреді. Кісі өлтіру – адам күнәларының ішіндегі ең ауыры. «Қараш-Қараш оқиғасы» повесінде әлеуметтік әділетсіздікке қарсы шыққан қайсар жігіттің образы сомдалып, оның ақырғы әрекетке тәуекел жасардағы ішкі арпалысы тереңдігімен тәнті етеді. Табиғаттың өзі басты кейіпкер Бақтығұлдың ішкі психологиялық арпалысымен астасып, өзгеше көркемдік тұтастық құрайды. Ал, солардың ішінде Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш» повесінің қазақ әдебиетінде және әлем әдебиетінде өзіндік алатын орны ерекше.

Сабақ №11

Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі өнер иелерінің тағдыры
Сабақтың тақырыбы: «Күй аңызы» әңгімесіндегі өнер иелерінің тағдыры

Сабақтың мақсаты:

a) Білімділік: Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнын , күй өнерінің құдіретін ұғындыру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың шығарма кейіпкерлеріне жан-жақты талдау жасап, кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, өз ой-пікірін білдіруге дағдыландыру.

б) Тәрбиелік: Еркін сөйлеуге, ашық пікір айта білуге баулу, өнер иелеріне деген саналы көзқарасын арттыру.

Сабақтың түрі: білімді жинақтау

Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары

Сабақтың көрнекіліктері: флипчарт

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Оқушыларды түгелдеу

3. Зейіндерін сабаққа аудару



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы жайында оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдау. Жасалған хронологиялық кесте мен топтастыруды пайдалана отырып, жазушы жайында білгендерін ортаға салады. (тақырыпқа байланысты слайд қосымша көрсетіледі)



1923 жылы

Тахауи Ахтанов Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетірқыз ауылында дүниеге келген

1941 жылы

Абай атындағы қазақ педагогика институтында оқып жүріп, екінші дүние жүзі соғысына аттанады

1948-51

Қазақ мемлекеттік біріккен баспасында редактор, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған

1951-53 жылдары

“Қазақ фильм” киностудиясының сценарий бөлімінің бастығы


1953-54 жылдары

“Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының редакторы

1954-55жылдары

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы


1955-57 жылдары

Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы


1957-58 жылдары

Қазақстан Министрлігінің Кеңес жанындағы көркем өнер басқармасының бастығы

1966 жылы

Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді



Редактор
Аудармашы Жазушы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет