Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Интернат наны»
Мақсаты: 1.Білімділік: Шерхан Мұртазаның өмірі туралы мағлұмат беру. Мәтінді оқып, мазмұндау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Кейіпкер бойындағы батылдыққа, алғырлыққа, қайсарлыққа,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі : жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру ,сұрақ – жауап, тізбектеп оқу ,топтастыру стратегиясы, болжау, талдау, жинақтау.(СТО жобасы)
Сабақтың көрнекілігі: Шерхан Мұртазаның,Жамбыл Жабаев,Сүйінбай Аронұлының
портреті.
Сабақтың құрылымы:
І. Қызығушылықты ояту
II. Мағынаны тану
III. Ой толғаныс
Үй тапсырмасын тексеру
Жамбыл Жабаевтың «Менің өмірім » мәтіні туралы әңгімелеу.
«Мен саған , сен маған» ойыны.
1.Жамбыл Жабаев қай жерде , қай жылы дүниеге келген?
2.»Жамбыл » есімінің қойылу себебі неде?
3.Жамбыл өз туған жерін қалай сипаттайды?
4.Әкесінен қай кезден бастап айырылады?
5.Жамбыл Жабаев кімнен бата алды?
Сүйінбай Аронұлынан бата алады.
Достарыңызбен бөлісу: |