Сабақ тақырыбы Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы



бет2/4
Дата11.02.2018
өлшемі0,52 Mb.
#37568
түріСабақ
1   2   3   4



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж6. Әдеби шығармаларға негізделген өзіндік жауап беру мақсатында мультимедианы меңгеру және қолдану.

Медиаматериал арқылы шығармадағы мәліметтер, дәлелдемелер тізбегін түсінеді, туындаған мәселе төңірегінде түрлі көзқарасты талдайды, салыстырады.



Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы: мультимедианы қолдану арқылы шығармадан мәліметтер тізбегін түсініп құрады.

Оқушылардың көпшілігі: алынған мәліметтерді меңгере отырып, оларға шығармадан дәлелдемелер келтіріп түсіндіреді.

Оқушылардың кейбірі: шығармада туындаған мәселе төңірегінде түрлі көзқарасты талдайды, салыстырады.

Жетістік критерийлері

Медиаматериал арқылы шығармадағы мәліметтер тізбегін түсініп құра алады;

Алынған дәлелдемелер арқылы туындаған мәселе төңірегінде түрлі көзқарасты талдайды, салыстырады.



Дифференциация

«А» деңгейіндегі оқушы – жинақтау мен бағалау сатысындағы сұрақтарға жауап бере алады;

«В» деңгейіндегі оқушы – талдау және қолдану деңгейіндегі сұрақтарға жауап бере алады;

«С» деңгейіндегі оқушы – білу мен түсіну деңгейіндегі сұрақтарға жауап бере алады.


Ұлттық құндылықтар

Оқушылар жақсы қарым-қатынас жасау, сындарлы тіл табыса білу, өз мәдениеті мен тіліне құрметпен қарау, әдептілікті сақтау, бір-біріне деген адалдық, ашықтық, бір-бірін бағалау, қасиетті дәстүрлерден құндылықтарды бойына жинайды.

Тілдік міндеттер

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология:

Зар заман, ақыр заман, тар заман, кері кеткен заман тіркесті сөздердің мағынасын ашады.



Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, ... , Өз көзқарасымды дәлелдесем...., Пікірімді қоссам, ...



Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы: XIX ғасыр кезеңіндегі Қазақстандағы жағдай; География: Сол ғасырдағы Қазақ елінің территориялық жағдайы; АКТ: «БілімЛанд» кз.басқа да сайттарды мен интерактивті тақтаны қолдану.

Сілтемелер



http://www.bilimland.kz/kk/home#lesson=15759

http://www.bilimland.kz/kk/home#lesson=15781

http://www.bilimland.kz/kk/content/structure/1141-audiochrestomathy#lesson=7944

Уикипедия, қазақша ашық энциклопедия.



Алдыңғы білім

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. «Біржан-Сара» айтысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет