Сабақ тақырыбы: Синоним. Омоним. Антоним



бет3/4
Дата25.04.2022
өлшемі36,17 Kb.
#140772
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
қазақ тілі 6

Омопимдердің түрлері
Қазақ тіліндегі омонимдерді өз ішінен үшке бөліп қарастырамыз: лексикалық омонимдер, лексика-грамматикалык омонимдер жоне аралас омонимдер.
Лексикалық омонимдер. Бұл топқа енген сөздер бір ғана сөз табына қатысты болып келеді. Мысалы: Қол I зат. анат. Адамның бір нәрсені ұстайтын, жұмыс істейтін дене мүшесі. Қолды ыстық сумен жуганды дүрыс дейді (Мұхтар Әуезов). Қол II зат. көне. әскер, жасақ, жауынгер. Тегіс сойьіл, найза, айбалта, шоқпар үстаган шабуыл мен согысқа әзірлеген қол (М.Әуезов). Қол III зат. көне. Жөн, ыңғай, лайық. Темір-терсек қыз баланың қолы ма еді. (Ә.Қал.)
Лексика-грамматикалық омонимдерге енетін сөздер әр сөз табына қатысты болып, түбір тұлғасында ғана омоним болады да, калған уақытта әр сөз өзіне тән тұлғаларда түрленеді. Мысалы: Қорган I зат. бір нәрсені айнала соққан қоршау, дуал, биік қабырға. Әр үйдің үзын-үзын, иір-иір қорганы бар (С.Бақбергенов). Қорған II ет. өздік етіс. Қорған. Бүл- біздің сыртқы жауларымыздан қорганатын жалгыз гана қүралымыз (Ә.Ш).
Аралас омонимдерге жататын сөздер көп сыңарлы бола отырып, жоғарыдағы екі түрін (лексикалық және лексика-грамматикалық) қоса қамтиды. Мысалы: Қу I зат. иілген ұзын мойынды су құсы, акку. Жыршы қүстар әуеде өлең айтып, қиқу салар көлдегі қаз бен қулар (Абай). Қу II сын Құрғап кеткен, қураған, құрғақ. Қу шөптен басқа нәр жоқ далада бір. (Қ.Бекхожин). Қу III сын. Айлакер. Амал тапқыш, епшіл. Айсүлу да бір қубольіп шықты, келісімен-ақ Қасымбекті баурап алдьі (З.А.)- Қу IV ет. Қашқан нәрсеге жету ушін соңына тусу, жугіру. Аттан! Үста, алып кетті! Қу/ Жет\ (Ж.Р.)
Тілімізде омонимдердің түрлерінен өзгешелеу келетін омофондар мен омографтар да кездеседі. Кейбір тілші ғалымдар оларды айтыльімдас сөздер (омофондар) және жазылымдас сөздер (омографтар) деп атап жүр.
Тілімізде біршама сөздер орфографиялык норманы сактай отырып біркелкі айтылады, бірак орфографиялық норма бойынша түрліше жазылатын сөздер аз емес. Мысалы асшы (ас даярлайтын адам) мен ащы (тұщы сөзінің антонимі) сөздері; қара ала (сын есім) мен қарала (етістік) сөздері жұп тұрғысынан бірдей айтылады, алайда жазылу барысында түрліше таңбаланады. Ендеше, омографтар (гр. һотоз — бірдей, рһопе-дыбыс, дауыс) дегеніміз айтылуы бірдей, бірақ жазылуы әр түрлі сөздер.
Омонимдерге ұксас тағы бір кұбылыстьщ түрі- омографтар (гр. һотоз- бірдей, §гарһо- жазу). Тіліміздегі біршама сөздер біркелкі жазылғанымен, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше айтылатын, өз алдына дербес мағыналы сөздер де ұшырасып отырады. Мысалы: көрме (болымсыз етістік) көрме (выстовка); алма (етістік) алма (қызыл алма) сөздер осы омографтарға жатады.
Омонимдер мен омографтардан кейде сөзойнатым (каламбур) жасалып, сықақ, әзіл ретінде қолданып отырады. Сөзойнатым (каламбур) деген сөз дыбысталуы ұксас, мағынасы әр түрлі сөздердің негізінде туған сөз әзілі (игра слов) дегенді білдіреді.
Омоиимдердің жасалуыпдагы амал-тосілдер
Омонимдерді тұлғалас сөздер деп атаушылык бар. Олар бірнеше амал- тәсілдер аркылы жасалады.
Мағыналардың арасында семантикалык байланыс үзіліп, көп мағыналылыктан ажыраған жоғарыдағы мысалдар дәлел бола алады.
Фонетикалық өзгерістерге ұшыраған біршама сөздер тілімізде бүрыннан бар сөздерге омонимдік қатар түзейді. Мысалы «етік тігетін құрал» мағынасындағы бігіз және «атқа ерттейтін жабдық» мағынасындағы егер сөздеріндегі «г» дыбысы түсіп қалды да, қатар келіп қалған екі дауыстының бірі сусуға мәжбүр болып тілімізде бұрынан бар «біз» есімдігіне және «еркек» мағынасындағы ер сөзіне омоним сөздер жасалған.
Баска тілдерден кейбір сөздер дыбысталуын өзгерту арқылы тілімізде бар бұрынғы сөздерге омонимдік катар түзейді. Мысалы: орыс тілінен енген гиря сөзі казақ тіліне кір болып өзгеріп бұрынан бар «лас» деген мағына білдіретін кір сөзіне омоним құраған. Ондай мысалдарға орыс сөзінің волость сөзін (болыс болып өзгерген), араб тілінен сир (сыр) сөздерін жатқызуға болады.
Қазак тілінде омоаффикстер аркылы да омонимдер жасалады. Мысалы -с (-ыс, -іс), қ (-к, -ық,-ік), -н (ын,-ін) аффикстер есімдер мен етістіктерден омонимдік қатар түзіледі. Айтыс (зат есім), айтыс (етістік); жабық (зат есім), жабық (сын есім), жабық (етістік); тебін (зат есім), тебін (етістік). (5) Баспа (зат есім)- кітап шығаратын орын, баспа (зат есім)- тамақ ауруы сияқты түбір сездерген (бас) жүрнақтар жалғану арқылы да омонимдік қатар түзіліп отырады.
Тіліміздегі омонимдер түбір және туынды күйінде жұмсалып отырады. Қазақ тілінде түбір омонимдер туынды омонимдерге қарағанда көбірек жұмсалынса, орыс тілі лексикасында академик В.Виноградовтың көрсетуінше, туынды омонимдердің түбір омонимдерге қарағанда көптеу екендігі анықталган.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет