Сабақ тақырыбы Сұйықтардағы гидростатикалық қысым тақырыбына есептер шығару



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі127 Kb.
#118058
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Сұйықтықтағы қысым

Бағалау критерийлері

  • Сұйықтар мен газдардағы қысым туралы біледі.

  • Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын жаза алады, есептер шығаруда қолдана алады.

  • Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның таралуын біледі, өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар



Арнайы пәндік лексика мен терминология:

қазақша

орысша

ағылшынша

қысым

давление

pressure

сұйық

жидкость

liquid

газ

газ

gas

ауа

воздух

air

Паскаль шары

шар Паскаля

Paskal globe



Диалог үшін қолданылатын тексерістер:
Қысым – дененің бір өлшем бетінің ауданына перпендикуляр бағытта түсетін күш.
Паскаль заңы – сұйыққа немесе газға түсiрiлген қысым барлық бағыт бойынша өзгерiссiз берiледi.
Гидростатикалық қысым – тек қана сұйық бағанының биiктiгiне және оның тығыздығына тәуелдi.

Құндылықтарға баулу

Өмір бойы білім алуға, бір-біріне құрмет көрсетуге және ынтымақтастықта жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Математика – есеп шығару дағдылары (амалдар қолдану), ағылшын тілі, орыс тілі.

Алдыңғы білім


Негізгі түсініктер:
1. Қысым ұғымын, өлшем бірлігін, формуласын және скалярлық шама екенін біледі.
2. Сұйықтардың, газдардың молекулалық құрылымын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспар
ланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар



Сабақтың басы
5 минут


«Топтың жауаптары» әдісі
7 минут



Сабақтың ортасы
«Миға шабуыл»
13 мин

«Маған көрсет»
10 минут



І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару. Оқушыларды анықтамалар жазылған стикерлер арқылы үш топқа біріктіру.
1-топ: Сұйық
2-топ: Газ
3-топ: Қатты
4-топ: Плазма
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
БББ кестесі

Білемін

Білгім келеді

Білдім










Физикалық шамаларды өлшем бірліктерімен сәйкестендіріңдер:

Қысым

t

Па

Жылдамдық

ϑ

кг/м3

Ден

көлемі
F

с

Тығыздық

р

Н

Масса

V

Па

Уақыт

ρ

м3

Сұйықтардағы қысым

m

м/с

Күш

р

кг

Физикалық диктант



  1. Дененің бір өлшем бетінің ауданына перпендикуляр бағытта түсетін күш.......... деп аталады.

  2. Сұйыққа немесе газға түсiрiлген қысым барлық бағыт бойынша өзгерiссiз берiледi. Бұл қағида .........деп аталады.

  3. Бір заттың молекулаларының екінші бір зат молекулаларына еніп кету құбылысы ........ деп аталады.

  4. ........ тұрақты көлемі мен нақты пішіні болмайды, ол берілген көлемді түгел қамтиды.

Жауаптарын жанында отырған оқушы тексереді. Шеңбер бойымен қағазды ауыстыру арқылы. Яғни, оқушылар бірін-бірі бағалайды.

ІІІ Есептер шығару
Төрт топқа ұсынылған есептер бойынша оқушыларға есептің шығару барысын постерге түсіруді және тақтада қорғауды ұсыну.
1-топ

  1. Цистернадағы мұнай бағанының биіктігі – 10 м, оның тығыздығы – 800 кг/м3. Мұнайдың цистерна түбіне түсіретін қысымын анықтау керек.

  2. Дөңгелек рельспен жанасу ауданын 4 см2 деп алып, массасы 32 кг жүк тиелген төрт осьті вагонның рельске түсіретін қысымын анықтаңдар

2-топ

  1. 0,6 м тереңдіктегің судың, керосиннің ішіндегі қысымды табыңдар.

  2. 200см2 ауданға түсірілген күш 100Н болса, қысым қандай болар еді?

3-топ

  1. Адам суда 9 см тереңдікке дейін сүңги алды осы тереңдіктегі адамға әрекет ететін су қысымын есептеп табыңдар. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3

  2. 10 балдық дауыл желінің тосқауылға түсіретін қысымы 1100 Па. Ауданы 24 м2 үй қабырғасына желдің түсіретін күші?

4-топ

  1. Сынаптың 7 м биіктіктегі қысымын табыңдар?

  2. Массасы 80 кг адамның аяқ киімінің табанының ауданы 60 см2 болса, ол Жер бетіне қандай қысым түсіреді?



Дескриптор:
1. Есептің шартын түсініп, берілгенін жаза алады.
2. Шамаларды ХБЖ айналдыра алады.
3. Формуланы біледі, есептеулер жүргізе алады.
Практикалық тапсырма
Мына шыны ыдыстарға қалаған көлемде су құйып, қажетті өлшеулерді орындайды. Және судың ыдыстың түбіне түсірген қысымын есептейді.
«Басбармақ» әдісі арқылы кері байланыс жасау.


«Маған көрсет» деп аталатын әдісте оқушылардың арқаларына әріптерді жапсырамыз. Олар дұрыс формула құрап шығуы керек.
P=F/S p=pgh V=S/t
P=mg р=m/V Fа=mg
Fү=kx F=uN

Қима қағаздар, тапсырмалар

Плакаттар,
маркерлер

Шыны ыдыстар, сызғыш



Сабақтың соңы
Кері байланыс
БББ кестесі
5 минут

ІV Кері байланыс
Оқушыларға БББ кестесін таратамын, қолданатын ұғымдар мен тірек сөздер беріп, толтыртамын. Бірнеше минут бойына әрбір оқушы тірек сөздер арқылы берілген тақырыпқа байланысты бар білгендерін Білемін бағанына толтырып жазады (жек жұмыс). Кейін жұпта және шағын топта талқылап, тақырыпқа қатысты деректер мен құбылыстар тізімін толықтырады. Білгім келеді бағанына тақырып бойынша не білгісі келетінін жазады. Топтарға берілген есептер, тапсырмалар бойынша мәтінді оқып шығып, топта талқылап, Білдім бағанын толықтырады.
V Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу. Оқулықтан практикалық тапсырмалардан №4 тапсырманы орындау.

БББ кестесі

Білемін

Білгім келеді

Білдім













Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет