Сабақ Тақырыбы: Сөз бен мағына Қазақ тілі пәні. 5 "В" сынып Пән мұғалімі: Мухаева Толқынай Бектайқызы



Дата05.06.2017
өлшемі8,13 Kb.
#17646
  • Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы
  • №1 Е.Молдабаев атындағы жалпы орта мектебі
  • Ашық сабақ Тақырыбы: Сөз бен мағына Қазақ тілі пәні. 5 “В” сынып Пән мұғалімі: Мухаева Толқынай Бектайқызы
  • Үй жұмысы “Рефлексия” - “өткенге жүгіну”
  • “Ыстық микрафон” әдісі
  • 1. Мәтін дегеніміз не?
  • Байланыстыру,бірігу дегенді білдіретін сөз
  • 2. Мәтін неден құралады?
  • Сөздерден,сөйлемдерден,абзацтардан тұрады
  • 3. Мәтін қалай пайда болады?
  • Күнделікті өмірде ауызекі сөйлегенде және газет-журналдардан,өлең-шумақтардан оқимыз
  • 26-жаттығу
  • “Атамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды ұмыту” ,-деп жазды Бауыржан Момышұлы атамыз. Осы ойды ары қарай жалғастырып,шағын шығарма жазыңдар.
  • Жаңа сабақ
  • Сөз бен мағына
  • ЛЕКСИКА
  • (гр. “Lexikos” –сөзі, “сөз,сөздік” деген мағынаны білдіреді
  • Сөз Заттар мен құбылыстардың атауы
  • Мағына Сөздің ішкі мазмұнын немесе білдіретін ұғымы
  • Қар------------түсі ақ,салқын,еріп суға айналатын зат
  • Парта-------- ағаштан жасалған оқушының мектептегі құралы
  • Бесік--------- ағаштан жасалған,сәбидің жататын төсегі
  • Үй------------ ағаштан немесе кірпіштен салынған ғимарат
  • Кітап--------- баспадан түптеліп шығарылған мәдени рухани қазына
  • Су----- ағынды өзен. Өзен,көл және т/б түзетін мөлдір сұйық зат
  • Тау------ жер бетінен жоғары да,көтеріңкі өркештеніп тізбектеліп,созылып жатқан заңғар,құзды биіктік
  • Сонымен қатар тілімізде мағынасын жоғалтқан сөздерде бар
  • Мысалы: үшін,дейін, кейін, таман, және,арқылы, туралы,секілді, сайын және т/б
  • Мағынасы бар Мағынасы жоқ
  • Отан үшін
  • Үйге дейін
  • Күн сайын
  • Көпір арқылы
  • Жаттығу жұмыстары
  • 1-топ. 28-жаттығу мағынасы бар 5 сөз,мағынасы жоқ 5 сөз
  • 2-топ. 30-жаттығу мағынасы бар сөздерді теріп жазыңдар
  • 3-топ. 31-жаттығу төмендегі сөздердің құрамындағы дыбыстарды
  • пайдаланып, мағыналы сөздер құраңдар
  • 4-топ. 32-жаттығу мәтіннен бес сөз таңдап алып, олардың лексикалық мағыналарын анықтаңдар
  • Шығармашылық жұмыс.
  • Тілім,_Отан_сөздерін_пайдалана_отырып_сурет_саламыз.'>Төмендегі өлең жолдарынан Халқым, Тілім, Отан сөздерін пайдалана отырып сурет саламыз.
  • “Үш бақытым” өлеңі
  • Ең бірінші бақытым- Халқым менің Соған берем ойымның алтын кемін Ол бар болса,мен бармын қор болмайтын Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
  • Ал екінші бақытым - Тілім менің”
  • Тас жүректі тіліммен тілімдедім
  • Кей-кейде өмірден түңілсем де
  • Қасиетті тілімнен түңілмедім. Бақытым бар үшінші –Отан деген Құдай деген кім десе, Отан дер ем! Оты сөнген жалғанда жан барсын ба? Ойланбай-ақ, кел дағы от ал менен.
  • Сабақ үстінде
  • Шығармашылық жұмыс
  • Сабақты бекіту
  • Лексика ғылымы нені зерттейді?
  • Сөз деген не?
  • Мағына деген не?
  • “Сергіту” сәті
  • Сәйгүлік
  • Сәйгүлік шауып келеді Шауып келеді, тастан өтті Құмнан өтті Судан өттті Кедергіден өтті Мәреге жетті
  • Сабақты қорыту
  • Бағалау (жұлдызша арқылы)
  • Үйге тапсырма: 33-жаттығу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет