Сабақ тақырыбы Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары



бет3/4
Дата28.11.2023
өлшемі218,77 Kb.
#193811
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
4 blim-11 2v-kbeju-11-synyp-spermatogenez-ben-oogenezdi-ajyrmashylytary-ysa-merzimdi-saba-zhospary

Тақырыпқа шығу:
Сабақтың мақсатын мұғалім мен оқушылар бірігіп анықтайды:
Ұғыну
Жұппен жұмыс
Activity 1 «Мәтінмен жұмыс»
Оқушыларға бейнефильм көрсетіледі. Мұғалімнің қолдау сұрағы арқылы сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты, бағалау критерийі анықталып, тақтада көрсетіледі. Оқушылар дәптеріне жазып алады.

Оқушыларға оогенеза және сперматогенезді салыстыру үшін, Венн/салыстырмалы кесте құрастыруды тапсырыңыз (қосымша 1.) Уақытын тиімді пайдаланған оқушылар қосымша тапсырма орындай алады (қосымша 2).


Жұмыстарды өзара тексеріп, бағалауды ұйымдастырыңыз.

Венн диаграммасын толтыру кезінде келесі терминдерді қолдануы тиіс: герментативті эпителий, диплоидты және гаплоиды хромосома, мейоз I және II, сперматогонии, біріншілік,екіншілік сперматоцит, сперматиттер, сперматозоид, оогонии, біріншілік,екіншілік ооциц, полярлы дене, оотид және жұмыртқа жасушалары, фазалар, көбею, өсу, пісіп жетілу және қалыптасу.


Оқушылар бұдан өзгеде құбылыстар бойынша салыстыра алады. Бұл оқушылардың талдау және жинақтау адғдыларын дамытады.


Жауабы:



Оқушылар тақтада дұрыс жауапты өз жұмыстарымен салсытырып өзін өзі бағалау жүргізеді. Мұғалім қосымша сұрақтар қойып терминдерді пайдаланып жауап беруін қадағалайды.
Бағалау критерийлері:

  • гаметогенездің кезеңдерін дұрыс көрсетеді;

  • оогенез және сперматогенез процесін негізгі терминологияларды пайдалана отырып сипаттайды;

  • гаметогенездің негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын дұрыс көрсетеді;



Тапсырма дискрипторы:

  • кезеңдерді дұрыс жіктейді;

  • сперматогенез бен оогенезге тән құбылыстарды ажырата алады;

  • сперматогенез бен оогенезге ортақ құбылыстарды көрсете алады;

  • берілген терминдерден басқа салыстыру жасайды.

Оқушыларға тақырыпты бекіту үшін «Ыстық үстел» ойынын ойнатылады.
Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтада оқушылар оқу мақсатына байланысты терминдерді өздері жазады, Әр топтан кезекпен бір оқушыдан шығып столға отырады, ал қалған топ мүшелері ол терминді табуға көмектеседі. Берілген тақырып бойынша терминдерді көп анықтаған топ жеңімпаз болып саналады. Мұғалім аталған тақырыпқа қатысты терминдердің бір үлгісін презентацияға алдын ала салу қажет.
Тапсырма дискрипторы:

  • гаметоциттердің бөлінуі;

  • пісіп жетілу мен гаметалардың қалыптасуы;

  • пісіп жетілген мен қалыптасқан гаметалардың саны;

  • мейоздың ұзақтығы;

  • гаметогенездің тоқтауы;

  • гаметаның түзілу кезеңі;

  • гаметаның мөлшері және пішіні.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет