Әдістерді сипаттау үшін қолданылатын белгілер. Әдістерді сипаттау үшін, атап айтқанда, келесі белгілер қолданылады:
- әрекеттің немесе әрекеттер жиынтығының болуы;
- уақыт бойынша әрекеттерді орындау тәртібі (дәйекті, бір уақытта, әртүрлі комбинацияларда және т. б.);
- әрекеттерді жүзеге асыру шарттары;
- режим;
- заттарды (бастапқы шикізатты, реагенттерді, катализаторларды және т.б.), құрылғыларды (айлабұйымдарды, құралдарды, жабдықтарды және т. б.), микроорганизмдер штаммдарын, өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларының желілерін пайдалану.