Сабақ Тақырыбы: Студенттердің ғылыми жұмыстарын жазу және рәсімдеу


Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбына қойылатын талаптар



бет5/64
Дата24.03.2022
өлшемі100,62 Kb.
#136617
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
7,8,9

Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбына қойылатын талаптар. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы өзекті болуы, ғылымның, техника мен мәдениеттің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына сәйкес келуі, өзінің мазмұны бойынша жоғарыда айтылған талаптарға жауап беруі тиіс.
Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыбын анықтау кезінде өндірістің, білімнің, ғылым мен мәдениеттің нақты міндеттері мен проблемаларын ескеру ұсынылады.
Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыбы мамандыққа және мамандарды даярлау бейініне сәйкес келуі тиіс.
Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыбын шығарушы кафедра әзірлейді, оны факультет кеңесі қарайды және бекітеді.
Дипломдық жұмыстар (жобалар) тақырыптарының жалпы тізбесі жыл сайын кемінде 30% - ға жаңартылуы тиіс.
Дипломдық жобаны дипломдық жұмыспен ауыстыруға факультет деканының ұсынысы бойынша Басқарма төрағасының рұқсатымен жол беріледі. Бұл ретте дипломдық жұмыс ғылыми-зерттеу сипатында болуы, сондай-ақ есептік-графикалық бөлігі болуы тиіс.
Студент бекітілген тақырыптан дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбын таңдайды.
Студентке бекітілген тақырыпта қамтылмаған тақырыпта дипломдық жұмысты (жобаны) орындау құқығы беріледі. Бұл жағдайда студент кафедраға ұсынылған тақырыпты әзірлеудің орындылығының толық негіздемесін немесе үшінші тарап ұйымының тіркелген тақырыпты орындау туралы хатын ұсынады.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы студентке бітіруші курстың басында бекітіледі және ол С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ Басқарма төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
Диплом алдындағы практика аяқталғаннан кейін диплом жұмысының (жобасының) тақырыбы қажет болған жағдайда шығарушы кафедраның ұсынымы бойынша өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет