1) Құрылғыға жататынөнертабыс. Құрылғыға жататын өнертабыс үшін оның конструкциясының сипаттамасы (статикалық жағдайда) және құрылғының іс - әрекеті (жұмысы) немесе сызба сұлбаларына сілтемелермен пайдалану тәсілі (сипаттамадағы конструкциялық элементтердің цифрлық белгілері олардың сызба сұлбасындағы цифрлық белгілеріне сәйкес келуі тиіс), ал қажет болған жағдайда - өзге де түсіндіруші материалдарға (эпюрлар, уақытша диаграммалар және т.б.) келтіріледі.
Егер құрылғыда функционалдық деңгейде сипатталған элемент болса және іске асырудың сипатталған нысаны бағдарламаланатын (теңшелетін) көп функциялы құралды пайдалануды көздесе, онда осындай құралдың осы құрылғы құрамында оған нақты ұйғарылған функцияны орындау мүмкіндігін растайтын мәліметтер ұсынылады. Егер мұндай мәліметтер қатарында алгоритм келтірілсе, атап айтқанда есептеу болса, оны блок-схема түрінде немесе, егер бұл мүмкін болса, тиісті математикалық өрнек түрінде ұсынған жөн.