ІІІ. Жаңа сабақ.
Су көлігі – энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі. Кеме суда орнықты , қауіпсіз жүзуі үшін ол берілген бір тереңдікке дейін ғана суға батуы тиіс. Кеменің суға бататын тереңдігі шөгім деп аталады. Рұқсат етілген шөгім кеменің корпусында қызыл сызық – ватерсызықпен белгіленеді. Кеменің ватерсызықтан төмен батуы өте қауіпті, бұдан кеме батып кетуі мүмкін. Егер ватерсызық- су деңгейінен жоғары болса, кеме жеткілікті дәрежеде суға батпаса, толқындар оны теңселтіп, аударып тастуы мүмкін. Сондықтан бос кеменің трюмдарына міндетті түрде жүк ( құм, қиыршық тас) тиеледі.
Су көлігінің күрделісі – сүңгуір қайықтар. Сүңгуір қайықтар суға батуы кезінде оның суға толатын арнаулы орындары болады. Бұл кезде қайыққа әсер ететін ауырлық күші артады да, ол суға батады. Қайық жоғары көтерілген кезде қуатты сорғылар ауаның көмегімен олардан суды айдап шығарады. Бұл кезде Ға < ҒА ауырлық күші ығыстырушы күштен аз болады да, қайық су бетіне көтеріледі. Кейбір су көліктері ауаға, суға төгілген бензиннің зиянды қалдықтарын шығарады, теңізге төгілген мұнай онда мекендейтін балықтарға аса қауіпті. Су көлігінің ең экологиялық таза түрі – сал, желкенді кемелер.
Ауада ұшу.
Достарыңызбен бөлісу: |