Сабақ Тақырыбы: «Суды қорғаңдар!»



Дата26.08.2017
өлшемі28,37 Kb.
#28778
түріСабақ
Абай атындағы №2 қазақ орта мектебі

Ашық сабақ


Тақырыбы: «Суды қорғаңдар!»
Өткізген: С.С.Сыздыков

Степняк -2016 жыл


Сабақтың тақырыбы: Суды қорғандар!


Сабақтың мақсаты:

Өмірдің қайнар көзі мен тіршілік көзі ретінде су туралы оқушылардың білімін қалыптастыру. Судың қасиеттері туралы түсініктерін нығайту.
Дамытушылық мақсаты: Өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрете отырып, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Дүниетанымын,ой-өрісін,салауатты өмір салтын, табиғатты қорғауға,суды үнемдеп жұмсауға үйрету, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, зертханалық әдіс

Сабақтың көрнекілігі: АКТ, стакан,су, мақта, слайдтар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгерткен,

Дүниетану сабағы.

Сыныпты топтарға бөлу, әр топ өздеріңе ат таңдайды.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

«Судың қасиеттері» Тәжірибе жасау арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

1-топ. Судың пішіні қандай?

2-топ. Судың түсі қандай?

3-топ. Су заттарды еріте ала ма?

3. Жаңа тақырып: «Суды қорғаңдар!»

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ХХ ғасырдың соңында жер тұрғындарының саны арта бастады. Халық санының орай жұмсалатын судың мөлшері де үнемі артып отырады. Әр тәулігіне тамаққа және ішуге 2-3 литр су жұмсады. Ал ауыз су бұл әлемдік проблема.

Краннан 1 стакан су алу.

-Суды ішуге бола ма?

-Дәлелдеу керек. (оқушылар жауабы).

Мұғалім: Су құбырларын тат басады, тесіледі, сол жерден ластанған, уланған судың ішке кіруіде мүмкін.Суды хлорлайды. Хлордың да адам денсаулығына зияны бар.


Жұптасып жұмыс істеу. Жас ерекшеліктеріне сай оқыту.
Суретті қарап, оны жұбыңмен талқыла.

Судың табиғатта және адам өмірінде қандай пайдасы бар?

Адамның қандай әрекеттері суға зиян келтіреді?
4. Мәтінмен жұмыс істеу: оқушыларға мәтінді оқыту.

5. Сергіту сәті. «Ақ бұлақ»


6. Жаңа сабақты бекіту.

7. Топпен жұмыс. (Кластер әдісі).

1-топ. «Су туралы» мақал-мәтел, тыйым сөздер жазу.

2-топ. «Суды қорғау» туралы эссе жазу.

3-топ. «Судың тіршіліктегі маңызы» әңгіме құрастыру.

8. Дәптермен жұмыс.

9.Сабақты қорытындылау.

10. Сәкестендіру.

1. Жер бетінде судың маңызы қандай?

2. Жер бетінде тұщы су қайдан табуға болады? Тұзды суды ше?

3. Жердің су қорына адам қандай зиян келтіреді?

4. Суды қорғау үшін өзің не істей аласың?

11.Венн диаграммасы .

12. Үйге тапсырма: 36-бет оқу.

13. Бағалау.

14. Кері байланыс .



Сабақтан алған әсерлерін стикерге түсіріп, «Менің көңіл –күйім» тақтасына жабыстыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет