ЖК: Сауатты жазу және шапшаң аяқтау.
Тақырыпты болжау.
Осы тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын ашады.
Мақсат, күтілетін нәтиже.
Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар. Ел қорғау. Батырлық, ерлік.
Тыңдалымалды жұмыс.
Мәрмәр – құрылыста пайдаланылатын сәндi жылтыр тас.
Тыңдалым.
Сағи Жиенбаевтың «Әлия» өлеңі тыңдалады.
Айтылым.
Оқулықтағы суреттер топтамасын пайдаланып, өлеңнің авторы Сағи Жиенбаев туралы әңгімеленеді.
1-тапсырма. «Мен композитормын».
Өлеңге сай әуен таңдап, өлеңдi өз бетiңше әндетiп айтып көр.
Жазылым.
«Балық» ойыны. Нақыл сөздегi көп нүктенiң орнына қажеттi сөздердi қой.
... есiмi – ел есiнде.
Елiңдi сүйсең – ... iстейсiң.
Батыл болмай, ... болмайсың.
... адам өлiмдi жеңедi.
Тәуекелге бел буған адамды ... билемейдi.
... қол бастамайды. Бағалау. Қол соғу арқылы Ойтолғау.
Кімді қорғады? (Слайдпен көрсету)
Отанымыздың байтақ жерін қорғады.
Халқымыздың өмірін қорғады.
Айдын көлін қорғады.
Өзі туған өңірін қорғады.
Ақ сүт берген анасын қорғады.
Ақ самал ескен даласын қорғады.
Пәк күлкі шашқан баласын қорғады.
Парасатты данасын қорғады.
Достарыңызбен бөлісу: |