Ширату тапсырмасы.
Тест.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
«Көршіңе әңгімелеп бер»
Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.
Жеке жұмыс.
Тыңдалым.
Байсейітова Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы 1912–1957 жылдар аралығында өмір сүрген. Байсейітова Күләш
Жасынқызы – қазақтың әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушы, қоғам қайраткері. Композитор Е. Брусиловский
қазақтың бірінші операсы «Қыз Жібекті» Күләшқа арнап жазған еді. Күләштің орындауында Жібектің гәккулеткен жоқтауын тыңдаған жұрттың көзі еріксіз жасқа толатын. Опера ең алғаш рет 1934 жылы орындалды. Небәрі 24 жасында Күләш сол
кездегі ең жоғарғы марапат – Еңбек Қызыл Ту орденін алды. Тіпті, «КСРО Халық әртісі» деген жоғары атаққа ие болды. Оқылым.
Қанабек Байсейітовтің «Күләш» атты естелігі оқылады.
1-тапсырма.
Мәтінге сүйеніп, Күләш Байсейітова туралы әңгімеле.
Дескриптор:
мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.
шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.
берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
|